400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мұхиттағы тіршілік дүниесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмекші құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімдік жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Физикалық география

3.4. Биосфера

Күні: 07.03.2019 ж

СЫНЫП: 8

Мектеп: Тоқтар Әубакіров атындағы негізгі мектебі


Мұғалімнің аты-жөні: Рахметова Фариза Кенжегуловна


Қатысқандар саны: 16 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Мұхиттарда тіршілік дүниесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

8.3. 4.4 Мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтайды.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

мұхиттағы тіршілік дүниесінің топтары мен таралуын біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

мұхиттың тіршілік дүниесінің қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіреді

Кейбір оқушылар орындай алады:

мұхитта тіршіліктің таралуына әсер ететін факторлардың маңызын нақты дәлелдермен тұжырымдайды

Бағалау критерийі

Талдау: мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын сипаттайды

Жинақтау: мұхиттың тіршілік дүниесінің қалыптасу заңдылықтарын түсіндіріп, ерекшеліктерін ажырата алады.


Тілдік мақсаттар


Оқылым.Мәтінмен жұмыс жасау барысында мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтап, дерек көздерінен мәліметтер оқиды.

Тыңдалым-айтылым: Мұхиттарда тіршілік дүниесінің таралуын бейнероликтен көру барысында топтық талдау жүргізеді, бір-бірінің пікірін, ұсыныстарын, дәлелдерін тыңдайды, мазмұн бойынша толық жауап береді.

Жазылым: Мұхиттардағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтау үшін мәлімет жинақтайды. Тапсырмалар орындайды. Осы жасаған жұмыстарына қысқаша сипаттама береді, тұжырым жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Термин сөздер: планктон, нектон, бентос, фитопланктон, зоопланктон


Құндылықтарға баулу

-қарым-қатынас жасау қабілеті;

-жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;

-ғылыми-зерттеу дағдылары.

Пәнаралық байланыс


Биология пәнімен: мұхиттағы тіршілік дүниелері планктон, нектон, бентос, фитопланктон , зоопланктон ұғымдары байланысты

Алдыңғы білім:

Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері тақырыбында алған білімдерін пайдаланады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер,

ресурстар



Сабақтың басы



1.Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық жағымды ахуал тудыру.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, «Жүректен-жүрекке» тренинг арқылы жақсы тілектер айтады

Топқа бөлу

«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлемін (планктон, нектон, бентос бейнеленген суреттер таратылады) Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.

Планктон Нектон Бентос





2.Үй тапсырмасы:

«Блиц-турнир» әдісі бойынша оқушыларға сұрақ қою арқылы үй жұмысын сұраймын

1.Биосфера қандай қабық?

2. Орманның қандай түрлерін білесіңдер?

3.Биіктік белдеулік дегеніміз не?

4.Қазақстан тауларында қандай биіктік белдеулер жиынтығы кездеседі?

5.Еуразия мен Солтүстік Америка материгіне тән қандай ортақ табиғат зоналары бар?

6.Аустралия табиғатының ең басты ерекшелігі неден көрінеді?

7.Оңтүстік Америка материгіне қандай табиғат зоналары тән?

8.Антарктида табиғатының қандай басты ерекшеліктері бар?

9.Тундра мен орманды тундраның бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

10.Өздерің тұратын аймақта қандай табиғат зоналары мен биіктік белдеулік жиынтығы кездеседі?

Бағалау: оқушылар баллдық жүйемен бағалаймын.






















«Дұрыс жауап балл» жүйесімен бағаланады

10-9 = 5 балл

8-7 = 4 балл

6-5 = 3 балл

4-3= 2 балл

2-1= 1 балл


Сабақтың ортасы


«Миға шабуыл» Түрткі сұрақ:

-Балалар, сіздер өзара қалай топтастыңыздар?

-Ендеше, берілген фотосуреттер нені білдіреді? Түсіндіріңіздер.Суреттерге түсінік беру арқылы бүгінгі сабақтың мұхиттағы тіршілік дүниесі екендігі айтылады.

1-тапсырма: Жеке жұмыс. «INSERT » әдісі бойынша мәтінді оқып шығыңыз.Кестені толтырыңыз

V

Бұрыннан білемін

+

Мен үшін жаңалық

-

Келіспеймін

?

Сұрақ пайда болды?





Дескриптор:

- мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын сипаттайды

-терминдердің анықтамасын анықтайды;

-оларды бір-бірінен ажырата алады;

Бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы

2-тапсырма: «Топтық жұмыс»

«Артығы қайсысы» әдісі арқылы

сурет бойынша мұхитта тіршілік ететін ағзалардың топтарын анықтап артығын реттік нөмірі арқылы көрсетіңіздер және анықталған топқа сипаттама беріңіздер

1 2 3

1 тобы -


1 2 3


2 тобы -


1 2 3

3 тобы -

Дескриптор

  • Теңіз ағзаларының 1- ші тобының атауын анықтап оған сипаттама береді,ондағы артық ағзаның реттік нөмірін көрсетеді.

