400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ашық сабақ: Моғолстан. Әбілқайыр хандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл жаңартылған білім беру мазмұнына құрылған. Тарих пәні мұғалімдеріне көмегі бар,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3A XIII – XV ғғ. І жартысындағы Қазақстан

Мектеп: Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенгалиев А.К


Сынып: 6


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Моғолстан. Әбілқайыр хандығы.

Зерттеу сұрағы

Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді?


Сабақ мақсаттары


Моғолстан мен Әбілқайыр хандығындағы ішкі-сыртқы саяси оқиғаларды талдай отырып, оқиғалар мен тарихи үдерістер негізінде туындаған өзгерістерді сараптау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.6 картаны қолданып ХІІІ-ХV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;

6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;


Бағалау

критерийлері



Картадан мемлекеттердің шегараларын анықтап, саяси үдерістерін талдайды.

Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін талдайды.

Тілдік мақсаттар

Суреттер арқылы екі мемлекеттің ханын табады, кескін картадан шегараларын белгілейді, жарсы сабақ түрінде өтіледі (жазылым, оқылым дағдылары).

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Хандық, ұлыс, «тоқсан екі баулы өзбек», моғол, дулат, ұлысбегі, әмір, бек, қараша, інжу, сойырғал, иқта, вақф, тағар, қалан, құшыр, зекет, харадж, баж, т.б.

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Бұл өзгерістер ерте орта ғасырларға қарағанда маңыздырақ болды, өйткені…

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Құндылықтарды дарыту

-Өткен тарихына құрметпен қарап еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

-Оқушылардың бойына жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру, ашықтық, сыйластық, патриоттық қасиеттерді қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен, кескін картамен жұмыс арқылы география пәнімен байланысты жүзеге асыру.


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы, Ақ Орда мемлекетінің құрылуы мен құлдырау себептері туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Жарыс сабақ.

Ұйымдастыру бөлімі.

(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері, зерттеу сұрағы таныстырылады.


Топқа бөлу:

Әріптер таратамын. Таратылған әріптерден мемлекетті құрастырады.2 топқа бөлінеді. Әбілқайыр және Моғолстан. 3 тәуелсіз сарапшы сайланады.

Зерттеу сұқтары:

  • Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның этникалық және қоғамдық құрылымының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қандай?

  • Моғолстан мен Әбілқайыр хандығындағы саяси оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді?

Слайдтар

Таратпа сурет, мәтіндер


Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.

Сабақтың ортасы

15 минут




















10 минут












5 мин





Зерттеу және талдау.Топтық жұмыс


Өздеріңізге хан сайлап алыңыздар. (Ханның сурет беріледі)



Хандардың билік еткен жылдарын анықта?



1-тапсырма: кескін картаға өз шегараларыңызды белгілеңіздер.

Моғолстан тобы өз шегарасын белгілейді.

Әбілқайыр тобы өз шегарасын белгілейді.


Shape1 Shape2


Тәуелсіз сарапшы саралайды.





«Жүйрік ат» әдісі:


Моғолстан тобына.

1.Моғолстан орнында бұрын қандай ұлыс болғанын анықта?

2.Моғолстан аталу себебі неде?

3.Әмір Поладшы неге хан болып сайланбады?

4.Шағатай ұлысының батыс бөлігі мен шығыс бөлігі кімдерге тиесілі болды?

Әбілқайыр тобына:

1.Әбілқайыр хандығының орнында бұрын қандай мемлекет болғанын анықта.?

2.Тарихи жазба деректерде хандықтың аты?

3.Әбілқайыр хан болып сайлануының себебі неде?

Тәуелсіз сарапшы:

Екі мемлекеттеде хандардың сайлану ерекшеліктері қандай?


Бағалау критерий

Дескриптор

Картадан мемлекеттердің шегараларын анықтап, саяси үдерістерін талдайды.


1.Моғолстанның шекарасын анықтай алады.

2.Моғолстанның саяси үдерістерін талдай алады.

1.Әбілқайыр хандығының шекарасын анықтай алады.

2.Әбілқайыр хандығының саяси үдерістерін талдай алады.


2-тапсырма:Этноәлеуметтік құрылымдарын анықтаңдар.

«Жинақта» әдісі:

Моғолстан

Әбілқайыр

Арлат, Чорас, Калучи, Үйсін, Қаңлы,

Шайбанилер, Қарақалпақтар,

Қазақтар\, қият, найман, маңғыт, үйсін, қоңырат.


Тәуелсіз сарапшы саралайды.


Құпия хат әдісі:


Моғолстан тобына:

1.Моғолстан халқының құрамында басым болған тайпалар.

2. Моңғол атының жойылу себебі?

3.Моңғол шапқыншылғы кезіндегі тайпалар мен түрік тілдес тайпалардың айырмашылығы?

4.Үйсін, Қаңлы тайпалары не себепті Моғолстанның құрамында болды?


Әбілқайыр хандығы:

1.Хандықтың алғашқы кездегі халқының құрамы?

2.Тоқсан екі баулы өзбек мағынасын түсіндір?

3.Рузбиханның дерегіндегі хандықтағы 3 халықты ата?

4.Шыңғыс ұрпақтарының толық түркіленуіне не себеп?


Бағалау критерий

Дескриптор

Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін талдайды.

1.Моғолстанның этноәлеуметтік құрамын анықтай алады.

2.Моғолстанның этноәлеуметтік ерекшелігін талдай алады.

1.Әбілқайыр хандығының этноәлеуметтік құрамын анықтай алады.

2.Әбілқайыр хандығының этноәлеуметтік ерекшелігін талдай алады


Қорытынды. «Тәтті сый» әдісі

Моғолстан тобына: Бір-бір сөйлем:

Әбілқайыр хандығы туралы не түсіндіңіздер?


Әбілқайыр тобына:Бір-бір сөйлем әдісі

Моғолстан туралы не түсіндіңіздер?


Тәуелсіз сарапшы: сараптама жасаиды







Таратпа мәтіндер







Сызбалар


Стикер


Сабақтың соңы

5 мин


Рефлексия:

  • Мені таңдандырғаны

  • Мені күйіндіргені

  • Мені ойлантқаны

  • Мені қуантқаны

  • Мені мойындатқаны



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексежоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушылардың деңгейіне сай тапсырмалар беріледі.1,3 топ тапсырмалары орташа деңгейдегі, 2,4 топ тапсырмалары күрделі деңгейді қамтиды. Оқушыларды деңгейіне қарай бөлуді мұғалім алдын-ала жоспарлайды.

Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес мұғалім топтарды бағалайды.

Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1830
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі