400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Метаболизм түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Метаболизм түрлері" 10-сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бекітемін»

Сабақтың тақырыбы:

Метаболизм түрлері

Мұғалімнің аты-жөні: Ш.Е.Тлегенова

Күні: 26.11.2019ж

СЫНЫП: 10 А


Қатысқан оқушылар саны: 19


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

10.1.4.3.-метаболизмнің түрлерін анықтау.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:метаболизм және оның сатылары туралы мағлұмат алып, талдап айта алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: метаболизмнің сатыларының жүру барысын ажырата алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Метаболизм сатыларының өзара байланысы мен өзара тәуелділігіне баға бере алады.

Бағалау критерийі

-метаболизм және оның сатылары туралы мағлұматты түсінеді,талдап айта алады.

-метаболизмнің сатыларының жүру барысын ажыратады

-метаболизм сатыларының өзара байланысы мен өзара тәуелділігіне баға береді.

Құндылықтарға баулу

«Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығын басшылыққа ала отырып, денсаулық сақтауға, салауатты өмір сүру салтын ұстануға тәрбиелеу.

Тілдік құзіреттілік

Оқушылар метаболизмді тиісті терминологияны пайдалана отырып,ауызша және жазбаша сипаттай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:метаболизм,анаболизм, катаболизм,ассимиляция,диссимиляция,гомеостаз

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

1.Организм мен қоршаған орта арасындағы .......-тірі организмдердің өмір сүруі үшін қажетті шарт.

2.Күрделі молекулалардың жай молекулаларға ыдырау реакцияларының жиынтығы ....... деп аталады.

3. Биологиялық синтез реакциялары ....... деп аталады.

4........... қызметі –жасушаны ........ ......... қамтамасыз ету.

5......... қызметі –жасушаны ....... қамтамасыз ету.


Ресурстар

Оқулық, суреттер, және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, . Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Физика (энергияның түрлері және энергияны сақтау заңдылықтары) ,химия,медицина

Алдыңғы оқу

7.1.Аденозинүшфосфор қышқылын синтездеу.Глюкозаның аэробты ыдырау кезеңі

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы





Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал ортасын қалыптастыру.«Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте» демекші алдымен өз тілімізде, содан кейін орысша,ағылшынша амандасу..


Оқушыларды 1,2,3,4 реттік нөмерімен санау арқылы топтарға бөлу.


Алдыңғы білімді «Бір қадам артқа» әдісі арқылы тексеру

1.Глюкоза ыдырауының аэробты кезеңі қайда жүреді?

2. Глюкоза ыдырауының аэробтыкезеңдерінің бөліктерін ата

3Глюкозаның аэробты ыдырауының реакциясының теңдеуін жаз

4.Неліктен физикалық еңбекпен айналысқанда біз ыстықтаймыз?


Кері байланыс.Ауызша мадақтау


Жаңа сабақ.«Жадылық серуен» әдісі бойынша оқушыларға тақтадағы суреттер арқылы сұрақтар беру,тақырыпты болжайды.Олай болса, жаңа тақырып «Метаболизмнің түрлері».(дәптерге жазу) Бейнекөрсетілім көрсету

Адасқан әріптер»әдісі арқылы мәтін алды жұмыс.

БАЕМТИМБЗ,РЭЯИГНЕ,КОЕТТ, ЕІКОРҚТК ТАРТЗА,СШАЖАУ

Оқушылар осы сөздерді табады.Тапқан сөздерді қазақша,ағылшынша, орысша аударады.




1-топ

2-топ

3-топ

4-топ


Суреттер

https://bilimland.kz материалдары


Ортасы






Мәтінмен жұмыс. «Таныс. Талқыла. Бөліс.» әдісі бойынша жаңа сабақтың мазмұнын әр топқа сатылап беру.Топтық жұмыс

1-топ «Ассоциация» әдісі.Метаболизм туралы түсінік

2-топ «Жолаушының қойын дәптері» әдісі.Катобализм сатысы

3-топ.«Еркін әңгіме» әдісі .Анобализм сатысы

4-топ.Венн диаграммасы әдісі .Пластикалық және энергетикалық алмасуды салыстыру

Жапондық бағалау арқылы бағалайды.

Сергіту сәті «Ми сергіту» (логикалық тізбек)

Жұптық жұмыс .«SMS» әдісі

1.Организм мен қоршаған орта арасындағы .......-тірі организмдердің өмір сүруі үшін қажетті шарт.

2.Күрделі молекулалардың жай молекулаларға ыдырау реакцияларының жиынтығы ....... деп аталады.

3. Биологиялық синтез реакциялары ....... деп аталады.

4........... қызметі –жасушаны ........ ......... қамтамасыз ету.

5......... қызметі –жасушаны ....... қамтамасыз ету.

Кілт сөздер: Энергетикалық алмасу, зат алмасу,құрылыс материалы,энергия,анобализм, пластикалық алмасу ,катобализм

Бағалау критерийі :Анобализм мен катобализм сатыларына анықтама береді.

Метаболизмнің сатыларының атқаратын қызметін жазады.

Дескриптор: 1. Кілт сөздерді пайдаланады.

2.Бос орынды толтырады.

Кері байланыс: Көршіңді бағала

Жеке жұмыс «Мені тап» әдісі

1.Суреттегі бос орындарға энергетикалық алмасу кезінде пайда болған өнімдерін жаз


Бағалау критерийлері:Энергетикалық алмасуға анықтама береді.

Энергетикалық алмасу кезіндегі пайда болатын мономерлерді және энергияны анықтайды.

Дескриптор: Суретті пайдалана отырып,метаболизм процесіндегі энергетикалық алмасу кезінде пайда болған заттарды бос орынға жазады

Кері байланыс: :Жарайсың.Жаксы.Талпын

ҚБ 1-тапсырма«Сызбаны аяқта»

Пластикалық алмасу

ҚShape2 Shape1 арапайым заттар күрделі заттар органоидтер

аминқышқылдар

нәруыздар


Shape3 ?

Глицерин және май қышқылдары

майлар


Shape4

?

Глюкоза


Shape5

Көмірсулар


?


Энергетикалық алмасу

КShape6 үрделі заттар Қарапайым заттар

Нәруыздар

Аминқышқылдары


Shape7

Майлар


Shape8 ?

Shape9

Көмірсулар

?

Shape10 ?


Бағалау критирийі:

Дескриптор:

Метаболизм түрлерін атайды және сипаттайды

Пластикалық алмасудағы органикалық заттардың синтезін тасымалдайтын органоидтерді анықтайды.

Энергетикалық алмасудағы органикалық заттардың ыдырау өнімдерін анықтайды

Кері байланыс:мадақтау

2. Бейнефильм көрсету. «Идеялар банкасы» Оқушыларға жағдаяттық өмірмен байланысты сұрақтар.

Метаболизмді қалай жеделдетуге болады ?.

Кері байланыс: Денсаулық



Оқулық.




Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.



Сабақтың соңы

Рефлексия «Чемодан.Еттартқыш.Қоқыс жәшігі»

Үйге тапсырма:

§25. Метаболизм түрлері.Метаболизмнің белсенділігін көрсететін деректер жинау.Кесте толтыру






Саралау – Сіз қосымша

Көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз

Shape12

«Таныс.Талқыла.Бөліс» топтық жұмыс кезеңінде Метаболизм туралы түсінік-«Ассоциация» әдісі, Катобализм және Анобализм -«Жолаушының қойын дәптері» ,«Еркін әңгіме »әдісі , Пластикалық және энергетикалық алмасуды салыстыруда«ВЕНН диаграммасы» арқылы әдісте барлық оқушылар белсенді түрде жұмысқа тартылды.Бірлесіп жұмыс жасады.ортақ шешімге келді.Әр оқушының пікірі тыңдалды.

2.«SMS» әдісіндегі тапсырмаларды жұптық жұмыс түрінде орындауда кейбір оқушылардың ашылып,жұмыс жасауына қолдау жасалды.Қызығушылығы оянды,белсендік танытты.


Бағалау - Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді

Қалай жоспарлайсыз?






«Таныс.Талқыла.Бөліс» топтық жұмыс кезінде мұғалімнің бағалануы жүзеге асырылды.

«SMS» әдісін пайдалану кезеңінде«Көршіңді бағала» бағалауы жүзеге асырылды.

ҚБ тапсырмаларын орындау кезінде бағалау критерийлеріне дескриптор негізінде жүзеге асырылды.

Бағалау критерийі:

-метаболизм түрлерін атайды және сипаттайды.

Дескриптор:пластикалық алмасудағы органикалық заттардың синтезін анықтайды.

Энергетикалық алмасудағы органикалық заттардың ыдырау өнімдерін анықтайды.


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс



Уақытында слайдты пайдалану. Жұмыстарды орындауда қауіпсіздік ережелерін сақтайды.. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алайық. Жағымды орта қалыптасады, тапсырманы орындауда қызығушылығы оянады.


Рефлексия.

Рефлексия «Чемодан.Еттартқыш.Қоқыс жәшігі»









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
4321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі