Материалдар / Ашық сабақ. "Менің тілім ғасырлардан аманат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Менің тілім ғасырлардан аманат"

Материал туралы қысқаша түсінік
• Тіл кез-келген ұлттың мақтанышы,ұлттық белгісі.Ұлан байтақ жеріміз,тәуелсіз еліміз,ана тіліміз бар. Мағжан Жұмабаев айтқандай:«Тіл адам жанының тілмашы,тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер,жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді.Тіл әрбір адамға осындай қымбат нәрсе болмасқа тиісті.Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры,тарихы,тұрмысы,мінезі айнадай көрініп тұрады».«Ана тілін білмеген-ана сүтін татпаған»,-деп халқымыздың батыры Б.Момышұлы бекер айтпаса керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
952
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: "Менің тілім ғасырлардан аманат"

Сынып: 7 А

Мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.

  • Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

  • Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін өұрметтеуге тәрбиелеу.


  • Кіріспе: Қазақ тілі-ғажап тілі.

  • Тіл кез-келген ұлттың мақтанышы,ұлттық белгісі.Ұлан байтақ жеріміз,тәуелсіз еліміз,ана тіліміз бар. Мағжан Жұмабаев айтқандай:«Тіл адам жанының тілмашы,тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер,жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді.Тіл әрбір адамға осындай қымбат нәрсе болмасқа тиісті.Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры,тарихы,тұрмысы,мінезі айнадай көрініп тұрады».«Ана тілін білмеген-ана сүтін татпаған»,-деп халқымыздың батыры Б.Момышұлы бекер айтпаса керек.

  • Ия,тіл-халықтың басты қасиетті байлығы.

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998жылғы жарлығына сәйкес « 22қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні»ретінде аталып келеді.

  • «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»,-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай,өз тілімен бірге өзге тілдерді де дәріптей білу керек.

  • Тіл мәселесі-қазір ең өзекті мәселе.Тілдің бүгінгі халқы мен ертеңгі болашағына алаңдаушылық та бар.Мына алдарыңызда тұрған оқушылар,келешектің азаматтары.Келешек осылардың қолында

  • Сайыс 8 бөлімнен тұрады:

  • І Таныстыру ІІ. Кім көп біледі? ІІІ.Менің сүйікті ақыным

  • ІҮ.Сұрақ менен,жауап сенен. Ү. Қызықты ұйқастар.ҮІ. Кім мықты?. ҮІІ.Кім жылдам? 8.Мағынаны аш. 9.Диалог құрастыр. 10. Қорытынды

  • ІІ бөлім. “Атаның сөзі – ақылдың көзі”

  • (мақал-мәтелдер жарысы)

  • Әр топқа тақырып беріледі,сол тақырып бойынша қай топ қанша мақал-мәтелдерді білетінін анықтау.

  • Ітопқа берілетін тақырып. Дос,білім,еңбек.

  • ІІ топқа берілетін тақырып.Отан,тіл,отбасы .

  • «Менің сүйікті ақыным» (әр топтан өлеңді мәнерлеп оқу.)

  • III-бөлім

  • 1.Абай Құнанбайұлы.

  • 2.Мұқағали Мақатаев

IV бөлім. «Сұрақ менен,жауап сенен»

  • Қазақ тілден,әдебиеттен,әр түрлі сұрақтардан құралған әр топқа 15 сұрақтар беріледі.Әр сұрақ бір ұпайдан құралады.

  • 1.Тіл туралы заң қай жылы күшіне енді? 2. Мемлекеттік тіл қай тіл?

  • 3. «Өнер алды-қызыл тіл» деген мақал ма, әлде мәтел ме?

  • 4. Үстеудің неше түрі бар? 5.Құрмаластың неше түрі бар?

  • 6. Ғалымның несі өлмейді? 7. Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш болып табылады? 8. Қазақ Хрестоматиясының авторы кім?9. “Өзім туралы” кімнің өлеңі?10. Шылаудың түрлерін ата?

  • 11.Мағыналары бір – біріне қарама - қарсы сөздер 12.Еріндік дауыстыларды ата.

  • 13.Етістіктің райларын ата. 14.Есімдіктің түрлерін ата?

  • 15.Лексика нені зерттейді?

  • ІІ топқа арналға сұрақтар. 1.”Үш бақытым” кімнің өлеңі?2.Қарсылықты салаластың жалғаулықтарын ата?3.”Әжемнің әңгімесінің” авторын ата?

  • 4.”Дауыссыз дыбыстар нешеге және қалай бөлінеді?”оқиғасының авторын ата?

5.Етістің неше түрі бар? 6.”Қырық мысал”авторын ата? 7.-кімге?неге?қай септіктің сұрағы? 8.-інші,-ыншы қай сан есімнің жұрнағы?

  • 9.“Түркістан”өлеңінің авторын ата?10.Тудың авторын ата?

  • 11. Атқаратын қызметі мен сұрақтары бірдей мүшелер?

  • 12. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз?

  • 13.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

14. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын.

15. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?

  • 16.Етістіктің шақтарын ата.17.қазақ тілінде неше сөз табы бар?

18Тұйық етістік қалай жасалады? 19Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?

  • 20.Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.

  • V бөлім. Қызықты ұйқастар.

  • Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

  • Ітоп:

  • 1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).

  • 2.Число-сан, кровь- ...(қан).

  • 3.Молоко-сут, жди-… (күт).

  • 4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

  • 5.Таможня- кеден, пол-...(еден).

  • ІІ топ:

  • 1.Возьми- ал, мед-…(бал).

  • 2.Рыба- балық, народ-…(халық).

  • 3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).

  • 4.Город- қала, ребенок- …(бала).

  • 5.Игра-ойын, шея-…(мойын).


  • VI бөлім. "Кім мықты?"Мұнда сіздерге сөздер берілген,сол сөздерден мақал-мәтел құрап жазасыздар.

  • 1.Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.

  • 2.Піл көтермегенді,тіл көтереді.

  • 3.Көз қорқақ,қол батыр.


VII бөлім. «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.

  • І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,

  • доп, сызғыш, гүл.

кітап, жаңбыр, себет, үзіліс, қоян, сурет, пойыз,

  • сабақ, маймыл,қолшатыр.


VIII бөлім. Мағынаны аш. І топқа

1.«Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды”.

2.”Отансыз адам-ормансыз бұлбұл”

ІІ топқа.

1.Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»

2.«Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада»

ІX бөлім.

Диалог құрастыру” І топқа. Дүкендегі жағдаят . ІІтопқа Дәріханадағы жағдаят .

X.Бөлім

Қорытынды

Өз шығармашылығым. Мемлекеттік тіл – менің тілім!

    Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

   Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!