400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ми бөлімі" 7 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін таныстыру,салыстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

Пән мұғалімі:Ж.Ж Муханбетова

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны: 14


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.1.7.4 – орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау

критерийі

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Жұлын. Ми. Ми бөлімдерінің ми құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, география.

Алдыңғы оқу

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Гүл суреттері бойынша бөліну.

Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.





Үй тапсырмасы:"Серпілген сауал" өткен тақырып бойынша сұрақтар

1.Жүйке жүйесінің бөлімдері?

2.Атқаратын қызметіне байланысты жүйке жүйесі қалай жіктеледі?

3.Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері?

4.Орталық жүйке жүйесіне не кіреді?

5.Шеткі жүйке жүйесіне не кіреді?

6.Жұлыннынң қайда орналасады?

7.Жұлынды қоршайтын қандай зат?

8.Жұлынның қызметі қандай?





1-топ:

Раушан

2-топ:Тұңғиық

3-топ:Түймедақ



Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ми – эволюция мұраты. Бұл – ОЖЖ –екінші әрі маңызды бөлімі.

Ол бассүйегінде орналасқан.





Грек жаңғағының адам миына ұқсастығының өзі көп нәрседен хабар берердей. Біріншіден, грек жаңғағы миға өте пайдалы антиоксидант есебінде қажетті. Және бұл жаңғақ түрі басқа жаңғақ түрлерін көш ілестірмей кетеді. Мәселен, жақында ғана зерттеушілер осы бір жаңғақтың құрамындағы заттар адам миының тез шешім қабылдауы мен ақпарттарды жылдам қағып алуында елеулі орын алатынын дәлелдеп шықты. Ол аз десеңіз, тағы бір ғалымдар грек жаңғағының ағзадағы екі пайызының өзі (қалыпты табылып тұратын болса) мидың қартаюы мен жоғары бөлік қызметінің ұдайы қызмет үстінде болуын, когнитивтік жүйені (тану қасиеті) реттеп отырады деп сендіреді.


«Қар кесегі» әдісі

Үлкен ми сыңарларының барлық бөлімдері өзара тығыз байланысты және бірлесе қызмет атқарады. Яғни ми толыққанды жұмыс істеу үшін қыртыстың әртүрлі бөлігіндегі жеке орталықтар ғана емес, қажет барлық құрылымдар бірге жұмыс істеуі керек. Мысалы, ауызша сөйлеу орталығы маңдай бөлімінде орналасқан. Ол естіген сөзді түсінуге жауап беретін самай бөліміндегі орталықпен және оқуға – көрген әріптерден сөз құрастыруға, ал сөзден – сөйлем құрастыруға жауап беретін шүйде бөлігіндегі көру орталығымен тығыз байланысты. Жазбаша сөйлеу орталығы да маңдай бөлімінде орналасқан, ол жазу кезінде қол бұлшық еттерін басқаруға жауап беретін қимыл-қозғалыс орталығымен байланысты. Сөйлеу орталығының қалыптасуына оң қолмен жаттығу – еңбек іс-әрекеті себеп болады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)

Ортақ сүрақтар:

Эволюция барысында мидың қандай бөлігі едәуір күрделенді? Бұл өзгерістер ағза қасиеті мен мүмкіндігіне қалай әсер етті?









Ортасы

10 минут







Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Көп адамдарда сөйлеу орталығы сол жақ сыңарда орналасқан, ол оң жақ сыңарда болмайды.

Маңдай бөлімінің тағы бір маңызды қызметі – күрделі қимыл- қозғалысты басқару. Ол оқу барысында қалыптасатын қимыл-қозға- лысты – жазуды, музыкалық аспаптарда ойнау, спортшылардың қимыл- қозғалысы, велосипед тебу, автомобиль жүргізу немесе басқа техниканы басқару, клавиатурада басу сияқты басқа да қимыл-қозғалыс басқарады. Төбе бөлігі – тері-бұлшық ет сезімталдығына жауап береді. Осы жерге тері рецепторларынан ақпарат келіп түседі. Біздің ағзамыздағы ең сезімтал ағзалар – (қол саусақтары, тіл, ерін) бұл бөлімде, мысалы, арқаға қарағанда көп орын алады.

Төбе бөлігінің сезімтал аймағы және маңдай бөлімінің қимыл аймағы қатар орналасқан. Ғалымдар оларды біртұтас қызмет атқару жүйесіне:

«соматосенсорлық және қимыл-қозғалыс қыртысына» біріктіреді.

Шүйде бөлігі – көру орталықтары орналасқан орын.

Самай бөлігі – есту орталықтары.

Топтарға тапсырма:

1. Омыртқалылар миының эволюциясының негізгі кезеңдерін сипаттаңдар.

2. Үлкен ми сыңарлары бөліктерінің құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін сипаттаңдар.

3. Оқуылық мәтінін пайдаланып, адамның ми және жұлынының құрылысын салыстырыңдар. Соған сәйкес сызба сызыңдар.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.






Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


















«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.


Сергіту сәті

2 минут

«Қаражорға» биі

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Пікірталас:

Келешекте жануар, өсімдік және автомобильде сана болуы мүмкін бе?


1. Неліктен ғалымдар осы уақытқа дейін «калькуляторлы сана» немесе «жасанды интеллект» жасай алған жоқ?

2. «Көз қарайды, ми көреді» деген пікірді қалай түсінесіңдер?

3. Сол қолмен жазу жазатын адамдардың үлесі шамамен 15% құрайды. Олар- ды әдебиетке және өнерге бейім деп айтады. Себебін түсіндіріп көріңдер.



«Шеңбердегі доп» әдісі

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады.





«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі









Бағалау


5 минут







Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы








Рефлекс

Мені қызықтырғаны...

Мені қуантқаны...

Мені қинағаны...



Бағалау парақшасы








Оқушы өз ойын айтады













Тест тапсырмасы

1. Мидың жұмысын зерттеу әдісі

А) Электрокардиография

В) Электроэнцефолография

С) Флюрография

D) Радиография

Е) Эндоскопия

2.Әрбір ми сыңарындағы бөліктер саны

А) 5

В) 3

С) 6

D) 7

Е) 4

3.Үлкен ми сыңарлары құралған

А) Ақ заттан

В) Сұр заттан

С) Сұр және ақ заттан

Д) Қатты қабаттан

Е) Жұмсақ қабаттан

4.Үлкен ми сыңарларының сыртындағы

сұр заттың қыртысындағы нейрондар

А) 12 миллиард

В) 10 миллиард

С) 18 миллиардтан астам

Д) 16миллиардтан астам

Е) 14миллиардтан астам

5.Сезу-қимыл аймағы

А) Шүйде бөлігінде орналасады

В) Самай бөлігінде орналасады

С) Маңдай бөлігінде орналасады.

Д) Төбе бөлігінде орналасады

Е) Маңдай, төбе бөлігінде орналасады

6.Көру аймағы

А) Төбе бөлігінде орналасады

В) Шүйде бөлігінде орналасады

С) Маңдай бөлігінде орналасады

Д) Самай бөлігінде орналасады

Е) Самай, төбе бөлігінде орналасады

7.Есту аймағы

А) Самай бөлігінде орналасады

В) Маңдай бөлігінде орналасады

С) Төбе бөлігінде орналасады

Д) Шүйде бөлігінде орналасады

Е) Самай, шүйде бөлігінде орналасады

8.Дәм сезу, иіс сезу аймағы

А) Шүйде бөлігінің ішкі жағында орналасады

В) Самай бөлігінде орналасады

С) Маңдай бөлігінің ішкі жағында орналасады

Д) Төбе бөлігінде орналасады

Е) Самай, шүйде бөлігінде орналасады

9.Үлкен ми сыңарларының беті

А) Сайлы, қатпарлы

В) Тегіс, қатпарлы

С) Терең сайлары өте көп

Д) Тегіс

Е) Бүдірлерге толы

10.Жүйке ауруларын емдейтін дәрігер

A) Травматолог

B) Невропатолог

C) Хирург

D) Эндокринолог

E) Кардиолог



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі