400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Мозайка" техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мозаика, көбелек, қағаз жолақтары, қию, жұмыс орны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Үстірт орта мектебі» КММ-сі

Педагогтің аты-жөні: К. Шонкалова

сынып/топ: д «в»

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.1.3. Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалған екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-геометриялық фигуралар негізінде бірнеше бөліктерден жапсырмалар құрастыра алады;

-екіге бүктелген, қатпарланып бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия алады. жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-бөлшектерді жапсыру кезектілігін дұрыс пайдалана алады;

-жапсырмада бейнелілік құралы ретінде түсті пайдалана алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-таныс техникаларды өз бетімен үйлесімді ете алады;

-композиция заңдарын қолдана алады.

тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-жапсырма жасау бойынша ойлар ұсыну;

-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айту;

-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерілген біліктерді еске түсіру;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-бейнелеу материалдарын мақсаттарды іске асыру үшін пайдалану нұсқаларын талқылау;

-шығармашылық процесі барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын түсіндіру.

Көптілділік: көбелек – бабочка – butterfly.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-мозаика, көбелек, қағаз жолақтары, қию, жұмыс орны.

талқылауға арналған сұрақтар:

Мозаика дегеніміз не?

Қандай геометриялық фигуралардан мозаика құруға болады?

Қағазды қандай тәсілмен қиюға болады? Желімді қалай дұрыс пайдаланады?

Мозаика техникасында жасалған суреттер қай жерде кездеседі?

Бізге қандай түстер қажет болады?

Алдыңғы білім

Қазақстанның жануарлар әлемі туралы ұғым. Балалардың заттың құрылымы туралы білімі.

Қайшыны пайдалану білігі: жолақтарды тіктөртбұрыш етіп қию; шаршыларды үшбұрыш етіп қию; шаршы мен тіктөртбұрыштың бұрыштарын қиып тастап, дөңгелек және сопақша пішіндерді қию.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Аспанда күн жарқырайды! (Балалар қолдарын жоғары созып, тік тұрады.)

Алтын сәуле шашырайды. (Алақандарын жоғары қаратып, қолдарын алға қарай созады.)

Қолымды алақаныңа салайын, (Жұптарға бөлініп, бір­біріне қолдарын созады.)

Сенімен бірге шыр айналайын. (Жұптасып айналады.)


Екеуміз бірге шалғынға барамыз, (Бір­бірімен қол ұстасып, тізбектеліп тұрады.)

Ол жерде шеңберге тұрамыз. (Шеңбер құрып тұрады).

Шыр айналып, ән айтамыз,

Күнмен бірге айналамыз. (Айналып жүреді.) Қуана шапалақтаймыз, (Шапалақтайды.) Жылдам-жылдамадымдаймыз. (Жылдам жүреді.)

Күн батты, демалуға кетті. (Отырып, қолдарымен басын жабады, одан кейін қолдарын бір жақ бетінің астына салады.)

Біз ораламыз, орнымызға жайғасамыз. (Ақырын орындарына барып отырады).

Музыкалық сүйемелдеу.

II. өмірлік

(ұ) Көбелек туралы жұмбақ жасырады. Ұстасаң үгітіліп жоғалады,

Дамылдап отырмайды ешбір жайда.

(Көбелек)

Бүгін біз қандай жұмысты орындаймыз? Көбелек жасаймыз. Педагог балаларды алдағы жұмысқа жұмылдырады.

Педагог балалар жұмыс үстелінің дайындығын тексеруді ұсынады.


тәжірибені


өзектендіру.


мақсат қою


2–5 минут

Тақтада ребус (флипчарт,


слайд) бейнеленген.


(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс. Педагог тәрбиеленушілерді көне өнердің бір түрі – мозаикамен таныстырады. Мозаиканың айқындамасын береді. Мозаика – кішкентай шаршылардан жасалғансурет.

Оны қағаздан, өсімдіктердің дәндерінен, қатырғықағаздан, пластик тығындарынан және өзге де материалдан жасауға болады.

(т) Балалар көбелекті көре алады. Қанаттарының санына, бояуына назар аудартыңыз.

Проблемалық сұрақ: мозаика қандай геометриялық фигуралардан жасалады және оларды қалай қиюға болады?

Қағаздың қандай түстері мен реңктерін пайдаланамыз?

(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.

«Көбелек»

Ұйқыда жатқан гүл кенеттен оянды, Одан кейін ұйқысы оның келмеді. Жыбырлады, дірілдеді,

Қанат қағып, ұша жөнелді. (Қолдарының білезігі тұсынан айқастырылады, саусақтар төменге қарай түсіріледі.

Қолдарын көбелектің қанаты тәрізді қимылдатады).

(Ж, ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы.

Көбелектің аппликациясын жасау барысында симметрияны қолданамыз. Жапсырмамен жұмысты бастау үшін үлгіқалыптың немесе трафареттің көмегімен педагог дайындаған негізді қиып аламыз. Қабілеті жоғары балалар қалауы бойынша көбелектің контурын өз бетімен сыза алады. Көбелекке арналған негіздің қанық

Әліппе-альбом.

III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут


Иллюстрациялық материал.



Энтомологиялық жиынтық (көбелектерден құрастырылған панно) немесе әртүрлі көбелектердіңфотосуреттері.





Түрлі-түсті қағаздар, жай қарындаштар, ПВА желім, желімге арналған жаққыш, шүберек, клеенка.

түстісін алған жөн, ол мозаика элементтеріне (қызыл, жасыл, күлгін көк) қарама-қарсы болады.

Одан кейін қағаздан (2–3 реңк) ені 1 см жолақтар қиямыз. Дайындалған жолақтарды ұсақ шаршылар етіп қиямыз. Жолақтарды қалай кесу керектігін қайшылардың өздері «айтады». Барлық қажетті әзірлемелерді жасаймыз. Педагог дайындалған қағаз бөліктерінің әртүрлі түстерін бөлек жинау керектігіне балалардың назарын аударады.

Суреттің шағын бөлігіне желім жағамыз және алдын ала дайындалған қағаз бөліктерін желім жағылған бөлімге орналастырамыз.

Жұмыс орындалғаннан кейін көбелектің мұрттарын, көздерін және т.б. салу үшін фломастерді пайдалануғаболады. Педагог аппликация жұмысының барысын және талдауын қарастырғанда оның бейнелігін, өзгешелігін, айқындығын атап көрсетеді.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жасау ережелері

Сабақ шеңберінде педагог баланың ірі бөлшектерді қайшының кең ашылған ашаларымен, ал ұсақ бөлшектерді ұсақ, мұқият қимылдармен қиюға болатынын біле отырып, қайшы ұстаған қолының шынтағыналға қарай созбауын, екі қолының қимылдарын қадағалауын бақылайды.


IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия. 26–30 минут

(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.

Жұмыстар талданады және нәтиже қорытындыланады. Мазмұн бойынша бағалау: символикалық – бала символдардың (карточкалар, жетондар, қимылдар және басқалары) көмегімен өз әрекетін бағалайды.

Карточкалар, жетондар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
1071
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі