400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мерекелік отшашу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру.Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы:Мерекелік отшашу

Мақсаты:Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру.Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету.

Көрнекіліктер:Отшашудың суреттері.

Шаттық шеңбер

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз.

Атсың күліп таңымыз.

Тәрбиеші балаларға бейнетаспадан көріністер көруге ұсынады. Бейнетаспаны көріп болған соң көрініс не туралы болғанын сұрайды.

-Бұл қандай мереке?

-Неге барлық адамдар көңілді?

-Сендерге мереке ұнайды ма?

Мерекелерде отшашу жаққанда айнала жап-жарық болып,әдемі түстерге боялады. Отшашу мерекенің сәні. Ел шаттанып,барлық адамдар жылы көтеріңкі көңіл күйге бөленеді.

Балаларға отшашу сөзін қайталату.


Сергіту сәті:

Бір,екі үш

Бойға жинап күш.

Қолды сермеп аламыз,

Үлкен адам боламыз.


Үлестірмелі материалдармен жұмыс

-Балалар,алдарыңызға үзік сызық сызылған қағаз қойылды. Үзік сызықтардың түстері қандай?

-Қызыл,сары,жасыл,көк

-Ендеше,осы үзік сызықтарды қосу арқылы отшашудың суретін салайық.

Балалардың салған суреттерін қарап шығу.

Тыныс алу жаттығулары

Шарды үрлеу


Қорытынды

-Балалар сіздерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

-Сіздер ненің суретімен танысып салдыңдар?

-Отшашуды барлығыңыз әдемі салғандықтан сендерге түрлі-түсті шарлар беремін.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Мерекеде аспанда отшашулар шашылатынын Игереді: Үзік сызықтарды пайдалану

Меңгереді: Қарындашпен сурет салуды








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі