400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Морфология. Зат есімнің түрленуі, көптелуі" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 Морфология және зат есімнің түрленуі туралы білу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 24.11.2015 ж

Сыныбы: 7 «Ә»

Пәні: Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Арленкеева Бакиткуль Каттабековна



Сабақтың аты

Морфология. Зат есімнің түрленуі, көптелуі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1 Морфология және зат есімнің түрленуі туралы білу

2. Зат есімнің түрленуін талдау арқылы түсіну;

3.Жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің грамматикалық айырмашылығын үйрену.

Күтілетін нәтиже

1. Морфология және зат есімнің түрленуі туралы білетін болады.

2. Зат есімнің түрленуін талдау арқылы түсінеді.

3.Жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің грамматикалық айырмашылығын үйренеді.

Негізгі идеялар

Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің түрлері, грамматикалық түрленулері, яғни басқа сөз таптарының ішіндегі барлық жалғауда түрлене алатын сөз табы екенін ұғынады.

Тапсырмалар

1.Ой –қозғау «Миға шабуыл» әдәсі арқылы сұрақ –жауап

2.Топтық жұмыс (зат есімнің түрленуі туралы постер қорғалады) Тұжырымдамалық карта, Фишбоун әдісі

3. Жұптық жұмыс (1-2 – топ - 23 жаттығу

3 -4-топ – 24 -жаттығу)

4. Жеке жұмыс (тест)


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)


І.Ұйымдастыру (5 минут)

1. Психологиялық тренинг .Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу мақсатында «Орнын тап» ойыны. Интербелсенді тақтадан кесте көрсетіледі. Соны толтыруымыз қажет.

Кесте толтыру

Заттар, нәрселер

Өсімдіктер, жемістер

Жануарлар

Адам

Табиғат құбылыстары

Парта,

терезе, орындық, дәптер

Жусан, қарақат,

өрік, бүлдірген

Қоян,

түлкі,

барыс, арыстан

Дәрігер, мұғалім, зергер,

тігінші

Найзағай,

жел,

дауыл, жаңбыр



  • Балалар, осы кестенің әрбір бөлігіндегі сөздерге сұрақ қойып көрейік.

  • Не байқадыңдар?

  • Қандай қорытынды жасауға болады?

2. Топқа бөлу (Мақал-мәтелдер беру арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашқызу).

1.     Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. 

2.     Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

3.     Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді. 

4.     Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. 

Проблемалық сұрақ: -Қалай ойлайсыздар, неге тіл туралы мақал –мәтел айтылып отыр?

Сабақтың табыс критерий:

1. Морфология және зат есімнің түрленуі туралы білетін боламын.

2. Зат есімнің түрленуін талдау арқылы түсінемін.

3.Жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің грамматикалық айырмашылығын үйренемін.

1-қадам. 1. Ой –қозғау «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ –жауап

Өткенді пысықтау (2 минут)

  1. Морфология дегеніміз не?

  2. Сөз таптары қалай түрленеді?

Морфология (грек. «түр») - тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты гарамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.
4 топ бір –біріне өткен тақырып жөнінде сұрақтар береді?


Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.


2-қадам. Топтық жұмыс (зат есімнің түрленуі туралы әр топқа бөліп беріп, оқып талқылайды, постер қорғалады) Тұжырымдамалық карта, «Фишбоун» әдісі

(10 минут)

Топтарға мәтінді бөліп беріледі, оқып талқылайды.

Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.

1-топ – Зат есімнің көптелуі

2-топ – Зат есімнің тәуелденуі («Тұжырымдамалық карта» әдісі)

3-топ – Зат есімнің септелуі

4-топ – Зат есімнің жіктелуі («Фишбоун» әдісі)

Әр топтың баяндамашылары постерлерін қорғайды.

Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді.


Бақылаушының бағалау парағы


Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тапсырманың орындалуы








2

Өз міндетін атқаруы









3

Құнды идеяның айтылуы









« Екі жұлдыз бір ұсыныс» формативті әдіс арқылы бағалайды.

Жұптық жұмыс 2 -қадам (1-2 – топ - 23- жаттығу

3 -4-топ – 24 –жаттығу жұмыстарын орындап, бір сөйлемге морфологиялық талдау жасау) (7 минут)

«Мадақтау сэндвичі» арқылы бір - бірін бағалайды

Дидактикалық тренинг «Жеті жұрттың тілін біл!»


Shape1


Shape2


Shape3


Shape4


Shape5

Shape6



Shape7


Shape8


Shape9


3- қадам. 3. Жеке жұмыс (тест) (5 минут)

1.Заттың атын білдіретін сөз табы...

А)есімдік

В)сын есім

С)сан есім

Д)үстеу

Е)Зат есім



2. Зат есімді көрсетіңіз.

A) Көмектесу.

B) Басшы.

C) Қалың.

D) Нешінші.

E) Қарсы алу.

3.Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз.

A) Дәріхана.

B) Жақсылық.

C) Қапшық.

D) Бөлме.

E) Достық.

4.Заттың көптік мағынасын беретін жалғау түрін көрсетіңіз.

A) Көптік.

B) Жіктік.

C) Тәуелдік. 

D) Септік.

E) Қосымша.

5.Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз.

A) Дәптердің.

B) Қызбен.

C) Кітапты.

D) Гүлдер.

E) Балаға.  

6. Жіктік жалғауын белгілеңіз.

A) -сың,-сің.

B) -ға,-ге.

C) -дың,-дің.

D) -нікі, -дікі.

E) -да, -де.

7. Тәуелдік жалғау жалғанған сөзді белгілеңіз.

A) Шайға.

B) Шайларыңыз.

C) Шайдың.

D) Шайнек.

E) Шайдан.

8. Жатыс септіктің жалғауын белгілеңіз.

A) -ба, -бе.

B)  -а, -е.

C)  -нан, -нен.

D)  -ты, -ті.

E)  -нда,-нде.

9. Барыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз.

A) Әкелер.

B) Әкетай.

C) Әкесіне.

D) Әкежан.

E) Әкесінікі.

10. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

A) Өздік.

B)  Бесінші.

C)  Басқар.

D)  Сызғышты.

E)  Қызғылт.

 

Шеберліктің қол жеткізген тесті «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады

Жасыл түс -10 ұпай

Сары түс -8 ұпай

Қызыл түс – 7ұпай

Кері байланыс. Сабақ рефлексиясы

Ұнады

Қиын болды

Тілегім









Кейінгі тапсырмалар

Сынақ тапсырмасы:көптелген, тәуелденген, септелген, жіктелген зат есімдерді қатыстырып «Қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.

Кейінгі оқу

Ережелер жаттау, 25 –жаттығу.




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі