400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Монгол шапқыншылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Монгол шапқыншылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» кмм









АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:

«Монғол шапқыншылығы»











Пән мұғалімі:Туймебаев.Е.Е





2017-2018 оқу жылы.


Тақырып: Монғол шапқыншылығы.

Оқу мақсаты. Ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау.

Бағалау критерийі.

-Монғол мемлекетінің саяси құрылымын сипаттайды.

-Монғол шапқыншылығының нәтижесін анықтайды.

-Монғол мемлекетінің құқықтық қатынастарын сипаттайды.

-Монғолдардың жаңа жерлерді тез бағындыра алуының себептерін

талдайды.

-Монғолдар мен жаулап алынған халықтарда пайда болған

өзгерістерді талдайды.

Оқу дағдыларының деңгейі.

-Білу және түсіну.

-Қолдану.

-Жоғары деңгей дағдылары.

Сабақ түрі

Көрнекіліктер:Дүниежүзі тарихы:жалпы білім беретін мектептің 7(6)-сыныбына арналған оқулық Р.Т.Айтпай,Ә.Қ.Қасымова Алматы:Атамұра,2017-144 бет

Видеопроектор,экран;

Таратпа қағаздар.

Сабақ жоспары

1.Монғол мемлекетінің саяси құрылысы

2.Монғол шапқыншылығы

3.Монғол мемлекетінің құқықтық қатынастары

4.Монғолдардың жаңа жерлерді бағындырудың себептері

5.Монғол шапқыншылығының әсері

6.Термин сөзбен жұмыс

7.Сабақты қорытындылау .Рефлексия.

8.Үйге тапсырма.

1. Тапсырма. Тарихи диктант.Бос нүктенің қажетті сөздерді қойыңыз.

1206жылы Онон өзенінің бойында өткен Құрылтайда монғол нояндары

Темужінді «Шыңғысхан»деген атпен ұлы етіп көтереді.Құрылтай ресми

түрде өкімет билігінің жоғарғы органы болды.Шыңғысхан Монғол жерін

сол қанат және оң қанат деп бөлді.Әрбір қанат түмендіктерге, ал олар

мыңдықтарға,жүздіктерге, ондықтарға бөлінді.

Дескриптор.-

-Монғол мемлекетінің алғашқы ханын атайды.

-Өкімет билігінің жоғарғы органын анықтайды,

-Әкімшілік,әскери басқару жүйесін атайды.

2.Тапсырма.Жылдар сөйлейді.

Шыңғысханның жаулап алушылық жорықтары.

1207ж бағындырған тайпалары.(ойрат,бурят,қырғыз)

1211ж қайда шабуыл жасады?(Солт.Қытай Цзинь мем)

1215ж қайсы қаланы алды?(Пекин)

1218жЖетісуда кімдерді бағындырды?(Найман)

1219ж қайсы қаланы бағындырды?(Отырар)

1220ж.қайсы қалаларды бағындырды?(Бұқара,Самарқан)

1221ж. Қайсы қаланы бағындырды?(Мерв)

Батыс Ся мемлекетіне қашан жорық жасалды және қашан бағындырылды?(1226-1227)

Жаңа жерлерді бағындыру.

Үгедей хан сайланды қашан?(1229ж)

Монғолдардың батысқа жорығы қашан басталды?(1236ж)

1237 жылы қайсы қалалар алынды?(Рязань,Мәскеу)

1238 ж қайсы қалаларды бағындырды?(Владимир,Росток,Суздаль,Ярославль,Кострома )

1240 ж қайсы қаланы бағындырды?(Киев)

1241-1242 жылдары қайсы елдер бағындырылды?(Польша,Венгрия)

1243 ж Еділ өзенінің төменгі ағысына қайсы қала тұрғызылды?(Сарай-Бату)

Орыс жеріне монғол –татар үстедігі қайсы жылдарда орнады?(1240-1480)

Монғолдардың шығысқа жорығы.

1251 ж кім хан жарияланды?(Мөңке)

Хулагу1256ж, 1258ж, қайсы елмен қаланы басып алды?(Иран,Бағдат)

Құбылай Қытайды біржолата бағындырды қашан?(1279 ж)


Дескриптор

-Шыңғысханның жаулап алған халқымен елдерін анықтайды.

-Шыңғысхан ұрпағының жаулаушылық жорықтарын атайды.

3.Тапсырма.

«Яса»заңдар баптарын талдай отырып,монғол мемлекетінің саяси,

сот,әлеуметтік жүйесін түсіндіреді.

Басқару жүйесі.

-Ұлы Хан.

-Ұлы хан мемлекет басшысы ретінде әскери заң шығарды және әкімшілік

билік жүргізді.

-Құрылтай; Ірі әскери мәселелер, ішкі саясат,Шыңғысхан ұрпақтары арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешілді.

-Аймақтарды басқару үшін-дарғы бектер, тамғаш және басқақтар тағайын-

далды.

Сот жүесі.

-Орданың жанында төтенше сот жұмыс істеді.

-Мыңбасы азаматтық сот рөлін атқарды.

-Жүзбасылардың өзіндік айыппұл салу құқығы болды.

Әлеуметтік жүйесі.

-«15-тен 60жасқа дейінгі әрбір адам әскери борышын өтеуге міндетті.

-Әрбір жауынгер ер-азамат мыңдық,жүздік,ондығынан басқаға ауысуға

тиым салынды.Талапты бұзғандардың басы алынды.

-Соғыс алаңын тастап кеткен,соғыс жиынына келмей қалған және соғыстан

түскен олжаны жасырғандар немесе иемденіп кеткендердің басы алынсын»

делінген.

Заң неше бөлімнен тұрған.

1Қылмыс,оған берілетін жаза;2соғыс, әскери жасақ;3 отбасы және неке;

4мақтау; 5 салт-дәстүр,ырым.

Дескриптор.

-Монғол мемлекетінің заңдары негізінде мемлекеттік басқару жүйесін атайды.

-Монғол мемлекетінің заңдары негізінде сот жүйесін атайды.

-Монғол мемлектінің заңдары негізінде әлеуметтік жүйесін атайды.

-«Яса»заңын неше бөлімнен тұратынын атайды.

4.Монғолдардың жаңа жерлерді тез бағындыра алуының себептерін анықтап,түсіндіріңіз.

Себептері;-

-әскери өнерінің өте озық болуы.

-ондық,жүздік, мыңдық жүйесі.

-Әскердің негізгі түрі ауыр және жеңіл атты әскер.

-Шыңғысханның таңдаулы жауынгерлері»кешігі»

-Соғыс жүргізу әдісі;тосқауылдар,кенеттен шабуыл жасау,әдеиі шегіну.

-Үлкен тасты алысқа лақтыратын құралы.

-Ағаш қабырғаларды мұнай қосылған қоспа арқылы өртеген.

-Тас қабырғаларды қытайлықтардан алған оқ-дәрімен жарған.

-Қолдан су тасқынын жасаған немесе өзендердің арнасын қаладан

бұрып әкеткен.

-Қолөнершілер мен қамал бұзу ісінің мамандары болған.

Дескриптор;

-Монғолдардың әскери қатал тәртібін атайды.

-Монғолдардың әскери санының көп болуын атайды.



5.Молғолдар мен жаулап алынған халықтардың бірін-бірі қаншалықты

өзгерткендігін талдаңыз.

Саяси салада;

-Орта Азия мұсылман мемлекеттерін қиратты.

-Араб халифатының құлауына әкелген.

-Алтын Орда мен Ильхандар мемлекеті тәуелсіз иеліктерге айналды.

-1368ж монғолдар Қытай,Корея,Ироннан қуылды.

-Қазақстан жері Шағатай мен Жошы ұлысына енді.Моғолстан,

Алтын Орда хандықтары құрылды.


Экономикалық сала.

-Қалалар мен қиратылып,егіншілік құлдырады.

-Шаруашылықтың дамуының экономикалық негізін бұзды.

-Жер салығы өнімнің үштен бірін,жан басы салығы мүліктің оннан бірін құрады.

-Әскери жол, пошта салығы.

Әлеуметтік салады

-Хандық билік-хан.

-«Хан кеңесі»-хан ұрпақтары,билер,әмірлер,бектер,дінбасылар кірді

-ХІVғ монғолдар түрік тіліне көшті

Дескриптор

-Монғолдар мен жаулап алынған халықтардың саяси салада бірін-бірі қаншалықты өзгерткендігін талдайды

-Монғолдар мен жаулап алынған халықтардың экономикалық салада бірін-бірі қаншалықты өзгерткендігін талдайды

-Монғолдар мен жаулап алынған халықтардың әлеуметтік салада бірін-бірі қаншалықты өзгерткендігін талдайды.

6.Термин сөзбен жұмыс

1.Ноян-монғол ақсүйектері

2.Даруға-Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері

3.Басқақ-монғол хандарының жаулап алынған жерлердегі салық жинау және халық санын есепке алумен шұғылданатын адам.

4.Тамғаш-Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері.

7.Қорытындылау

Кері байланыс

8.Үйге тапсырма







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
799
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі