400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ, Металдарды кесу, 2 курс студенттеріне

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға тәжірибелік жұмысты үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Рахимбаев Қайырғали Қыдырбекұлы

Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің шебері.



Сабақтың тақырыбы: «Слесарлық қол арамен металдарды кесу»




Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Студенттерді колледж шеберханасында слесарлық қол арамен дайындамаларды кесу тәсілдерін үйрету және жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру.

Тәрбиелік: Студенттерді еңбек сүйгіштікке баулу.

Дамытушылық: Студенттердің іскерлігін, икемділігін, шеберлігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың оқыту әдісі: баяндау, сұрақ-жауап алысу, практикалық кезең

Көрнекіліктер: оқулық, слесарь арасы, дайындама,сызғыш, егеу т.б




Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

- Амандасу,түгендеу,

- Сынып тазалығын тексеру,

- Студенттердің назарын өзіңе аудару.


II.Үй жұмысын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

Ұстаның жұмыс орны. Жұмыс орны — нақты жұмыс түрін орындау үшін жұмыскермен бекітілетін өндірістік аумақтың бір бөлігі және ол жұмыс жасауға қажетті құрылғылармен, құралдармен, саймандармен және материалдармен жабдықталуы керек.

Ұстаның жұмыс орнын техникалық жабдықтау. ұстаның жұмыс орнының негізгі құралы қысқыш орнатылған верстак болып табылады (сурет В.1, а).

Верстак тұрба немесе пішінді жалдан орындалған болат қаңқадан тұрады, онің үстінде қатты жынысты ағаштардан орындалған және табақтық болатпен жабылған тақтай орнатылған. Периметр бойынша тақтай болат бұрыштан 7 белдемемен жиектелген. Тақтай астында құралдарды, бӛлшектерді және техникалық құжаттаманы сақтауға арналған суырмалы жәшіктер 2 орналасқан. Жұмыс ыңғайлылғын қамтамасыз ету ҥшін верстакта кесуші қҧрылғылар планшет 6 және бақылау-өлшеуші құрылғылар үшін құрылғылық сөре 4 орнатылады.































Бір орынды ұсталық верстак:

а — жалпы көрініс: 1 — реттемелі қысқыштарды көтеру және тҥсәру бұрандасы; 2 — құралдарға арналған жәшік; 3 — жазық параллельді реттелетін қысқыштар; 4 — құралдар сөресі; 5 — қорғаушы қалқан ; 6 — саймандар планшеті; 7 — болат бұрыштамадан белдеме; 8 — көтеру бұрандасының тұтқасы; б — верстакта ұста құрылғыларының орналасуы.







. Орындықтық қысқыштар:

1 — верстак; 2 — бекіту деңгейі; 3 — қозғалмайтын жӛке; 4 — қозғалатын жӛке; 5 — қысқыш бҧранда; 6 — тҧтқа; 7 —жазық серіппе; 8 — білік































Параллельді айналмалы ұсталық қысқыштар:

1 — іргетақта; 2 — бұрылу бөлігі; 3 —қозғалмайтын жке; 4 — қозғалатын жӛке; 5 — жүріс бұрамасының сомыны; 6 — бағыттағыш призма; 7 — жүріс бұрамасы; 8 — Т-тәріздес жік; 9 — ось; 10 — бұрандама; 11 — тұтқа; 12 — сомын

Металдан жасалған бөлшектерді бөлшектеп,қолмен кесу қажеттілігі жиі туындап жатады.Жұқа қаңылтыр металды слесарлық қайшымен қияды.Сорттық прокаттан жасалған дайындаманы кесу үшін слесарлық қол араны қолданады.

Слесарлық қол ара жақтаудан,тұтқадан,тартқыш бұрандадан және ара жолағынан тұрады.Ара жолағы ( тұтас ұзындығы тұрақты жолақтар үшін 300мм) және жылжымалы ( өзара құрсаумен біріктірілген алдыңғы және артқы бұрыштықтан тұрады) болуы мүмкін.Слесарлық араның кескіш жол-ағы инструменталдық болаттан жасалған жұқа жолақ,бір жақ ернеуінде піші-ні сына тәрізді тістері болады.Әрбір тіс кескіш сына.Ара жақтауына жолақты орналастырған кезде оның тістерінің тұтқаға қарама-қарсы қаратып орнатылуын қадағалау керек.Дайындаманы іскенжеге мықтап бекітеді, араланатын жерге үшқырлы егеумен із салады.Аралаудың бастапқы кезінде араны сәл еңкейте ұстап,араның ізі тереңдеген сайын оның еңкіштігін азайтады .

Ұзын дайындамаларды кескен кезде араның жоғарғы жақтауы дайындаманың жиегіне тірелуіне байланысты оны түбіне дейін кесу мүмкін болмайды. Онда араның жолағын 900бұрып, жұмысты жалғастыра береді.

Фасонды профиль дайындамасын( бұрыш,швеллер,және т.б) арамен кескен кезде ағашпен қысады. Одан да жіңішке материалдарды ағаштың арасына бекітіп, ағашпен бірге кеседі.

Слесарлық арамен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесі. Дайындаманы іскенжеге дұрыс және мықтап бекіт. Қолыңды араның жүзінен және дайындаманың өткір жиектерінен жарақаттап алудан сақтан. Араны жұлқыламай, баппен жұмыс істе. Тістері сынған арамен жұмыс істеме.

Слесарлық арамен жұмыс істеу ережесі. Жұмыс бастамас бұрын араға жолақ таңдап ал. Жолақ білдекке дұрыс орнатылғанын, тексер. Ара жолағының жүзі біркелкі тозуы үшін жұмыс кезінде оны толық пайдалануға тырыс. Дайындаманы кесу белгіленген сызықтан ауытқи бастаса, кесуді қарама-қарсы жақтан баста.Жаңа жолақпен алдымен жұмсақ болат,қола,жез секілді материалдарды кес.Кесуді аяқтай бастағанда,жолақты сындырып алмас үшін және жарақаттанбау үшін араға күш түсіруді әлсірет.Кесіп болғаннан кейн жолақтың тозған - тозбағанын қара.












IV. Жаңа сабақты сұрақ-жауаппен бекіту.

1.Слесарлық араның негізгі бөлектерін атаңдар?

2.Жолақты ара білдегіне қалай орнатады? Практикада көрсет.

3.Араның жолағы неліктен сыну мүмкін?

4. Слесарлық арамен жұмыс істеу ережесін атаңдар?



V.Сабақты қортындылау. Сабаққа белсене қатысқан және тапсырманы дұрыс орындаған студенттерді мадақтау.

VI.Үйге тапсырма. Слесарлық қол арамен темір жолақтарды аралап үйрену.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі