жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Мінез - ақылдың сауыты
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8-бөлім Адамның сырт келбеті мен мінезі |
Мектеп: «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
|||||||||||||||||
Күні: 14.03.2019 ж |
Мұғалімнің есімі: Динара Туктиева |
|||||||||||||||||
СЫНЫП: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Мінез-ақылдың сауыты |
|||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 5.ӘТН4.3. Сын есімдер мен шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу. |
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: |
|||||||||||||||||
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, сын есімдерді қолданады. |
||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
||||||||||||||||||
Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін таниды, сын есімді зат есім орнына қолданады. |
||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: |
||||||||||||||||||
Тақырыптың өзектілігін айқындайды, өзіндік көзқарасын білдіріп, өмірмен байланыстырады. |
||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтап, сын есімдерді орынды қолдана алады. |
|||||||||||||||||
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:оқшау сөздер, эмоционалды сөздер , отыз екінші қарасөз, мінезді қалыптастыратын қасиеттер мен қабілеттер. |
||||||||||||||||||
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: мінез, келбет, ақылдың сауыты, беріктік, сыпайылық, сөйлеу мәдениеті. |
||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар:Адамның мінезін түзеуге бола ма? |
||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||
Не себепті адам мінезін түзеуге болады деп ойлайсыз? |
||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||
ишара:көңіл күйді ишарамен көрсетеді. |
||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
- Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. - Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін, сын есімді зат есім орнына қолданады. - Тақырыптың өзектілігін айқындай алады. - өзіндік көзқарасын білдіріп, өмірмен байланыстыра алады.. |
|||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» атты тармағына сәйкес «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімін оқыту барысында адам бойындағы ақыл, мінез сияқты қасиеттердің өмірдегі басты қызметтері мен артықшылықтарын түсінеді. |
|||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Оқушының ой ұшқырлығын дамытуда әдебиет пәнімен, өзін-өзі реттеу, тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту мақсатында өзін-өзі тану пәнімен байланыста оқытылады. |
|||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Адамның сыртқы келбеті мен портретін сипаттай алады. |
|||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басы 8 мин 1 мин
2 мин 5 мин |
Ынтымақтастық орта қалыптастыру. Түркі тілдес тілдердің тәңірісің, Ана тілі қазағымның тамырысың. Гүлденерсің әлі де түрленерсің, Сен мәңгісің, осыны бәрі білсін. Қазақ тілім, қазақ тілім, ана тілім, Көркейе бер, көктей бер, дана тілім. Үй тапсырмасын сұрау 1.«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы 138-бет, 12-тапсырма. Келбет пен ұлттық дәстүр бірлігін сақтау – парыз. Адамның сыртқы келбеті көп нәрсені аңғартады. Бірақ адамның сырт келбетіне қарап оның қандай адам екенін білу мүмкін емес. Адамды қарым-қатынас жасау арқылы танисың. |
Оқушылар өлеңді мәнерлеп айтады.
12-тапсырманы айтады. |
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28 мин
2 мин
7 мин
5 мин
7 мин |
Қызығушылықтарын ояту. «Көркем мінез не екенін білесің бе?» Дастан Ақаштың өлеңін тыңдату. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтайды. Сабақтың тақырбы мен мақсатын таныстыру. «Жайсаң», «Байсалды», «Шыдамды» 3 топқа бөлемін. Білу.Түсіну. А)Адамның мінезіне байланысты өзі білетін сөздерді жазып, диаграмманы толтыртады. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. Дескриптор: - мінез түрлеріне байланысты диаграмма құрады, дәлелдейді. ҚБ «Бас бармақ» Ә)Айтылым. «Талқылау кестесі» әдісі арқылы «Менің атым - Қожа» хикаятындағы кейіперлердің мінезін сипатта. «Жайсаң»: Жантас «Байсалды»: Қожа «Шыдамды»: Жанар Дескриптор: -суреттегі кейіпкерлердің мінезін сипаттайды, дәлелдейді; -зат есім, сын есімді қолданады. ҚБ «Үш шапалақ»
Тыңдалым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады. Мәтінді мұқият тыңдатады. В) Айтылым. Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтаңдар. «Жайсаң»: Жүсіп Баласағұн бабамыз бақытқа жеткізетін қандай пайдалы үш нәрсені атап көрсетті? «Байсалды»: Мінезі бар адамның ұяты бар дегенді қалай түсінесің? «Шыдамды»: Дана Абайдың адамның мінезін өзгертуге болады деген пікірімен келісесің бе? Дескриптор: - мәтінді мұқият тыңдайды; -жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Г)Жазылым. Оқулықтағы 6-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтінді талда. Төмендегі белгілермен әр абзацты немесе сөйлемдерді белгіле.
Дескриптор: -арнайы белгілермен әр абзацты, сөйлемдерді белгілейді. Жеке жұмыс. Берілген мәтіннен зат есім мен сын есімдерді тауып, морфологиялық талдау жаса. Мәтін бойынша өз ойыңды қорытындылап жаз. Дескриптор: - мәтіннен зат есім мен сын есімдерді табады, морфологиялық талдау жасайды; -мәтін бойынша өз ойын қорытындылап жазады. Деңгейлік тапсырмалар: Мәтін мазмұнына сәйкес тапсырмаларды орындау. Дескриптор: -мәтін мазмұнына сәйкес кестелерді толтырады. ҚБ «Шеңбердегі доп»
Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны арқылы адамның мінезіне байланысты тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашады.
2.Талдау және қолдану. Айтылым. Абайдың отыз екінші қарасөзін оқып, тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтаңдар. Дескриптор: –тірек сөздерді пайдаланып, негізгі ойды анықтайды. «Байсалды» тобы: «Т»кестесі әдісімен мінезге тән қасиеттерді саралаңдар.
Дескриптор: - мәтін мазмұнын түсінеді; -мәтіндегі мінезге тән қасиеттерді саралайды, кестені толтырады. «Шыдамды»тобы: «Торлы» диаграмма арқылы қарасөздегі негізгі идеяны білдіріп тұрған сөйлемдерді табу, тіркеспен кестеге толтыру. Дескриптор: - мәтін мазмұнын түсінеді; -мәтіндегі негізгі ойды анықтайтын сөйлемдерді табады.
«Жайсаң»тобы: «Бес жолды өлең» әдісі арқылы қарасөзді тақырыппен байланыстырып, өлең құрастыру. Дескриптор: - мәтін мазмұнын түсінеді; -қарасөзді тақырыппен байланыстырып, кестені толтырады. Деңгейлік тапсырмалар: Кейбір оқушылар: Мәтін мазмұнына сәйкес өз ойын қорытындылап жазыңдар. Дескриптор: - сын есімнің түрлерін қолданады, мәтін бойынша өз ойын сипаттап жазады. ҚБ «Мадақтау» |
Өлеңді тыңдайды, сабақтың тақырыбын анықтайды.
Адамның мінезіне қарай 3 топқа бөлінеді.
Жазылым. Диаграмма толтырады.
Бейнебаян көрсетіледі.
Айтылым. «Менің атым - Қожа» фильміндегі кейіпкерлеріне сипаттама береді.
Тыңдалым. Мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұптық жұмыс. Мәтінді талдайды, белгілейді.
Жеке жұмыс. Тақтаға морфологиялық талдау жасайды, өз ойларын қорытындылап жазады.
Мәтін мазмұны бойынша кестені толтырады.
Тұрақты тіркестердің мағынасын ашады.
Айтылым. Қарасөздің мәнін түсінеді.
Жағымсыз, жағымды мінездерді саралайды, кестені толтырады.
Қарасөздегі негізгі идеяны білдіріп тұрған сөйлемдерді табады.
Қарасөзді тақырыппен байланыстырып, кестені толтырады.
Кейбір оқушылар: сын есімнің түрлерін қолданып, мәтін бойынша өз ойын сипаттап жазады. |
||||||||||||||||
Сабақтың соңы 9 мин 7 мин 2 мин
|
Айтылым. «Ой тастау» әдісі Адамның мінезі – ақылдың сауыты болса, онда мінездің сыртқы келбетке де қатысы болғаны ма? «Жайсаң»: «Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады» Әл-Фараби «Байсалды»: «Жақсы мінез- бітпес байлығың, жаман мінез-өмірлік азабың» «Шыдамды»: «Мінез-жанның айнасы» Бағалау. Бағалау парағын толтырады. Үйге тапсырма: 7-тапсырма Тыңдалым мәтініне сүйене отырып, досыңа хат жаз. Хатта сын есімнің шырайларын қолдан. Кері байланыс «Шыңға шығу» |
Айтылым. Әр топ берілген нақыл сөздермен сабақты қорытындылайды.
Шыңға шығады. |
||||||||||||||||
Қосымша мәлімет |
||||||||||||||||||
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс – Денсаулы және қауіпсіздік, АКТ- мен байланыс. Құндылықтармен байланы (тәрбие элементі). |
||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Сын есімнің түрлерін қолданып, мәтін бойынша өз ойын сипаттап жазады. А деңгейлі оқушылар: Тыңдалым мәтінінің мазмұнына сәйкес кестелерді толтырады. |
"Бас бармақ", «Үш шапалақ», «Шеңбердегі доп», «Мадақтау» оқушылардың сабақ мақсатына жету әрекеттерін бағалауда қолданамын.
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» атты тармағына сәйкес «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімін оқыту барысында адам бойындағы ақыл, мінез сияқты қасиеттердің топқа бөлуде, «Талқылау» кестесін толтырып кейіпкерлерге мінездеме беруде,«Т»кестесі әдісімен мінезге тән қасиеттерді саралауда,«Торлы» диаграмма арқылы қарасөздегі негізгі идеяны білдіріп тұрған сөйлемдерді табу, тіркеспен кестеге толтыру барысында, «Бес жолды өлең» әдісі арқылы қарасөзді тақырыппен байланыстырып, өлең құрастыруда, «Ой тастау» әдісі арқылы сабақбойынша қорытынды жасауда адам өміріндегі маңызын түсіне білді, түсінеді. |
||||||||||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жаұсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұраққа жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтап, өз пікірін еркін білдіруде сын есімдерді орынды қолданады. Жоспарланған саралау жақсы іске асты.Уақытты тиімді пайдаландым. Жетекші сұрақтарға оқушылар шынайы түрде жауаптарын айтып, мінездің жақсы-жаман түрлерін, жаман мінездің адамның іс-әрекетіне кедергі келтіретінін, жақсы мінездің әрдайым жақсылыққа апаратынын айтып өтеді.
|
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген