Ашық сабақ "Мінез-адам көрсеткіші" 9-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мінез-адам көрсеткіші" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам мінезін жақсы және жаман түрлерін ажырата білуге үйрету, адам бойындағы жаман мінездерді жою, жақсы мінездерін ізгілікке дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Минск орта мектебі







Shape1



Тақырыбы: «Мінез – адам көрсеткіші»







Өткізген: өзін – өзң тану пәнінің мұғалімі Сағит О.Д.













2016 – 2017 оқу жылы


Күні: 30.11.16

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Мінез – адам көрсеткіші

Мақсаты:

білімділік: адам мінезін жақсы және жаман түрлерін ажырата білуге үйрету.

дамытушылық: адам бойындағы жаман мінездерді жою, жақсы мінездерін ізгілікке дамыту

тәрбиелік: адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жұптық, ұжымдық, ойын, тренинг, ой қорыту, сұрақ-жауап, сезімін, тілегін білдіру.

Көрнекіліктер: белсенді тақта, бейнематериал, күн және бұлт суреттері, плакат, маркер, стикерлер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа деген көңіл – күйлері мен құрал – жабдықтарының дұрыс екендігін анықтау.

Үй тапсырмасын тексеру. «Ар – намыс керек адамға» тақырыбындағы мәтінді сұрақтар қою арқылы мазмұнын әңгімелеу. (ия және жоқ)

А) Абай. Отыз алтыншы сөз

Сұрақтар:

  1. Шын ұят шындай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады (Ия)

  2. Отанды сүю, оны қорғау менің міндетім емес ( Жоқ)

  3. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде иман сонда» деген (Ия)

  4. Жаным – жанымның садағасы

Малым – арымның садағасы (Жоқ)

  1. Ұят өлімнен күшті (Жоқ)

  2. Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, кісілігі оның адамдық ар – намысты ардақтауынан, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуынан басталады (Ия)

  3. Ар – намыс керек адамға (Ия)


Шаттық шеңбері: Түстер пихологиясы

Жаңа сабақ. «Мінез – адам көрсеткіші»

Әңгімелесу.

  1. Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?

  2. Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

  3. Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

  4. Жаман мінезді қалай түзеуге боады деп ойлайсыз?


Мінез дегеніміз – әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.

Рухани дүниесі бар, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді.

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, қоғамдық ұйымдар, т.б) тығыз байланысты. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала тумысынан еңбексүйгіш немесе жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Мінез ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие үрдісінің ықпалымен қалыптасып отырады.


«Әрқашан күн сөнбесін!» (Күн және бұлт)

Мінезге байланысты қазақша тұрақты тіркестерді білеміз бе? (аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты - ұрысқақ, ашушаң); (қой аузынан шөп алмас – момын, бірде бие, бірде түйе – құбылмалы мінез, жер қозғалса да қозғалмайтын – сабырлы, ұшарын сай, қонарын жел білетін – тұрақсыз мінезді, жүрек жұтқан – батыр, жүрегінің түгі бар – қорықпайтын, су жүрек –қорқақ, көк езу –езуі жиылмайтын) 



Мінезді тәрбиелеу жолдары мен мінез жөніндегі білімдер

Характерология – мінез құбылысын зерттейтін ғылым.

Жұлдызнама (гороскоп) – адам мінезін туған күнімен байланыстырып түсіндіреді.

Физиогномика – адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым.

Хиромантия – адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.

Дерматоглифика – бармақ, алақан терісінен тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым.

Графология – мәнерлі әрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым


Кітаппен жұмыс. Ұлағатты сөздер талдау.

Жақсы мінез құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылдық қасиеттер болып табылады.

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты.

Әл-Фараби

Мінез – құлық – әркім өзінің кейіпін көрсететін айна.

И.Гете

Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма – шуақ болады.

Демокрит

Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек қана әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.

К.Д.Ушинский

Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.

Б.М.Теплов


Сұрақ: жалпы мінездің қанша түрі және қандай түрлерін білесіздер?

Дәптермен жұмыс. Шығармашылық жұмыс. Мына мінездерге берген түсініктерін сәйкестендір

Жібектей есілген мінез-

Тентек-

Кесір-

Кербез-

Паң-

Мақтаншақ-

Ерке-

Тура -


ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ

  1. Жібектей есілген мінез – үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән

  2. Тентек ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.

  3. Кесір – жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.

  4. Кербез – бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән.

  5. Паң – тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән.

  6. Мақтаншақ – жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән.

  7. Ерке – сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, кайымсыздықтың лебі есіліп тұратын адамға тән

  8. Тура мінез – қара қылды қақа жарып бұлтақсыз сөйлемейтін, шыншыл, тәуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адамға тән


БЕЙНЕМАТЕРИАЛ

  1. Бейнематериалдан қандай ой түюге болады?

  2. Чемодан – өзіңіздің бойыңыздағы ең жақсы көретін қасиеттеріңізді салыңыз

  3. Қоқыс жәшігі – өзіңдің бойыңыздан арылғыңыз келетін мінез қатарын жазып салыңыз

  4. Еттартқыш – өзіңіздің ой елегіңізден өткізіп, саралап алып, алдағы уақытта өзіңізге керек болатын мінезді жазыңыз



Үйге тапсырма: В.А.Сухомлинскийдің өсиет сөзі. Кесте (Мінезімнің жақсы жақтары/ Мінезімнің міндері)


Рефлексия: (кері байланыс) «Білім ағашы» (алма, гүл, жапырақ)

Алма – мен бүгін көп үйрендім

Гүл – маған ұнады / ұнамады

Менде – әлі сұрақтар бар


Жүректен жүрекке: «Мені түсін» н/ е «Оның есесіне мен...» жаттығуы

Барлық оқушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

Мен көп сөйлеймін, оның есесіне... (көңілді жүре аламын)

Мен тәкәппармын, оның есесіне... (шындықты жақтаймын)

Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне... (бәрін жан-жақты ойлаймын)

Мен мақтансүйгіш емеспін, оның есесіне... (соған тұрарлықтай жетістікке жетуге тырысамын)

Мен өте сабырсыз адаммын , оның есесіне... (мақсатыма жете аламын)

Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне... (бәрін жақсы көре аламын)

Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне... (ел басына күн туса, етігіммен су кеше аламын)

Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне... (ренішімді тез ұмытамын)

Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне... (мінезімнің жақсы жақтары көп)












«Жунглидегі жаңбыр»

Нұсқау: бір – біріңіздің соңыңыздан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглиде жүрмін деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз)

Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз)

Қатты дауыл соқты ( қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізілді)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар)

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз)

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
2419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі