Ашық сабақ "Монеталар" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Монеталар" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Күні: 5.03.2017 ж

Сынып: 1 а

Мектеп: №117 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Ғаниева Гүлбану

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Монеталар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталарды таниды; Көптеген оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды; Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері

Теңгелік монеталарды құны бойынша бір-бірінен ажырата біледі

Тілдік мақсаттар

Ақша, монета, теңге, банкомат

Құндылықтарды дарыту

Ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті өмірде қолдана алады

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан көреді, тыңдайды

Бастапқы білім

Ақша. Теңге.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы 2 минут

Шаттық шеңберіне тұрып барлығы бір-біріне сәттілік тілейді.

Қайырлы күн,достар!

Бүгінгі күн,міне,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестіктер болсын!!!

Ақшалармен топтарға бөлу.

Теңгенің суреттері

Сабақтың ортасы

8 минут





























8 минут













7 минут













8 минут







2 минут







6 минут







2 минут


Бүгін біз банкоматтан ақша алып жинаймыз. Топта ортақ қор болады. Сол арқылы кім көп ақша жинаса сол топ марапатқа ие болады. Сабағымызды бастамас бұрын банкомат туралы не білеміз ойымызды жинақтайық.

-Банкомат дегеннің не екенін білеміз бе?

-Банкоматтан кімдер ақша алады?

-Қандай ақша алады?

-Чек деген не? Қай жерде чек беріледі?

Ақшаның металдан жасалған түрі капиталдың қорлануы кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына әлемдік ақша ретінде танылды.

Металл ақшаларға мыс, күміс және алтыннан жасалған монеталар жатады.Металл ақшалар әртүрлі пішінде болған. Монета түріндегісі олардың соңғысы. Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы реверс және бүйірі гурт деп аталады. Теңге біздің ұлттық валютамыз. Сондықтан біз оны мақтан тұтуымыз керек.

1-ші тапсырмада банкоматтан 200 теңге аламыз.

Топтық жұмыс «Монеталар пойызы» ойынын ойнату. Бірінші кезекте монеталарды құны бойынша өсу ретімен орналастырады. Екінші кезекте кему ретімен орналастырады. Сұрақтарға жауап беру.

-5 тг мен 20 тг орналасқан вагонның ортасында қандай вагон орналасқан?

-Құны 5 теңгелік монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар бар?

-1 тг мен 10 тг орналасқан вагондардың ортасында қандай монета бар?

Қорытынды жасату. Кіші монетаның құны – төмен, ал үлкен монетаның құны жоғары болады.

2-ші тапсырмада 500 теңге аламыз. Жеке жұмыс. «Менің орным қайда?» ойынын ойнату. «Аялдама» әдісі бойынша. Сыныптың әр жеріне 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг деп жазылған парақшалар ілінген. Шарты: «Құны ең кіші монета» дегенде оқушылар 1 тг деп жазылған парақша ілінген жерге барып тұрады, «20 тг мен 5 тг-нің арасында орналасқан монета» дегенде 10 тг деп жазылған парақша тұсына барып тұрады, «Құны ең жоғары монета» дегенде 20 тг деп жазылған парақша тұсына тұрады, «Жартысы 10 тг болатын монета» дегенде 5 тг деп жазылған парақша тұсына тұрады, «10 тг-нің жартысы болатын монета» дегенде 5 тг деп жазылған парақша тұсына тұрады

3-ші тапсырмада 1000 теңге аламыз. Оқулықпен жұмыс Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Монеталарды салыстыру. Үш топқа салыстыруға үш тапсырма беру. Шығарып көр. Сурет бойынша мысалдар құрастыр. Оларды шығар. Үш топқа үш тапсырма беру. 1–ші топ 2 теңгенің жартысын, 2-ші топ 10 теңгенің жартысын, 3-ші топ 20 теңгенің жартысын табады. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз. 4-ші тапсырмада 2000 теңге аламыз.

Жеке жұмыс. Жұмыс дәптерімен жұмыс. 1-тапсырма Монеталардың құнын анықта. Монеталарды оның құнымен сызық арқылы қосады. 2-тапсырма Монеталарды салыстыру. Суретте берілген монеталарды салыстыру. 3-тапсырма Монеталардың суретін сал. Бос торкөздерге түсіп қалған монеталардың суретін салу. Заңдылықты сақтау. 5-ші тапсырмада 5000 теңге аламыз.

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. Теңгелерді салыстыру.

Қорапқа салынған монеталар, теңгелер.



Банкоматтың суреті

Слайд

Теңгелер Смайликтер

Үлкейтілген суреттері







Қораптағы монеталар

















Оқулық



Бармақпен бағалау









Жұмыс дәптері

Смайлик

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Соңы 2 мин

Топ жетекшілері жинаған ақшаларын санайды. Сол арқылы қаншалықты жетістікке жеткендерін біледі.

Кері байланыс. Кеменің суретін бояту.

Қордағы ақшалар

Кеме

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы






Сабаққа рефлексия














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
978
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі