15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Мезозой заманында тіршіліктің дамуы" 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мезозой заманында тіршіліктің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметіне тоқталып өту.
Дамытушылық:Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік:Оқушыларға табиғатты қорғауға адамгершілік, эстетикалық, салауатты өмір салтына ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: ауызша - баяндау, сұрақ жауап арқылы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың пән аралық байланысы: География, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу оқушы назарын сабаққа аудару
Ел басы халқына: «Ел экономикасының дамуы білімді жастардың қолында» бүгінгі білімімізді шыңдай отырып, сабаққа атсалысайық!
II. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Палеозой заманы қанша млн жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтиды?
-
Палеозой заманы қанша кезеңнен тұрады?
-
Кембрий кезеңін тағыда қалай атайды?
-
Кембрий кезеңі қанша уақытқа созылды?
-
Кембрий кезеңі немен ерекшеленеді?
-
Ордовик кезеңі қанша жылға созылды?
-
Палеозой заманының қай кезеңінде құрылықтағы ойпатты алқаптарды су басты?
-
Силур кезеңінде қандай балықтар пайда болды? Ерекшеліктері неде?
-
Силур кезеңінің ұзақтығы қанша жылға созылды?
-
Силур кезеңіндегі жануарлар дүниесі?
-
Девон кезеңі қанша уақытқа созылды?
-
Балықтар ғасыры деп аталатын кезең?
-
Девон кезеңінде өсімдіктер мен жануарар дүниесінде қандай ерекшеліктер болды?
-
Таскөмір кезеңі қанша жылға созылды?
-
Неге таскөмір кезеңі деп атаған?
-
Пермь кезеңі қанша жылға созылды?
-
Пермь кезеңінде қандай өзгерістер болды?
-
Премьдегі ароморфоз қалай болды?
ІІІ. Топқа бөлу
І Триас
ІІ Юра
ІІІ Бор
IV.Шоллер табақшасы
І кезең. Білу (Мәтінмен жұмыс)
ІІ кезең. Түсіну (Сұрақ-жауап,түсінік беру)
ІІІ кезең. Қолдану (Тестпен жұмыс)
V. Жаңа сабақты баяндау. (Мәтінмен жұмыс)
Мезозой заманы 3 кезеңнен тұрады:
-
триас
-
юра
-
бор.
Триас кезеңі
Триас — ("үш" деген саннан шыққан) Оңтүстік Германиядан табылған пермь кезеңінің үстіңгі жағындағы қабаттардың санына байланысты койылған атау. Мезозой заманын бауырымен жорғалаушылар мен ашық тұқымды өсімдіктердің заманы деп те атайды. Өсімдіктерден — алып қырықжапырақтар, ағаштектес қырықбуындар мен плаундар біржола жойылып, ашық тұқымды өсімдіктер кең таралды.
Бауырымен жорғалаушылар— динозаврлар, ихтиозаврлар, тасбақалар, ертедегіқолтырауындар, т.б. түрлері кеңінен таралды. Ұзындығы (дене тұрқы) 10—12 м денесінің сыртында мүйізді қабыршықтары жоқ, тұмсығы дельфинге, тісі қолтырауынға, басы кесірткеге, жүзбеқанаттары китке, құйрығы балыққа ұқсаған ихтиозаврлар теңіздерде мекендеген.
Бірақ олар өкпемен тыныс алған. Ихтиозаврлардың ұрпақтары аналығының денесінен жұмыртқаны жарып сыртқа тірідей туылған. Қазбадан табылған ихтиозавр қаңқасының ішінен "ұрпақтарының" қаңқасы шыққан.
Триас кезеңінен бері қарай тасбақалар мен гаттериялар тіршілік етіп келеді. Жаңа Зеландияның аралдарында қазіргі кезде таралған гаттерия нағыз "тірі қазба" болып саналады. Соңғы 200 млн жылдагаттерия шамалы ғана өзгерген. Оның ата тегінде болған бас сүйегінің қақпағындағы үшінші төбе көзі әлі күнге дейін сақталған. Осы күнгі бауырымен жорғалаушылардың ішіненешкіемер мен батбат кесірткелерде де үшінші көздің қалдығы бар. Бауырымен жорғалаушылардың құрылым деңгейі күрделенгенімен, бірақ олардың дене температурасының тұрақсыздығы байқалады.
Юра кезеңі
Юра кезеңі — Франция мен Швейцарияның шекарасында орналасқан қаланың атымен аталады. Бұл кезеңді — динозаврлар (корқынышты кесірткелер) кезеңі деп атайды. Бұл кезенде ауада да, теңізде де құрлықта да бауырымен жорғалаушылар кеңінен тарады. Қазіргі кезде ертеде тіршілік еткен динозаврлардың 250 түрі белгілі болып отыр.
Динозаврлардың ішінде денесі ірі, басы кішкене, мойны мен құйрығы ұзын, дене тұрқы 30 м, салмағы 50 т алып брахиозаврлар тіршілік еткен. Юра кезеңінде жәндіктердің түрлері де көп таралды және алғашқы құс — археоптерикс пайда болды.
Археоптерикстің басы кесірткенің басына ұқсаған, денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған, жақ сүйектерінде тістері бар, құйрығы 18—20 омыртқадан түзілген, тырнақтары ұзын. Оның құсқа ұқсаған белгісі — басынан басқа жері түгелдей қауырсынмен қапталған.
Бұл кезеңнің ауа райы жұмсақ болғандықтан жабық тұқымды өсімдіктер кеңінен өсе бастады. Бұл өсімдіктер эволюциясындағы ең ірі ароморфоздық өзгеріс болып саналады. Тұқымның жеміспен қапталып жабық болуы, ұрығын қолайсыз жағдайдан қорғап өте алыс алқаптарға таралуына мүмкіндік береді.
Бор кезеңі[
Бор кезеңі (бақалшақтар мен ұсақ теңіз жануарларынан түзілген бор қабаты қалың болғандықтан солай аталған). Бұл кезеңде гүлді өсімдіктер кеңінен таралды.
Бұл кезеңдегі өсімдіктер
әлеміндегі өзгерістерге: үйеңкі,терек, емен, эвкалипт, тал, қайың, т.б. жалпақ жапырақты ағаштардың пайда болуы жатады.
Гүлді өсімдіктердің дамуы оны тозаңдандыратын жәндіктердің және
жәндікпен қоректенетін құстардың пайда болуына себепші болды. Бор
кезеңінің соңында ауа райының суынуына байланысты су жағалауындағы
өсімдіктердің таралу алқаптары азайып, өсімдікқоректі және жыртқыш
динозаврлар жойылды. Ірі бауырымен жорғалаушылар
(колтырауындар)
тек тропиктік
белдеулерде ғана сақталып калды. Бор
кезеңінде құстармен сүтқоректілердің қарапайым топтары пайда болды. Бұл кезеңде жылықанды
жануарлар құрлықта кеңінен таралып, ұшпайтын алып құстар пайда
болды.
Сүтқоректілердің шығуына себеп болған ароморфоздық белгілер.
1. Жүйке жүйесінің күрделенуі, алдыңғы ми сыңарларының дамуы
жануарлардың мінез-қылығының өзгеруіне, қоршаған орта жағдайларына
бейімделуіне әсерін тигізді.
2. Омыртқа жотасы айқын бөлімдерге жіктелді әрі аяқтары денесінің
бүйір жағынан бауыр жағына орналасты.
3. Ұрық аналық организмнің денесінде дамып, арнайы мүше — жатырда
жетілді әрі ұрпағын сүтпен қоректендірді.
4. Денедегі жылуды қалыпты сақтау үшін түкті жамылғы пайда
болды.
5. Газ алмасу қарқындылығын күшейтетін көптеген көпіршіктерден
тұратын өкпе дамыды
VI. Түсіну (Мәтінге түсінік беру)
VII.Сергіту сәті «Бейнебаян»
VIII.Сабақты қорытындылау
IX. Қолдану
ҰБТ – ҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ
1. Қай кезеңде қос мекенділердің басын көшілігі жойылды
А) Юра
Ә) Бор
Б) Триас
2. Мезазой қанша кезеңдерге бөлінеді?
А) 6
Ә) 3
Б) 2
3. Бор кезеңінде қандай жануарлар шықты?
А) Диназавр
Ә) Гаттерия
Б) Сүтқоректілер
4. Қай кезең Франция мен Швейцарияның шегарасында орналасқан қаланың атымен аталды
А) Юра
Ә) Триас
Б) Бор
5. Гүлді өсімдіктер қалай тозаңданады?
А) Жел
Ә) Өздігінен
Б) Жәндіктер арқылы
6. Юра кезеңінде қандай өсімдіктер дамыды?
А) Жабық тұқымды
Ә) Ашық тұқымды
Б) Гүлді өсімдіктер
7. Мезазой заманында бауырмен жорғалаушылар эволюциясы қанша тармаққа бөлінді?
А) 3
Ә) 6
Б) 2
8. Сүңгитін су құсы қай кезеңде дамыды?
А) Триас
Ә) Юра
Б) Бор
9. Атлант мұхиты қай кезеңде пайда болды?
А) Бор
Ә) Триас
Б) Юра
10. Архозаврлар осы күнгі өкілдері?
А) Гаттерия
Ә) Кракодил
Б) Жорғалаушы
ЖАУАПТАР
1.Б) Триас
2.Ә) 3
3.Б) Сүтқоректілер
4.А) Юра
5.Б) Жәндік
6.А) Жабық тұқымды
7.Ә) 6
8.Б) Бор
9.Б) Юра
10. Ә) Крокадил
Х. Бағалау
ХI. Үйге тапсырма: §37. Мезозой заманындағы тіршіліктің дамуы. Кестені толтыр
|
Кезеңдері |
Ерекшеліктері |
|
Триас кезеңі |
|
|
Юра кезеңі |
|
|
Бор кезеңі |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген