400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Моңғол империясының құрылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Моңғол империясының құрылуы мен әскери басқару жүйесін түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі: Шыңғыс хан құрған мемлекеттің қоғамдық құрылымын және әскери әкімшілік аймақтарын ажырата алады. Кейбір оқушылар: Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктеріне баға бере отырып, Шыңғыс хан жеңістеріне ықпал еткен жағдаятттарды талдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Новый орта мектебі

Қазақстан тарихы

6.3А XIII – XV ғасырдың I жартысын дағы Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: Моңғол империясының құрылуы

Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

Күні:30.11.2017ж

Мұғалімнің аты -жөні: Мунайтбаова Назира Минайдаровна

Сыныбы: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:






Осы сабақта негізделген оқу мақсаты:

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Моңғол империясының құрылуы мен әскери басқару жүйесін түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Шыңғыс хан құрған мемлекеттің қоғамдық құрылымын және әскери әкімшілік аймақтарын ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктеріне баға бере отырып, Шыңғыс хан жеңістеріне ықпал еткен жағдаятттарды талдайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану, талдау


Бағалау критерийлері

  • Моңғол империясының құрылуы мен мемлекетінің әскери басқару жүйесін анықтайды

  • Шыңғыс ханның әскери және азаматтық тұрғыда енгізген ережелеріне сипаттама береді

  • Қазақстан территориясындағы аумақтық өзгерістеріне салыстырмалы түрде баға бере алады

Тарихи концепті

Көшпеліліердің әскери өнерінің маңыздылығына баға беріп, дәлел келтіре алады

Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Жасақ, Темучин,түмен, барунгар, кул, жоңғар, мыңбасы, жүзбасы, онбасы, ұлыс, құрылтай, інжулік жер, кешіктен.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Моңғол империясы құрылуының алғышарттары…

  • Менің ойымша Моңғол империясы ... ... ...

  • Шыңғыс ханның әскери техникасы ... ... ...

  • Біздің топтың ойынша ... ... ....

  • Моңғол-татар шапқыншылығы көшпелілер өмірін өзгертті/өзгертпеді, себебі ... ... ...

  • Жасақ” заңдар жинағы ... ... ...

  • Моңғол империясы үш әскери әкімшілік аймаққа былай бөлінеді... ... ...

Құндылықтар баулу

Құндылықтар:

- батылдылық

- көшбасшылық

- төзімділік

- бостандық

Мәңгілік Ел” ұлттық идеясының 6-7 құндылықтары:

- қазақстандық патриотизм

- азаматтық жауапкершілік

- ынтымақтастық

- ұлттық сана-сезім


АКТ қолдану

«Шыңғыс хан» фильмінен үзінді

Біздің тарих деректі фильмі «Моңғол атты әскері»

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, география, бейнелеу өнері

Алдыңғы оқу

Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениетінің қосқан үлесін біледі.

Әл-Фараби және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтайды.

Ойландырар он сұрақ”, “Миға шабуыл” стратегиясы

Жоспар

Жоспарлаған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы

7 мин







Ұйымдастыру кезеңі


Б.Амандасу.

Психологиялық жағымды ахуал орнату

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг.

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

М. Оқушыларды «Ойландырар он сұрақ» стратегиясы бойынша түстер арқылы топқа бөлінеді.

Топ аттары: «БАРУНГАР», «КУЛ», «ЖОҢҒАР»

Сабақ тақырыбын болжамдауға арналған бейнебаян

«Шыңғыс хан» фильмінен үзінді

  • Нені көрдіңіз?

  • Нені білдіңіз?

  • Нені ойладыңыз?


Б. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы диалог құрып, сабақтың тақырыбын анықтайды.


М. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.

Тақырыпты дәптерлеріне жазып алуды ұсынады.

Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. ауд. Н.Базылхан; ғыл. ред. М.Қ. Әбусейітова.


А – 3 форматындағы қағаз, фломастер, флипчарт, түрлі – түсті қағаздар, стикерлер

К. Д. Оссон «от Чингисхана до Тамерлана». – Алматы: «Санат», 2001.

ЦБР. Қазақстан тарихы №№ 146.

ХІІІ -ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғол империясының құрылуы http://lms.nci.kz/history/view?f=1 46&id=7&lang=kaz (бейнебаян)Көмеков Б., Галиев А.Шыңғыс хан. – Алматы: Аруна, 2009.

ЦБР. Қазақстан тарихы №№ 146. ХІІІ -ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғол империясының құрылуы

http://lms.nci.kz/history/view?f=1 46&id=7&lang=kaz (мәтін)

Моңғол дәуіріндегі Қазақстан http://ehistory.kz/kz/contents/view/1218 (Мәтін)

«Біздің тарих" Моңғол атты әскері. https://www.youtube.com/watch?


АКТ,флипчарт,маркерлер,оқулық

АКТ,флипчарт,

маркерлер

Дәптер,қалам

Акт,слайд

АКТ,слайд

Ортасы

20 минут

Білу және түсіну

М Оқушыларға презентация арқылы сурет көрсетіледі

«Ойлан. Жұптас.Талқыла» стратегиясы арқылы оқушылар төмендегі тапсырманы орындауы керек.


Сурет мазмұны мен өз біліміне сүйеніп, Моңғол мемлекетінің әскери жүйесін анықтаңыз.



1 .Жеңіл қаруланған моңғол салт атты садақшысы

2.Ауыр қаруланған моңғол әскерлері қоршауға алу қаруларын қолдануда

Дескриптор

  • Суреттегі кім екендігін анықтады

  • Қай дәуір жауынгері екенін айта алды

  • Қаруланған жауынгердің қызметін сипаттады


Қалыптастырушы бағалау, Смайликтер беру












Қолдану және талдау(анализ)

М. Бөлінген әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі

1-ші топ: Мемлекеттің құрылу себептерін анықта

Моңғол мемлекетінің құрылуы туралы бейне материалды көрсетіледі.

Монғол империясының құрылуы http://lms.nci.kz/history/view?f=1 46&id=7&lang=kaz (бейнебаян)

Бейне материалды көру барысында оқушыларға зерттеу сұрақтары беріледі.

  • Алғашқы Моңғол мемлекеті қалай және қайда құрылды?

  • Шыңғысхан қандай тайпаларды бағындырды?

  • Шыңғысхан әскерінің ерекшелігі неде?

Дескриптор

1.Шыңғысханның билікке келу жолдарын сипаттайды

2.Шыңғысхан бытыраңқы көшпелі тайпаларды біріктірудегі мақсатын анықтайды

3.Мемлекеттің алғашқы аумақтық территориясын көрсетеді


Қалыптастырушы бағалау. Смайликтер беру


2-ші топ: «Жасақ» заңдар жинағынан үзінді беріледі


  • Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.

  • Әрбір адам діндердің кез келгенін құрметтей білуге тиісті.

  • Мемлекет ішіндегі жайжағдаяттардан дер кезінде хабардар болып отыру үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолға қоюға міндетті.

  • Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті.

Оқушыларға бағыттау сұрақтары беріледі

  • «Жасақ» заңдар жинағы неше бөлімнен тұрады?

  • Бөлімдеріне маңыздылығын сипаттап бер.

  • Мемлекеттің ішкі саясатын жүргізуге «Жасақ» заңдар жинағының әсері болды ма?

Фишбон“ стратегиясы

Рисунок 1


Дескриптор

1.Заңдар жинағының ережелерін маңыздылық дәрежесі бойынша орналастыраы

2.Мемлекеттің басқару жүйесі мен оның әлеуметтік құрылымына қаншалықты септігін тигізгендігін дәлелдеп, кем дегенде 2-3 дәлел келтірді

3.Мемлекеттік дәрежеге жетудегі «Яса» заңдар жинағының маңызын ашып көрсетті


Қалыптастырушы бағалау. Смайликтер беру


3-ші топ: Мәтінмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

1.Мемлекеттің әскери құрылысының ерекшелігі неде?


1.Шыңғысхан әскерінің жорықтары мен жаулап алулары немен аяқталды?


Дескриптор

Мемлекеттегі әскери тәртіптерді білді

Моңғол әскерінің жеңіске жетуінің себептерін анықтады

Шыңғысхан әскерлерінің соғыс ашқан уақыттарын даталармен айта алды

Шыңғысханның жорықтар ұйымдастыруының кем дегенде 3-5 дәлел келтірді


Жинақтау(синтез)

Біздің тарих деректі фильмі «Моңғол атты әскері»

https://www.youtube.com/watch?

Б.

  • Шыңғысхан әскерлерінің жаулап алған территорияларын сызба нұсқа арқылы көрсетіңіздер

  • Шыңғысхан жорықтарынан кейін, Орталық Азияда орын алған өзгерістер мен Қазақстан жерінде құрылған ұлыстар аттарын атап, картадан көрсету

Жошы

Шағатай ұлысы

Үгедей ұлысы

Төле ұлыс

Дескриптор

1.Шыңғысхан әскерлерінің жаулап алған территорияларын сызба нұсқа арқылы көрсетті

2.Шыңғысхан әскерлерінің соғыс ашқан уақыттарын даталармен анықтады

3. Шыңғысхан жорықтарынан кейін, Орталық Азияда орын алған өзгерістер мен Қазақстан жерінде құрылған ұлыстар аттарын атап, картадан көрсете алды


Қалыптастырушы бағалау. Үш шапалақ

Соңы

5минут

Бағалау

"Таңда да таста" әдісі

Жақсы жауап берген оқушыға - жасыл түсті жұлдыз

Орташа жауап берген оқушыға – сары түсті жұлдыз

Толық жауап бере алмаған оқушыға - қызыл түсті жұлдыз Объект 1 Объект 2 Объект 3

"Үш шапалақ“

Смайликтер

Рефлексия:

5 минут

«Белгілер» әдісі

Үйге тапсырма

«Шыңғыс хан» фильмін көріп, мемлекетті басқару әрекеттерінен ұнаған әдістерінен түртіп әкелу.


Қосымша ақпарат: Интернет, АКТ

Саралау-

Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?







Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау






1.Топтық,жеке жұмыстар арқылы өзара қолдау,көмек көрсету жүзеге асырылады

Тапсырмалар орындалды.

2.Оқушылардың деңгейі ескерілді.


1.Топтық және жеке жұмыс арқылы

2.Кері байланыс

3.Бұл сабақта қалыптастырушы бағалау

Смайлик

Үш шапалақ


Сыныптың қауіпсіздік ережесі сақталды

Тыныштық орнату, терең демалу, саусақ қимылдату әрекеттері орындалады.



Сабақ бойынша рефлексия

Дейінгі рефлексия:

Мен өткізілетін сабағымның сәтті аспектілері

Топтық, жеке жұмыстар арқылы өзара қолдау жүзеге асырылады.

"Таңда да таста" әдісі және “Ойландырар он сұрақ”, “Миға шабуыл”, «Фишбон» стратегиялары арқылы тақырыпты игеруді ұсындым. Білімді игеруге арналған Блум таксономиясының 6 қадамы орындалды.

Әдіс-тәсілдерге бағыттауда айтылым, оқылым және жазылым дағдылары қалыптасады.

Мәтінмен жұмыс арқылы нақты дәлелдемелерді табу дағдыларын қалыптастырады.

Оқушылардың білімін саралау мақсатында ізденіс, салыстыру, дәлелдер келтіру дағдыларын дамытуға бағыттадым.


Жалпы оқушыларды бағалау:


Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға,үйренуге қатысты.)

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
4023
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі