Материалдар / Ашық сабақ. Менің туған күнім. Тәуелдік жалғауы. 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Менің туған күнім. Тәуелдік жалғауы. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныппен өткізілген ашық сабақ. Тақырыбы: "Менің туған күнім" Бұл материал ұстаздарға қажет. Ұстаздармен тәжрибе алмасуға септігін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
613
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі 3-сынып Сабақтың тақырыбы: «Менің туған күнім».  Тәуелдік жалғауы (қайталау)Сабақтың мақсаты: а)Жаңа сөздермен таныса отырып, мәтін бойынша және тәуелдік жалғауын қолдана отырып тапсырмалар орындау; ә) Оқушыларды сұрақ-жауап ,мәтінді аудару арқылы сөздік қорын дамыта түсу; б) Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;Сабақтың түрі: аралас сабақӘдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, аудару, топтық жұмысКөрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, смайликтер.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңіА) АмандасуӘ) Қазақстан Республикасының гимн орындау.ІІ. Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері».
  • Ал, балалар, ортаға шеңбер жасап тұрып, бір-бірімізге Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, әрқашан бейбітшілік болсын деген тілекпен «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.
Әрқашан күн сөнбесін,Аспаннан бұлт төнбесін,Қасымда болсын анам,Болайын мен де аман.
  • Рақмет балалар! Енді біз екі топқа бөлінуіміз керек. Қанеки мына екі түстің біреуін таңдап алайық. Қызыл түс бір топ,ал көк түс екінші топ болып ,екі топқа бөлінеміз. Жане де сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларға мынандай көңілді смайликтер таратылып отырылады.Қай топ көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
ІІ .Үй жұмысын тексеруСұрақтарға ауызша жауап беру.1) Қазір жылдың қай мезгілі?2) Қыста ауа-райы қандай болады?3) Қыста балалар не тебеді?4) Қыста адамдар қандай киім киеді?ІІІ .Жаңа сабақА) Ой шақыру. ( Мұғалі торттың суретін көрсете отырып,оқушыларға сұрақтар қояды.)- Балалар мынау не?- Иә, әсіресе тәтті тортты қай мерекеде сатып аламыз? - Сендер туған күн мерекесін ұнатасыңдарма?- Қандай сыйлық алғанды ұнатасыңдар? Яғни, балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің туған күнім»Ә)Сабақтың мақсатын айту.Б) Сөздікпен жұмыс. Туған күн - день рожденияТуған күнің құтты болсын!- Поздравляю с днем рождения!Сыйлық – подарокӘкелді – принес (-ла)Сыйлады – подарил (-а)Маған – мнеҰнайды – нравиться Рақмет! – Спасибо!Қонақ гость
  • Мәнерлеп оқу;
  • Сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру;


3) Сөздікті дәптерге жазу;В) Мәтінмен жұмыс.1) Мәтінді аудио арқылы оқушылар тыңдайды; Менің туған күнім Менің атым – Болат. Мен үшінші сыныпта оқимын. Бүгін менің туған күнім. Менің туған күніме көп қонақ келді. Олар атам,әжем және достарым. Атам мен әжем велосипед сыйлады. Достарым кітап әкелді. Бәрі «Туған күнің құтты болсын!» - деді. Маған сыйлықтар өте ұнады. Мен бәріне рақмет айттым.2) 1-тапсырма. (Дайын мәтінді оқушыларға тарату) Жаңа создерді қолдана отырып, әр топ бес сөйлемнен топтаса аударады. (Бірінші дайын болған топ екі рет қодарын шапалақтап, мұғалімге дайын екендіктерін білдіреді. Әр оқушы кезекпен мәнерлеп оқып аударады.)3) 2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. ( Әр топқа бес сұрақтан беріледі)1) Сенің атың кім?2) Сен нешінші сыныпта оқисың?3) Бүгін кімнің туған күні?4) Сенің туған күніңе кім келді?5) Олар кімдер?6) Атаң мен әжең не сыйлады?7) Достарың не сыйлады?8) Бәрі не деді?9)Саған сыйлықтар ұнады ма?10) Сен бәріне не айттың?4) Дәптермен жұмыс. (Грамматикалық тақырып бойынша) 3-тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдеңдер. Машина, шар, сағат, гүл шоғы, торт, кітап, кәмпит, сыйлық, ойыншық, қуыршақ, велосипед ,сурет дәптері.(Мұғалім сыйлық қорапшасынан, жоғарыдағы сөздердің суреттерін оқушыларға ұсынады. Әр оқушы өзіне түскен суреттегі сөзді тәуелдеуі қажет. Және де мұғалім, бір оқушыны тақтаға шығып орындауын талап етеді.)ІV. Сергіту сәті 5) Кітаппен жұмыс (118бет)4-тапсырма. Толықтырып жаз.Менің атым - ..... .Мен ........ сыныпта оқимын.Бүгін – менің туған ....... .Мен ..... айттым.V. Сабақты бекіту- Балар бүгін кімнің туған күні болды?-Сендерге Болаттың туған күні ұнадыма? - Онда балалар, мен сендерге Болаттың сыйлықпен түскен бояуы жоқ суретін берейін. (Балалар түрлі-түсті қарындаштарын алып, бірлесе отырып бояйды. Әр топ өздеріне берілген сурет бойынша екі немесе үш сөйлем құрастырады.)VІ. Үйге тапсырма118бет. 2-тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау. VІІ. БағалауСмайликті қөп жинаған топ жеңіске жетеді.Күнделікке баға қойылады.















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!