  • Теңіз ағзаларының 2- ші тобының атауын анықтап оған сипаттама береді,ондағы артық ағзаның реттік нөмірін көрсетеді.

  • Теңіз ағзаларының 3- ші тобының атауын анықтап оған сипаттама береді,ондағы артық ағзанының реттік нөмірін көрсетеді.

Бағалау: «ҚҚҚ»әдісі арқылы бағалау

3- тапсырма: «Топтық жұмыс» «Зерттеушілік конференция» әдісі бойынша

1-топ

Дүниежүзілік мұхиттың тұздылығы картасын пайдалана отырып, Дүниежүзілік мұхитта тіршіліктің таралуына әсер ететін факторлардың маңызын түсіндіріңіздер

Дүниежүзілік мұхит суының тұздылығы картасы

ІІ-топ

Дүниежүзілік мұхит суы қабаттарының жарықтану зонасының мұхиттағы тіршілік дүниесінің қалыптасу заңдылықтарын тұжырымдаңдар








ІІІ топ

Д үниежүзілік мұхит суының тереңдікке байланысты температурасының өзгеруін түсіндіріңіздер








Дескриптор

  • Тіршілік үшін қажетті факторлардың маңызын анықтайды;

  • Тіршілік үшін қажетті факторлардың маңызын дәлелдейді;

  • Тіршілік үшін қажетті факторлардың қалыптасу заңдылықтарын тұжырымдайды.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды








































































Ғаламтор мәліметтері

























Сабақтың соңы

«Аяқталмаған сөйлем әдісі» әдісі арқылы

Оқушыларға сөйлемнің басы жазылған парақшалар тарату арқылы ойларын жалғастырып сөйлемді толықтыру ұсынылады.

  • Планктон беткі ағыстармен бірге қозғалатын алуан түрлі ...

  • Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының ........

  • Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін ...........

  • Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін ........

  • Тропиктік белдеулерде судың температурасы мен тұздылығы .......

  • Дүниежүзілік мұхит суларындағы түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай ...

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі өзін-өзі бағалайды

Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы»


Үйге тапсырма: «Дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік дүниесіне саяхат» эссе жазу



Саралау - Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға

қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтауАқпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану.

Оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тапсырмалар беремін. Оқушылар ойлаудың әр түрлі деңгейлеріне қол жеткізе алады.

Барлық оқушыларға қосымша көмек көрсету үшін мынандай тапсырмалар беріледі,критерийлерге сүйене отырып, оқудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізіледі.

Бүгінгі сабақта саралап оқытудың мынандай тәсілдері қолданылады

Тапсырма тәсілі: «ИNSERT» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі

 Түрткі сұрақтар қоямын


Қарқын тәсілі: «Блиц-турнир» әдісі

Жіктеу тәсілі: «Артығы қайсысы» әдісі

Дереккөздер тәсілі: «Зерттеушілік конференция» әдісі

Диалог және қолдау тәсілі:«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Қабілеті жоғары, берілген тпсырманы өздігінен орындай алатын,қосымша материалдарды пайдалана білетін қабілетті оқушылар тапсырма тәсіліндегі «Инсерт» әдісі арқылы мұхиттағы тіршілік ететін ағзаларға жеке-жеке тоқталып, өз пікірлерін білдіреді,зерттеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Дереккөздер тәсіліндегі “Зерттеушілік конференция” әдісі арқылы оқушылар топтық жұмыс орындау барысында дүниежүзілік мұхит суының тұздылығының картасымен, мұхиттағы тіршілік дүниесінің қалыптасу заңдылықтарын тұжырымдауды үйренді.


Оқушылар сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізілді,топ басшысына бағалау парағы таратылды.

  • Бағалау парағы

  • «Басбармақ» әдіс арқылы бағалау

  • «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағалау

  • «ҚҚҚ»әдісі арқылы бағалау

  • «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

«Жетістік баспалдағы» арқылы кері байланыс алдым












Оқушылар сабақ барысында: топтық жұмыс, интербелсенді тақтамен жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты және оқу мақсаты шынайы әрі қолжетімді болды. Барлық оқушылар өз мақсаттарына кол жеткізді. Саралауға арналған тапсырмалар берілді. Сабақ кезеңінде уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ.

Қорытынды бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Инсерт» әдісі бойынша оқушылардың жеке жұмыстары тиімді болды

2. «Зерттеушілік конференция» әдісі арқылы видеоролик көргендері түсінікті болды.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?

1.Оқушылардың өз бетінше ізденетіндей әдіс-тәсілдерді сабақта көбірек пайдалану.

2.Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әдіс-тәсілдерді нақты қолдану, деңгейлік тапсырмалар беру.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сабақ барысында үлгерімі төмен және дарынды оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі