400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Microsoft Excel 2013 электрондық кестесін есептеулерде қолдану» тақырыбы

Материал туралы қысқаша түсінік
1 курс студенттерге, Microsoft Excel 2013 электрондық кестесімен дұрыс жұмыс жасау, есептеулерде қолдануды үйрену.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫның

«САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ

АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК



«Келісілді» «Бекітемін»

Оқу әдістемелік Директордың оқу-әдістемелік

кабинетінің меңгерушісі жұмысы жөніндегі орынбасары

___________А.Көпжасарова _________ Ж.Кереева

«____» __________2019ж. «____» _________2019ж.










АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ



Тақырыбы: «Microsoft Excel 2013 электрондық кестесін есептеулерде қолдану»


Пәні: Информатика

Тобы: УиАб-19









Жаратылыстану-математика ПЦК Дайындаған:

отырысында қаралды және келісілді информатика пәнінің

Хаттама № _________ оқытушысы

«____» ____________2019 ж _____Э.Мухамбеткалиева

ПЦК төрайымы

_________Э.Муханбеткалиева







АТЫРАУ- 2019



Сабақтың тақырыбы: Тәжірибелік жұмыс: Microsoft Excel 2013 электрондық кестесін есептеулерде қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Cандық ақпаратты электрондық кесте көмегімен компьютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тəсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешуді

қалыптастыру;
Тәрбиелілігі: Студенттерді өз ойын жеткізе білуге, жылдам шешім қабылдауға, тапқырлыққа, өзара ақпа ат алмасуға, әр-түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануда пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Дамытушылығы: Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын, өз бетімен іздену арқылы логикалық ойлау қабілеті мен дағдысын, объектінің компьютерлік моделін құру біліктілігін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: CLIL,TBLT технологиялары, Аktiviti әдісі, топтық жұмыс, өз бетімдік жұмыс, критериалды (рубрика бойынша) бағалау.

Қажетті құралдар мен жабдықтар: Моноблок, интерактивті тақта, слайд, таратпа парақшалар, фишкалар.

Сабақтың жүру барысы

  1. Ұйымдастыру. (2 мин)

Студенттермен амандасу, студенттерді түгендеу, студенттерді сабаққа дайындау. Алдарында партада жаткан әр түрлі техникалық құралдардың логотипінің қиындыларын құрап, өзара 2-3 топқа бөлінеді. Топ басшысын тағайындау

Депозитке ақша жинаймыз, әр бір дұрыс жауапқа 1$ беріп тұрам, соңында кімнің ақшасы көп, сол жақсы бағаға ие болады.


  1. Үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

Aktiviti №1

Learning apps бағдарламасындағы Кім миллионер болғысы келеді ойынын ойнау.

  1. Excel бағдарламасын іске қосу жолын кім айтады?

  2. Бағдарламаның қандай мүмкіндіктерге ие?

  3. Ұяшық дегеніміз не?

  4. Ұяшыққа мәліметтің неше түрін енгізе аламыз?

  5. Баған мен жолдың максимальды саны нешеге тең?

  6. Excel бағдарламасында есептеу кезінде формула алдына қандай белгі қойылады?

  7. Жұмыс кітабы неден тұрады?

Aktiviti №2

Bilimland бағдарламасындағы жаттығуларды орындау.

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/ehlektrondyq-keste-turaly-negizgi-tusinik

Aktiviti №3

Ұяшықтар адресі арқылы мәтін сөздерді табу.



  1. Жаңа тақырып. Электрондық кестеде есептеп көрсету (15 минут)

Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі.

Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар: қызыл крест, жасыл белгі « » және «=» белгісі немесе 

Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер - өшіріледі.

Егер   белгісінің батырмасын шертсеңіз, экранда Функция шебері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінеді.

Формула жолы

Енгізуді аяқтау үшін Enter –ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек.

Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.

Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.

MS Excel -де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.

Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында   белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма)   батырмасын шертіңіз.



4. Практикалық есептер шығару. (40 минут)

Студенттерге жаңа материалды түсінгендігін тексеру үшін тапсырма беріледі.

(Барлық топ мүшелері жеке-жеке компьютерде тапсырмалар орындайды, бірінші орындаған екі топ студенттері ішінен бір-бір студент шығып интерактивті тақтада орындап көрсетеді).


TOPIC: Microsoft Excel 2013 бағдарламасымен жұмыс жасау.

Aim: Microsoft Excel 2013 электрондық кестесін есептеулерде қолдануды үйрену;

Objective: бағдарламаның көмегімен мекеме жұмысшаларының жалақысын есептеп, оны компьютермен орындау.

MATERIALS:

  • моноблок, нұсқаулық;

  • презентация;

  • Microsoft Excel 2013 бағдарламасы;

Бөлім

Тақырыбы

TIME

PRE TASK



TASK

  • Microsoft Excel 2013 бағдарламасын іске қосып, бағдарламаның, мүмкіндіктерін еске сала отырып, жалақыны есептеудің жоспарын құру және оны компьютерге орындау;

5

REPORT PLANNIG

  • Кез келген мекемедегі жұмысшы жалақысын есептеу үшін ең бірінші не қажет?

(жалақы мөлшері қажет)

  • Одан кейін ол жалақыны заңды түрде рәсімдеу үшін нені білуіміз керек? (салық, зейнетақы ұстаудың пайыздарын білу керек)

  • Оның барлығын есептеу үшін Microsoft Excel 2013 бағдарламасында нені пайдалануымыз керек? (бағдарламадағы формуланы білуіміз керек)

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріне шағын жалақыны есептеу жоспарын құрып алады.

25

TASK REPORTING

Білім алушы компьютерге жалақыны есептеу жоспарын қандай элементтерді, формуланы қолданғандығы жөнінде қысқаша ақпарат беріп қорғайды.

Оқытушы тыңдап ескертулер мен коментарий айтылады.

10

ANALYSIS

анализ жасауға кез келген мекеме жұмысшының жалақасын есептеудегі жоспарын экран бетіне шығару

5

PRACTICE

https://www.youtube.com/watch?v=qSTsU0S3L0Y

практика жасау, қайталау, тапсырма беру

5

HOMEWORK















DATA___________ NAME STUDENS ___________________

ASSIGNMENT: Практикалық жұмыс

TOPIC: Microsoft Excel 2013 бағдарламасымен жұмыс жасау.

TASK OVERVIEW: бағдарламаның көмегімен мекеме жұмысшаларының жалақысын формула арқылы есептеп, компьютермен орындауды меңгерту

MATERIALS: моноблок, нұсқаулық көрсетілген үйлестірме қағаздар.

INSTRUCTIONS $ REQUIREMENTS

STEP 1

  • Бағдарламаны іске қос;

  • Жоспар бойынша жасақталған деректерді кестеге енгіз;

STEP 2

  • Деректер базасының бағанында (жұмысшының аты жөні, есептелгені; пенциялық 10%, салықтың 5%, қолына алғаны және алған ақшасының $ айналдырған түрі болу керек)

STEP 3

  • Жұмысшының барлық жалақысының (пенциялық 10%, салықтың 5%, қолына алғаны және алған ақшасының $ айналдырған) түрін СУММ командасымен қос.

STEP 4

  • Компьютермен жасалған жұмысты флешкаға құйып, интерактивті тақтаға көрсет және оны қорға (5 мин);

NOTE:

  • Тапсырманы 15.00-16.20 уақыт аралығында тапсыру керек. Уақытымен тапсырылмаған ақпарат қаралмайтынын ескертемін.

  • Осы орындалған тапсырма сіздің аттестация бағасының 20% құрайды.

Рубрика для оценки

Критерия

Орташа «3»

Жақсы «4»

Өте жақсы «5»

Деректер базасының толықтылығы

ақпарат толық енгізілген, формула бойынша есептелмеген

ақпарат толық енгізілген, деректер типтері дұрыс, формула бойынша дұрыс есептелген барлығы СУММ мен табылмаған

ақпарат толық енгізілген, деректер типтері дұрыс, формула бойынша дұрыс есептелген барлығы СУММ табылған

Компьютерлік сауаттылығы

Мәліметтер қоры дұрыс қатесіз енгізілген, бірақ деректер қорының атауы топтың атымен сақталмаған

Мәліметтер қоры дұрыс қатесіз енгізілген, деректер қорының атауы топтың атымен сақталған, адам саны толық емес

Мәліметтер қоры дұрыс қатесіз енгізілген, деректер қорының атауы топтың атымен сақталған, адам саны толық енгізілген

Белсенділік пен уақыты

Белсенділігі жақсы, теру жылдамдығы орташа

Белсенділігі өте жоғары, теру жылдамдығы жақсы

Белсенділігі мен теру жылдамдығы өте жоғары, барлығы уақытымен орындалды



Бекіту. Адасқан сөздер. (5 минут)

Екі топқа екі түрлі сөздер таратылады. Сол сөздерден сөйлем құрастыру.

Адасқан əріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару жəне мағынасын айту керек. (Əрбір жауап берген студентке 1$ беріліп отырады)

К Ұ Я Ш Д И

І Т А Ы Қ А

Ө Р П Г М Т

Б Р Е К А Н

Е Т Т Е М А

К Е С А

Кітап-книга-Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген.

Бет- страница- list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады

Ұяшық- ячейка- cell; Excel бағдарламасында бағандар мен қатарлардың қиылысын ұяшық деп атайды.

Диаграмма-диаграмма-diagram ; мəліметтерді графиктік түрде көрсету

Кесте-таблица- table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;

Формула-формула- formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;


Learning apps бағдарламасындағы Бәйге ойынын ойнау. Бағдарламаның негізгі объектілеріне бір шолу жасау.


Қорытынды (5 мин)

Quezlet.life бағдарламасымен топты бағдарламаның термин сөздерімен таныстыру

Кітап-книга-Book;

Бет- страница- list;

Ұяшық- ячейка- cell;

Диаграмма-диаграмма-diagram

Кесте-таблица- table;

Формула-формула- formula;


Кері байланыс (3 минут)


Бағалау (3 минут)

- Əр студенттің жинаған 1$ санап, ең көп жинаған жеңімпаз топты анықтап, мадақтау

Үйге тапсырма (2 минут)

https://www.youtube.com/watch?v=lVIZsL-DNhQ













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі