400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Металдарға жалпы сипаттама"

Материал туралы қысқаша түсінік
Металдар деп электр тоғы мен жылу өткізгіштігі жоғары, созылғыш,иілгіш және металдық жылтыры бар заттарды айтады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Металдардың  жалпы  сипаттамасы

Осы сабақта ол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1 Металдық байланыс пен металдық кристалдық  тор

жайындағы білімдерін қолданып металдық  қасиетін түсіндіре алу.

9.1.4.2- металдардың физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттау және атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру.

Сабақтың

мақсаты



-металдық байланыс пен металдық кристалл торды түсіндіру.

-металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау..

-металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін зерттеу..

Бағалау критерийі



-металдық байланыс пен металдық кристалл торды түсіндіреді

-металдарға тән  физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттайды.

- металдардың  тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіреді

Ойлау дағдысы

Қолдану

Тілдік мақсаттар

жұмсақ, жылтыр,  тор, металдар, иондар, электрондар,

жылтыр,  иілгіш, созылымды, жағу, реакция, тотығу, тотықсыздандыпғыш .

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

металдар электр тоғы мен ---------жақсы өткізеді.

металдар бос күйінде --------------болып табылады.

көптеген металдар бейметалдармен  әрекеттесіп ------түзеді

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» бағыты білім мен ғылымға нақты көзқарасы бар саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Оқушыларды  инновациялық ғылымға  дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Физика-8.4.2.5.Тұрақты температурада металл өткізгіштік вольт амперлік сипаттамасының графикасы.

Жаратылыстану.5.3.1.3.Заттардың қасиеттерін:тығыздығы,жылу өткізгіштігі,созылмалығы,иілімділігін сипаттау.

Жаратылыстану .5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

8.2.4.4 -қышқыл ерітінділері мен әртүрлі  металдардың  реакцияларын зерттеу.

8.2.4.5 -металдардың қышқылдармен  әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

 

2 мин

 

3 мин

 

 

  

10 мин












  1. Психологиялық ахуал туғызу.

«Аялы алақан» психологиялық тренингі кезінде санау арқылы топқа бөлу   

        «Серпілген сұрақтар»  әдісі

1.Кристалл тор дегеніміз не? 

2.Кристалл торларының неше түрі бар?

3.Физикалық қасиеттерге қандай қасиет?

4.Химиялық қауіпсіздік  ережелерін атаңыз.

5.Тотығу-тотықсыздану процесс дегеніміз не?

6.Тотықсыздандырғыш дегеніміз не?

Б(мұғалімнің ауызша бағалауы  )

  «Болжам» стратегиясы

 М: Біздің айналамызды қоршаған заттар өте көп.

  Берілген суреттерден  нені байқай аласыздар?

 О:  Оқушылар өз жауаптарын  ұсынады. (металл, кристалл тор, алтын, күміс т.б.)

М: Ендеше, бүгін біздің өтетін тақырыбымыз «Металдардың жалпы сипаттамасы»

Жаңа сабақты түсіндіру







Металдар деп электр тоғы мен жылу өткізгіштігі жоғары, созылғыш,иілгіш және металдық жылтыры бар заттарды айтады














 

 

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

Слаид,суреттер қиындысы

 








Сабақтың ортасы

 

 

12мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 мин

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 мин

                       1-тапсырма

БК. Металдарға тән  физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттайды.

А) Жеке жұмыс «Сәйкестендіру кестесі»

Металдарды физикалық қасиеттерін  сәйкестендіріңіз. 

Металдар

Физикалық қасиеттері

  1. 1.W

  2. A.Ең оңай балқитын металл

  3. Hg

  4. Ең иілгіштігі жоғары металл

  5. Ag

 

 

 

 

C.Ең электр өткізгіштігі жоғары металл

  1. Au

  2. Ең қиын балқитын металл

 

 Жауабы:1 ________    2______   3 _____  4_________

 Б) Топтық жұмыс « Қара жәшік» әдісі

1- топ.Металдардың беметалдармен әрекеттесуі.

2-топ. Металдардың сумен әрекеттесуі

3-топ. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі

 Дескриптор

1.Металдардың бейметалдармен әрекеттесуін көрсетеді.

  1. Металдардың сумен әрекеттесуін көрсетеді.

3.Металдардың қышқылдармен әрекеттесуін көрсетеді.

Бағалау. Топтар бірін бірі бағалайды.

 2-тапсырма.

БК. Металдардың  тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіреді.

 Жұптық жұмыс

 Металдардың тотықсыздандырғыш қасиетін көрсететін

 3 реакция теңдеуін жазып, тотығу-тотықсыздану реакциясын көрсетіңіз.

 Дескриптор

1. 1 мысал келтірді, тотығу-тотықсыздану  реакциясын  жазды

2.2 мысал келтірді, тотығу-тотықсыздану  реакциясын  жазды

  1. 3. 3 мысал келтірді, тотығу-тотықсыздану реакциясын жазды

 Бағалау дескрипторы арқылы  оқушылар бірін-бірі бағалайды.

 3- тапсырма

БК: Металдық байланыс пен металдық кристалл торды түсіндіреді.

 Жеке жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

1.Металдардың кристалдық торын түсіндір.

2.Массасы 20г темір мен 8 г күкірт әрекеттескенде неше грамм темір (II)сульфиді түзіледі

3.15 -дық литий гидроксидінің ерітіндісін дайындау үшін 100г суға литидің қандай массасын қосу керек?

Металдық  кристалл торды түсіндіреді.

 

дескриптор

Металдардың кристалдық торын көрсетеді

Есептің шартын жазады

Реакция теңдеуін жазады

Дұрыс есептейді

 Мұғалім тарапынан ауызша  бағалайды.

 Рефлексия

«Бәрі менің қолымда» оқушы өзінің бүгінгі сабағына қатысуы бойынша ойын жазады.

слайд

интерактивті тақта

 

9сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химия

9 сынып

84-85 беттер

 

Үйге тапсырма   § 21

 

 

 

 















































Сабақтың тақырыбы: Металдарға жалпы сипаттама

Сабақтың мақсаты: Металдармен таныстыру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Металдар туралы түсінік беру. Олардың жалпы ортақ физикалық қасиеттерімен таныстыру, металдар туралы білімдерін жүйелеп тереңдету

Дамытушылық: Оқушыларды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып металдардың қасиеттерін салғастыра білуге үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды үнемшілдікке, ұйымшылдыққа, батылдылыққа тәрбиелеу

 Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: іскерлік ойын сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке және топтық жұмыс

Құрал жабдықтар: металдар үлгісі: темір, мыс, алюминий

Плакаттар: сөзжұмбақ, жазбалар, магнитті тақта, магниттер

Пән аралық байланыс: химия, математика, физика, қазақ тілі, география, тарих,

экономика.


  1. Ұйымдастыру кезеңі


  1. Сәлемдесу және оқушыларды түгендеп, күнді тақтаға жазып қою

  2. Үй тапсырмасын тексеріп

  3. Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу


  1. Сабақтың барысы:


Сабақ сайыс түрінде өтеді. Ол үшін топ 4 шағын топтарға бөлінеді. Топтардың аттары: 1-ші топ: Алтын 2-ші топ: Күміс 3-ші топ: Мыс 4-ші топ: Темір

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын үй тапсырмасы тексеріліп, жаңа сабақтың тақырыбы анықталады. Жаңа сабақтың тақырыбы жасырылған сөзжұмбақ тақтада ілінулі тұрады. Тақырыпты табу үшін топтардан оқушылар шығып сөзжұмбақты шешеді. Тақырып анықталғаннан кейін оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.

Мұғалім металдар туралы қысқаша түсініктеме береді:

Металдар адамзат қоғамына ерте кезден бері белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруіне, қолдануына байланысты тарихта бүтіндей металдар дәуірлерінің аты қалды . Мысалы: мыс дәуірі, қола дәуірі.

Тас ғасырында алғашқы табылған металдар алтын және мыс болатын. Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Қазақстан аумағында да ерте кезде металдардан жасалынған көптеген бұйымдар табылды. Мысалы: Тайқазан (Түркістанда), «Алтын адам» (Есік қаласында).

Қазіргі адамзат қоғамының дамуы үшін металдардың маңызы орасан зор. Бүгінгі күні металдарды қолданбайтын өндіріс саласы жоқ. Оларды құрылыста, автомобиль жасауда, ұшақтарда, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданады.

Ал енді металдардың периодтық жүйедегі орналасуына келетін болсақ қазіргі белгілі болған 109 элементтің 87-сі металдар. Олар периодтық жүйенің барлық топтарында орналасқан. Мысалы: бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе, сызықтың астыңғы сол жағында орналасқан элементтердің барлығы металдар. Металдардың жалпы барлығына бірдей ортақ келесі физикалық қасиеттері бар:

  1. электр тоғын өткізгіштігі

  2. жылу өткізгіштігі

  3. металдық жылтырлығы

  4. иілгіштігі

  5. тапталғыштығы

  6. мөлдір еместігі

Осы жалпыға ортақ қасиеттерімен бірге олардың әрқайсысының өзіне тән

қасиеттері де бар:

  1. балқу температурасы

  2. тығыздығы

  3. салыстырмалы атомдық салмағы

  4. түсі

  5. қаттылығы

  6. валенттілігі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
848
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі