Сабақ тақырыбы: «Кел
ойнайық!»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Монтессори туралы түсінік
беру,тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз
байлығын тексеру, бекіту, өз пікірін айта білуін
қалыптастыру.
2.
Түзетушілік: тез ойлау, оқушылардың сөздік
қорын молайту, тіл дамыту логикалық ойлау, талдау, жинақтау
қабілетін дамыту,ұсақ моториканы дамыту.
3.
Тәрбиелік: қазақша сөздерді дұрыс айтуға,
сұрақ қоя білуге, толық жауап беруге тәрбиелеу, достық көмек,
біріге отырып ортақ мақсатқа жетуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: ойын
сабағы.
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру,
түсіндіру, ойын әдісі, сергіту әдісі.
Сабақтың
көрнекілігі: айна, шарлар, дәнді
-дақылдар,«Шалқам» ертегінің кейіпкерлері,
«Дэльфа-142.1»компьютер,сюжеттік суреттер,монтессори
құралдары,сандар кеспелер,пішіндер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі :
Психологиялық сәтті: «Шаттық
шеңбері» Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын
салайық, Бір-бірімізге сыйлайық! Балалар,күннің түсі қандай болады?
–Сары. - Күн бізге не береді? -Жарық,жылу
береді.
Логопед: Күн жарығын алақанға
салайық, Жүрегіме басып ұстап қалайық. Сондай жарық,мейрімді
көңілмен , Ашық сабағымызды бастайық
Балалар бүгінгі сабағымыз
бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені сабағымызға көптеген ұстаздар
және қонжық кейіпкері қонаққа келді.Сендердің
білімді,әдепті,шапшаңды болғандарын ды тамашалауға келіп отыр.
Қазір сабағымызды ойын түрінде өткіземіз. Сабақтың тақырыбы: «Кел,
ойнайық!». Осы уақытта алған білімдеріңді ортаға салып, ойын
ойнаймыз.
-Балалар,бір жылда неше мезгіл
бар? Қазір қай мезгіл ? -Қыс мезгілі. Мына суреттердің ішінен қыс
мезгілін табайықшы. 
Қыс мезгілінің желтоқсан
айының 12-сі.
Сөйлеу ережесін
ескерту.
ІІ.Тыныс алу
жаттығулары:
-Дұрыс сөйлеу үшін,алдымен дем
алу жаттығуларын жасайық.
«Дэльфа-142» компьютер-тренажермен
жүргіземіз.
«Шалқам»ертегі желісімен
жасаймыз.Есімізге түсіріп көрейікші ,осы ертегіде қандай
кейіпкерлер бар?(Балалар ,кейіпкерлерді суретпен
көрсетеді). 
-Дем алып, ұзақ үрлейміз.Бізде
тыныс алу жаттығуларын жасап көмектесеміз.Дұрыс үрлесек, ертегідегі
барлық кейіпкерлерді экранға шығарамыз.-Жарайсыңдар,балалар бұл
жаттығуны дұрыс орындадыңдар.
«Көпіршіктер» -Дем алып,ұзақ
үрлейміз.Ыдысымыз көпіршікке толады.
ІІІ.Артикуляциялық
жаттығулары: «Көмек». Шартты: Нұсқау бойынша
жаттығуларды кезеңімен орындату. –Балалар,суреттегі арыстанға
анасына жетуіне көмектесейікші. -Ол үшін нұсқау бойынша айнаға
қарап, тіл жаттығуларын жасаймыз.

-Ал,балалар қонжықтың бізге
әкелген ойын тапсырмалары бар екен.Сендердің ойынағандарыңды
тамашалап отырады.
IV.1. Дидактикалық ойын:
«Сәйкестендіру». Шартты: Адам мүшелерін тиісті заттпен
сәйкестендіру,сызып көрсету.
-Міне,балалар бірінші
тапсырманы жақсы орындадық. Енді екінші тапсырманы көрейікші,ол
үшін екінші есікті ашамызжәне орындаймыз.
V.2. Дидактикалық ойын:
«Жеміс,жидектер мен көкөністерді
ажырат». Шартты:Себеттерге
жеміс,жидектер мен көкөністерді ажыратып
салу.


-Жарайсыңдар балалар,бұл
тапсырманы дұрыс орындадық.
VІ. 3. Дидактикалық ойын:
«Ойлан,тап!» . Шартты : Суреттегі алманың
бөлігін сан ретімен тауып,құрастыру. 1-10дейінгі сандарды ретімен
қою.
Д

VІІ.
4.Дидактикалық ойын:
«Саңыраулақтарды себетке жина».
Шартты: Есептерді шығарып өз
себетіне салу.

-Жарайсыңдар,балалар! Бұл
тапсырманы да дұрыс орындадық.
VІІІ.Сергіту
сәті: «Бала,бала балапан»
Видео.
IX. Сабақты пысықтау:
5.Дидактикалық ойын:«Кім жылдам!»
ойыны. Шартты : Қонақтар ойын
ұсынады. Пішіндерді бір-бірімен жарысып
сәйкестендіру.
IX .Сабақты
қорытындылау:
-Міне,балалар барлық
тапсырмаларды орындадық.Қандай білімді,шапшанды екендігін
қонақтарға көрсеттіңдер.
X.Бағалау:
Мадақтау,мақтау.
Түркістан обласы. Білім
басқармасының «Арнайы мектеп-
интернаты»
Ашық
сабақ
«Кел,ойнайық»
Сыныбы:
0«ә»
Мерзімі: 12.12.2018
ж.
Дайындаған: А.
Айтжанова
Қабылдаған: Г.
Агатаева
Мырзакент 2018ж