400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Міржақып Дулатов 2 сынып Әдебиеттік оқу пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға жаңартылған бағдарлама бойынша әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Мектепке барып келемін

Міржақып Дулатов. Мектепке.Мектептен.

Мұғалімнің аты-жөні: Аманиязов Д.З.

Күні: 27.12.2019 жыл

СЫНЫП: 2 «Б»


Қатысқаноқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.1.2.Шығарманы іштей оқып,ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.1.4.1 - сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі. Ағылшын тілі

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Психологиялық тренинг

Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
- Балалар, ендеше атқарған істеріне сәттілік тілеймін.

—  Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

—  Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін


Топқа бөлемін : парта, кітап, тақта, қалам суреттерін пазл арқылы бірігіп, 4 топқа бөлініп отырады.

Топ ережесі

1. Мұғалімді мұқият тыңдау

2. Болып жатқанға белсенді қатысу.

3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.

4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.

5. Топта бір-біріне көмектесу

Ыстық орындық әдісі арқылы


«Бір қадам алға...»

Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

Зейінді шоғырландыру сұрақтары:

-Сапар қандай бала?

-Парта Сапарға неге ренжіді?

-Қалай ойлайсың Сапар өз кінәсін мойындады ма?

-Парта неден жасалады?

- Сен Сапардың орнында болсаң, не істер едің?

- Әдепті бала туралы қандай мақалдар білеміз?




Әртүрлі суреттер арқылы топтарға бөлу.


«Менің жүрегім!»

Тренинг.




Топ ережесі

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

- Бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы: М. Дулатовтың Мектепке. Мектептен өлеңімен танысамыз.

(Интербелсенді тақтадан М. Дулатовтың портреті, өмірбаяны көрсетіледі)

Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Арғын тайпасының Мадияр руынан.

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды.

Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. 

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.


- 4 оқушы интербелсенді тақтадан М. Дулатовтың өмірбаянын оқып береді.


Тыңдалым: аудиомен тыңдалады.


Оқылым:Оқулықпен жұмыс

- М. Дулатовтың Мектепке. Мектептен.

Айтылым: Стоп кадр» әдісі арқылы оқушыларды тізбектеп оқыту

- 7 - 8 оқушы дауыстап, мәнерлеп, дауыс ырғағына, нақышына келтіріп орындайды және мазмұнын ашады.


Сөздік жұмысы

Тақтамен жұмыс. Майлыаяқ – иттің аты


Тыңдалым: аудиомен тыңдалады.

Оқылым: Оқулықпен жұмыс

Айтылым: «Стоп кадр» әдісі арқылы оқушыларды тізбектеп оқыту


Дәптермен жұмыс.Топтық жұмыс

1 – тапсырма.

Екі өлеңді салыстыр:

Парта –Мектепке. Таңертең аяз;.....

-Мектептен-Үй алдында Майлыаяқ жатыр еді суықтап......


Кітап Мектепте жұмыс істейтін қызметкерлер кімдер?

Аты жөндерін айтып бер

Тақта-Самауырдың суретіне зер сал .Осы суретке сай келетін өлең жолдарын тап. Өлең жолдарындағы самауыр суретін көрсету қазіргі заманауи самауыр мен салыстыру

Самауырдың пайдасы туралы кеңінен мағлұмат беру.

Қалам-Өзің туралы әңгімеле Қашан келіп ,қайтасың? Мектепке Мектептен.





Оқулық,

мәтіндер.

Топтық тапсырмалар

Ортасы

10 минут



Қолдану

Топтық тапсырмалар орындату.

2 – тапсырма.

Парта-Мектеп туралы 5 жолдық өлең.

Кітап.-Мектеп туралы мақал-мәтелдер айтады.

Тақта.-Мектеп туралы тақпақтар немесе өлеңдер айту.

Қалам-Мектеп туралы эссе жазады.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)


Оқулық

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Мен қазақпын.

Shape2


Жұмбақ шешу. Шешуін үш тілде айту

1. Білімнің дәнін тереді

    Балаға білім береді.(ұстаз)

2.Сағат сайын қағылды

   Тек мектептен табылды.(қоңырау)

3.  Білімнің мол сыйы асы

     Балғындардың ұясы(мектеп)

Аяғы біреу, қолы жоқ,

    өзі сөйлей білмейді.

    салған ізі сөйлейді.  (қалам)


«Біз де»

Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.

Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Бізде!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.

1.Мен мектептен келдім

2. Үйде тамақ іштім

3.Анама көмек бердім.

4.Үйде теңізге шомылдым.


1. Мектепте сабақ оқимыз

2. Тәртіпті, тазалықты сақтаймыз

3. Ұстаздардың айтқанын тыңдаймыз

4.Кітапханадан кітап алып оқимыз

5.Сыныпта көбелек қуамыз

Оқушылар би билеп сергіп қалады.









Жұмбақтар

Аяқталуы

Сабақты бекіту 10 мин

«Шығармашылық» тапсырмасы:

КРИТЕРИЙ:

-Сұраққа жауап беріп, қажетті ақпараттарды айта алады

- Әр қызметтің орныныанықтайды.


Дескриптор:

-Өз ойын толық жеткізе алады.

- Сөйлеу барысында тілдік нормаларды қолданады.

Ой қорыту

«Ашық микрофон» әдісі

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.


Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады




Шығармашы

лық тапсырма суреттер





Микрофон





Кері байланыс

3 минут

«Білім ағашы» кері байланыс

Shape3

Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын.
Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады.

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқумақсаттары

шынайы ма?Бүгін оқушылар

не білді?Сыныптағы ахуал

қандай болды?Мен жоспарлаған

саралау шараларытиімді болды ма?

Мен берілгенуақыт ішінде

үлгердім бе? Менөз жоспарыма

қандай түзетулеренгіздім жəненеліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі