Бірінші кіші «Айналайын»
тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Тәрбиеші:Есенеева
М.Б.
Өтпелі
тақырып: Бізді қоршаған
орта.
Білім
саласы:
«Таным».Құрастыру.
Тақырыбы: Мұнара
Мақсаты: тәрбиелік:ұқыптылыққа,мейірімділікке
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды құрылыс
материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін,
көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты
бойынша құрылыс материалдарын кеңестікте дұрыс орналастыра отырып
мұнараны құастыра білуге үйрету.
Оқыту:тақырыпқа сәйкес мұнара жайлы
айту.
Педагогикалық технологиялар:
ақпараттық, түсіндіру, көрсету,
әңгімелесу, сұрақ – жауаптар.
Ресурсты қамтамасыз ету: үлгі суреттер және
құрылыс материалдар.
I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің
барысы
1.Әңгімелесу.Тәрбиеші балаларға суреттегі
мұнараны көрсетіп түстеріне, көлеміне және қалай орналасқанына
назар аудартамын. Балалар суретке мұқият қарап,
текшелердің түстерін ажыратып айтып береді.
II.Негізгі бөлім
1.Үлгі.Тәрбиеші сурет бойынша
текшелердің түстерін сұрап, ең алдымен қандай түсті текшені қоямыз,
оның үстіне қандай түсті текшені қоямыз, қызыл түсті текшенің
үстіне қандай түсті орналастырамыз, ең үстіне қандай текше
қойылады. Тәрбиеші сұрай отырып, орналастырады, көрсетеді, балалар
бірге оның түстерін атай отырып, «мұнара»
құрастырады.
Тірбиеші
балалардың алдына бірнеше ұсақ ойыншықтарды қояды, олар өздері
таңдап алған ойыншықтарын қояды, олар өздері таңдап алған
ойыншықтарын мұнараның үстіне орналастырады. Тәрбиеші балалар іс-
әрекетіне басшылық жасап, көмек көрсетеді.
Сендердің
алдарында әр түрлі текшелер терезенің жарық сәулелерінің шашырап
тұрғанын қылқаламды сары бояуға батырып, қатты бастырмай сүйкей
жағу арқылы үзік сызықтар арқылы саламыз.
2.Саусақ
жаттығу. Ормандағы
аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Балалар тәрбиешінің
көрсетуімен текшелерді орналастырады.
-Балаларға бағыт- бағдар беріп отыру.
Дұрыс
орналастырыңдар,себебі бұзылып қалады.
3.Өздік жұмыс.Балалар өз бетінше жұмыс
жасайды. Көк, қызыл, сары, жасыл текшелерді бірінің үстіне бірін
қойып, мұнара құрастырады.
III.Қорытынды
Құрастырып болған соң ,жақсы жасалған жұмыстарды ерекше
атап өтіп,көрме ұйымдастырамыз.
-Балалар
сендер бүгін не құрастырдыңдар?
-Қаңдай
текшелерді пайдаландыңдар?