400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ мұхит суларының қозғалыстары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды мектеп мұғалімдері қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзім жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Мұхит суларының қозғалыстары

Мұғалімнің аты-жөні: Ласпаева Г.Х.

Мектеп: «Тұрағұл Қоңыр атындағыорта мектеп-балабақша»КММ

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны: 15


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.3.3.6- мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Мұхит суларының қозғалыстары


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу. «Қыс айлары»

Оқушылар қыс айларын атап 3 топқа бөлінеді.

1-топ «Желтоқсан»

2-топ «Қаңтар»

3-топ «Ақпан»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Қызыл гүлім-ай» би








Би билеу

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

1. Жаңа тақырыпты проблемалық сүрақтан бастау: «Толқын деген не?»

Мұхит суы әртүрлі күштердің әсерінен үнемі қозғалыста болады. Ең бірінші фактор – жел. Желдің әсерінен толқындар 10-15 м биіктікке көтеріледі. Толқынның элементтері: қыры немесе жалы, биіктігі, табаны, ұзындығы. Толқынның суретін оқушы тақтаға салып көрсетеді. Толқынның күштілігін анықтайтын шкала туралы айтып өтеді.

2. Кейін «соқпа толқын», «цунами», «тайфун» ұғымына тоқталады. Оның пайда болу себептерін оқушылармен бірігіп фотосуреттер (слаидтар) арқылы анықтайды.

Ашық мұхитта цунамидің биіктігі 1-2 метрден аспайды, ал жағалауға жақындаған кезде оның биіктігі бірден өсіп 20-30 м-ге жетеді. Цунами болар алдында су жағадан бірнеше жүзлеген метрге шегінеді, оның толқыны сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды. Цунами (жапонша цунами – қойнауындағы үлкен су) – теңіз түбіндегі жер сілкінулердің әсерінен пайда болатын сұрапыл жойқын толқын.

Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын жер тайфун деп аталады. Оның әсерінен таудай толқын көтеріледі. Тайфун (қытайша тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл. Жапон, Филиппин аралдарына, Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіне таралады. Соқпа толқын – теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.

3. Оқушыларға сүрақ: Толысу және қайту құбылысы туралы не білесіндер?

Толысу және қайту құбылысы туралы бейне материал көрсету.

Мұхит пен теңіздерде қайталап тұратын құбылыс – толысу мен қайту. Оны меңгеру үшін оның сызбасын пайдалану жөн. Толысу мен қайту құбылысын талдау барысында оларды шаруашылыққа пайдалану мәселесі туралы сұрақ қою.






Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану


Тұжырымдалық карта жасау (постер)

Әр топқа өтіп жатқан тақырып бойынша тұжырымдалық карта тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болу керек. Картаға сурет, кесте, Ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға немесе дайын материалдар жасауға болады.



Талдау және талқылау


«Жариялау» әдісі

Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер (топ басшысы) берілген уақыт ішінде басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.


Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі



Постер құру. Қағаз, маркер, суреттер




«Жариялау» әдісі

Топтық жұмыс





«Бағдаршам» әдісі


Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

Shape1


Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы


Бағалау


5 минут







Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
949
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі