400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "М.Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі 7- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1. М.Жұмабаев өмірі мен «Сүйемін» өлеңі туралы білу
Материалдың қысқаша нұсқасы


С.Лапин атындағы № 261 орта мектеп







АШЫҚ САБАҚ





Тақырыбы: М.Жұмабаев өмірі, «Сүйемін» өлеңі

Сынып: 7 «Ә»

Пән мұғалімі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Арленкеева Бакиткуль Каттабековна
























Қызылорда қаласы, 2017 -2018 оқу жылы





Сабақтың тақырыбы

М.Жұмабаев өмірі, «Сүйемін» өлеңі

Сынып

7 «Ә»

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1. М.Жұмабаев өмірі мен «Сүйемін» өлеңі туралы білу

2. Өлеңнің мазмұнын түсіну;

3.Ақынның шығармашылығына және өлең құрылысына қарай талдай білуге үйрену;

Күтілетін нәтиже

1. М.Жұмабаев өмірі мен «Сүйемін» өлеңі туралы білетін болады.

2. Ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат, туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін түсінеді.

3. Ақын шығармашылығы, яғни прозашы, аудармашы, лирик ақындығы, бес арыстың бірі екендігі, өлеңнің тақырыбы, идеясы, көркемдегіш құралдарына қарай сипаттама беруді үйренеді

Табыс критерийі

1. «Сүйемін» өлеңінің авторы кім екенін білемін.

2. Өлеңнің мазмұнынтүсіндіре аламын.

3. Ақынның шығармашылығына және өлең құрылысына қарай талдай аламын.

Оқушыларға оқушыларға бүкіл өмірінАлашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың қаламынан туған «Сүйемін» өлеңінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюді насихаттау

Тапсырмалар

1.Ой –қозғау «Жүйрік жады» ойыны (сұрақ –жауап)

2.Топтық жұмыс

1-топ – М.Жұмабаевтың өмірі «Тұжырымдамалық карта» әдісі

2-топ- Ақынның шығармашылығы «Фишбоун» әдісі

3-топ- «Сүйемін» өлеңін өлең құрылысына қарай талдау

4-топ- Өлеңді рөлдік ойнау

3. Жұптық жұмыс

1-жұп –Ақын өміріне хронологиялық кесте

2-жұп- Венн диаграммасы (Мағжан мен Мұқағали ақындардың ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстыру)

3-жұп –Түсіндірме күнделігі

4. Жеке жұмыс«Жаттап ала қояйық» тапсырмасы


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)


ІShape1

Мұқағали

«Үш бақытым»

Отан

Ана тілі

Халық

.Ұйымдастыру (5 минут)

1. Психологиялық тренинг .Сынып оқушыларына жағымды ахуал

2. Топқа бөлу (Ақынның бойындағы қасиеттеріне қарай 4 топқа /І топ. Мағжан –сұлу сезім иесі. ІІ топ. Мағжан -жазушы, Бес арыстың бірі, ІІІ топ. Абай ізін жалғастырушы, ұстаз ІУ топ Полиглот, қоғам қайраткері) бөлу




1-қадам. 1.Ой –қозғау (сұрақ –жауап) «Жүйрік жады» ойыны Өткенді пысықтау (2 минут)


1. Үзінді қандай өлеңнен алынған? Авторы кім?

Сауыр жерден айырылып,

Қазақ елі жұқарды.

Сауыр емес, шап болды,

Заманға сай адамы -

Қу заманға сұм басшы,

Сорымызға тап болды.

( Дулат. «Аягөз, қайда барасың?»)


2. «Тарланым» атты өлеңнің авторы кім?

( Махамбет )


3. Шешендік сөздерден үш жетімді ата.

( Жаңбыр жаумаса, ел жетім,

Басшы болмаса, ел жетім

Ұқпасқа айтқан сөз жетім)


4. Біз өткен өлеңдердің біреуін жатқа айту.



1. Оқушыларға АКТ көмегі арқылы бейнеролик көрсетіледі. (ақын өмірі туралы)

(3 минут)

  • Проблемалық сұрақ.Осы бейнероликтен нені тамашаладық? Өткен тарих деп санамыздан алып тастау мүмкін емес, жүрегімізде өшпестей із қалдырған, ерекше сезім иесі, лирик ақын өлеңдерін оқығанда қандай сезімде боласың?Қалай ойлайсыңдар неге «Мағжан –бес арыстың бірі» және неліктен әдебиет өзінің ұлттық мүмкіндіктерін қоғамдық-саяси себептерге байланысты толық аша алмады?

Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.

Сабақтың табыс критерийлері оқушыларға ұсынылады:

1. «Сүйемін» өлеңінің авторы кім екенін білемін.

2. Өлеңнің мазмұнынтүсіндіре аламын.

3. Ақынның шығармашылығына және өлең құрылысына қарай талдай аламын.

2-қадам.Топтық жұмыс (постер қорғалады) (10 минут)

Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.

1-топ – М.Жұмабаевтың өмірі «Тұжырымдамалық карта» әдісі

2-топ- Ақынның шығармашылығы «Фишбоун» әдісі

3-топ- «Сүйемін» өлеңін өлең құрылысына қарай талдау

4-топ- Өлеңді оқи отырып, рөлге еніп ойнау

«Мадақтау сэндвичі» әдісімен бағаланады. (3 минут) Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді.

Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді. (2 минут)

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тапсырманың орындалуы





2

Өз міндетін атқаруы





3

Құнды идеяның айтылуы







3 -қадам. Жұптық жұмыс (6 минут)

1-жұп –Ақын өміріне хронологиялық кесте

Жылдар

Оқиғалар

1893-1938 ж.ж.

Өмір сүрген жылдары

1912 жылы

«Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді

1905 жылы

Қызылжар қаласындағы Шалақазақ медресесінде оқуға түседі.

1910 жылы

Шалақазақ медресесін жақсы үлгеріммен бітіреді.

1917 жылы

Алаш ратиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды

1929 жылы

« Халық жауы» деген жалған айыппен сотталды



2Shape2 Shape3

Мағжан

«Сүйемін»

Ана

Жар

Туған ел

Туған жер

Қазақ халқының

Патриотты азаматы

Ақын,

кітаптары бар,

лирик ақын,

45 жаста қайтыс болған

-жұп - Венн диаграммасы (Мағжан мен Мұқағали ақындардың ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстыру)

Shape4

Мұқағали

«Үш бақытым»

Отан

Ана тілі

Халық

















3-жұп –Түсіндірме күнделігі

Кімдерді, нелерді сүйді?

Сипаты қандай?

Сөздік жұмысы








«Бағдаршам» арқылы өзара бағалайды. (3 минут)



Сергіту сәті«Математикалық ойын» әр топ есеп шығара отырып,

мағынасын ашады (2 минут)

1000+803+45*2 = 1893 ақынның дүниеге келуі

600 *3 +109 = 1909«Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» өлеңін жазды

100*10+ (1000-81) = 1919 «Батыр Баян» поэмасын жазды

900*2+188= 1988ҚазКСР Жоғарғы Соты қылмысы жоқ деп ақтады.


3- қадам. 3. Жеке жұмыс «Жаттап ала қояйық» тапсырмасы (3 минут)


Көзіндей---------------- нұры жоқ,

Аузында жұмсақ жыры жоқ,

Жалынсыз, усыз ------------------құшағы.

Иірілмейді ------------------

Сөзі де жоқ - --------------,

Білгені - --------------------

------------ ғана жарым бар

Неге екенін ----------

----------------- сүйемін

«Дайын үлгі жауап» әдісімен бағаланады. (3 минут)


Кері байланыс. Сабақ рефлексиясы (3 минут)


Ұнады

Қиын болды

Тілегім










Кейінгі тапсырмалар

Жеке портфолиоға Мағжан Жұмабаев туралы деректерін жинақтап енгізу

Кейінгі оқу

«Сүйемін» өлеңін жаттап келу




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі