Материалдар / Ашық сабақ Менің ұстазым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Менің ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтың тақырыбы: Менің ұстазым Ашық сабақтың мақсаты: Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу. Ашық сабақтың міндеті: 1. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру . 2. Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. 3. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
3323
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақтың тақырыбы: Менің ұстазым

Ашық сабақтың мақсаты: Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

Ашық сабақтың міндеті:

  1. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру

. 2. Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

3. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

  1. Ашық сабақтың барысы:

І. Сәлемдесу - Cәлеметсіңдер ме, менің сүйікті оқушыларым! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Біз тағыда өзіміздің кең де, жарық сыныбымызға келіп тұрмыз. Қош келдіңдер!

3 . ІІ. Шаттық шеңбері -Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз Бір – бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

Осы шеңбер аясында « Мектебім » әнін бірлесе айтайық.

Мектебім Ашық – жарқын күнімдей,

Ұстазым бар күнімдей.

Мейірімін төккен,

Аялап бір өпкен.

Қайырмасы:

Әріптерді танып, Білімге бір қанып.

Қадіріңді ұғып, Жанға ләззат алып.

Сен болмасаң мектеп,

Мақсатқа кім жетпек?

Құшағыңды ашып,

Қызғалдақтай көктеп.

ІІІ.Ынталандыру. 1. Ұстаз деп кімдерді айтамыз? 2. Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар? 3. Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер? - Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз. Ата-ана – ұстаз, мұғалім – ұстаз, үлкендер – ұстаз, кітап ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.

ІV. Әңгімелеу. - Қане, балалар, бүгін ұстаз туралы әңгімелесейікші. Әңгімеміз түсініктірек болуы үшін мен сендерге « Өнерлі жігіт » аңызын оқып берейін. Өнерлі жігіт Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан: - Күніне қанша табасың? – деп сұрайды. - Екі дирхемге жетер-жетпес қана. - Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер: - Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.





Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін?

Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар?

Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Арине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.

V.Жағдаятты талдау.

1. Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті…

2. Дәулет сабаққа кешігіп қалды…

3. Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады.Арсен болса,қашып кетті .

VІ. Мәтінмен жұмыс. Ұстаз А. Сопыбеков Күлімдеген, Әрбір жастың - Күнім деген, Қарлығаштың Қамқор болып ұстазым. Көңіл сырын дәл басқан. Жаны жайсаң, Жайдары жан, Талаптанып, Ұғындырған сөз сазын. Қанаттанып… Өмір сырын ұғамыз. Бәрін білген, Білім алып, Білім берген Тұлғаланып… Жас ұрпаққа талмастан. Азамат боп шығамыз.

1. Өлеңде ұстаз деп кімді айтып отыр?

2. Өлеңде ұстаз бойындағы қандай қасиеттер айтылған?

-деген сұрақтарға қандай пікір айта аласыңдар?

VІІ.Шығармашылық жұмыс. Топқа бөлініп, әр топ «Менің ұстазым» тақырыбына шағын әңгіме жазып және «Сен ұнатқан ұстаздың өзіңе ұнайтын қасиеттері» туралы айтып, кағазға бейнелеп әр топ өздерінің шығармашылық жұмысын жария етеді.

VІІІ.Тыныштық сәті. Балалардың денесі, ойы тынықтырылады. Балалар денелерінді түзу, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмуғада болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сеземіз.Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. (Осылайша 2 минут отырады)Балалар, ойланып болсақ көзімізді ашайық.

ІХ.Тапсырма. Тақтада берілген суретке қарап, ұстаздың еңбек туралы өз ойларыңды айтайық. Х.Дәйексөз. - Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, жүрекше дәптерімізге жазып алайық.

Бізде бүгін дәйексөз Ребус, соны шешіп көрейік. « Мұғалім – мектептің жүрегі » Ы. Алтынсарин - Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. Оның «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді.

ХІ. Жаңа ақпарат. Ұстаз мектепте білім – тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі. ХІІ.Сергіту сәті. - Кәне, бәріміз сергіп алайық. Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады) Жаттығуды бастаймыз. (Қолдарын бүйірлеріне қояды) Бір, екі, үш, (Қолдарын алға, жоғары, жанына созады) 2 рет Бойымызға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді) Жарайсыңдар, балалар. Енді орнымызға жайғасайық.

ХІІІ.Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы орындаймыз. - Дәптер бетінің сол жақ бөлігінде ұзтаздың суреті салынған. Оң жақ бөлігінде берілген бос торкөздерге өз ұстазыңа сыйлағың келетін суретті салып, бояңдар.

ХІV.Топтастыру. «Мен жақсы бала болу үшін…» қандай бала болуымыз керек? Күн тармақтарына озіміздің жақсы бала болуға керекті қасиеттерімізді толдырайық. Мысалы:рухани бай адам,білімді адам,өзіне сенімді бала,еңбекқор бала,…болуымыз керек.

ХV. «Ойланайық – пікірлесейік».

1. Ұстаз туралы қандай мақалдарды білесіңдер?

2. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

- Ия, балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз. Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата алуға үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс қолдана алған шәкірт нағыз білімді болады. VІ. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру. Жүрекше арқылы бір – бірімізге жүрек жарды тілегімізді айтайық. Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.

ІХ.Қорытынды. Тілегіміз қабыл болсын деп «Мұғалім – ол біздің» әнін айтамыз. Сондықтан ұстаздарыңды ренжітпеңдер деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар! Сіздерге арнайы сыныбымыздың атынан жасаған жүрекшелерімізді қабыл алыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!