Пәні:
Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Сабақтың
тақырыбы:
Мұрағатқа немесе жоюға істерді
дайындау
және
тапсыру.
Мақсаты:
Теориялық
материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла
білуге үйрету, құжаттарға қоятын
талаптарды толық игеру;
Өз
мамандықтары бойынша еңбекке араласқан
кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде
іс қағаздарын сауатты және еркін жаза
білуге үйрету;
Іс
қағаздарын толтыру кезінде ұқыптылыққа,
жауапкершілікке және мемлекеттік тіл
мәртебесін жоғарылатуға бейімдеу.
Сабақтың
түрі:
жаңа білімді игеру сабағы
Оқыту
әдісі:
сөзбен, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс
Өткізу
нысаны:
жеке және топтық бірлескен жұмыс
Құрал-жабдықтар:
интербелсенді
тақта,
презентация, бейнеролик, іс
(скорошиватель) жіп, қайшы.
Пәнаралық
байланыс: Орыс
тілі, қазақ тілі
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша
жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР
“Тіл туралы заңы”
3.Қазақстан
Республикасында іс қағаздарын
жүргізу.Алматы.2001ж.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.1
Қазақстан
Республикасының әнұранын орындау
1.2
Білім
алушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Кезекшімен
сұхбат.
ІІ.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың
тақырыбын ашу.
Сөздік
жұмысы
Мұрағат-
архив Қабылдау-
принять
Сақтау
–хранить Жою
–уничтожение
Тапсыру-передать Нөмірленеді-
номеруется
Тізімдеме
– опись Тігіледі-
подшивается
Мұқаба
– обложка
3.2.
Кіріспе
сөз:
МҰРАҒАТ
- мұрағаттық құжаттар жиынтығы, сондай-ақ,
мұрағаттық мекеме немесе пайдаланушылар
мүддесіне мұрағаттық құжаттарды қабылдау
жəне сақтауды жүзеге асыратын мекеменің,
ұйымның немесе кəсіпорынның құрылымдық
бөлімшесі.
АРХИВ
- совокупность архивных документов, а
также архивное учреждение или структурное
подразделение учреждения, организации
или предприятия, осуществляющее прием
и хранение архивных документов в
интересах пользователей.
Қазақстан
Республикасының ұлттық мұражайы туралы
ақпарат
(
бейнеролик)
3.3.
Оқылым. Мәтінмен
жұмыс.
«Ойлан-бөліс»
-
Мәтінді түсініп оқу, түсінгендерін
айту.
Тақырып
бойынша қысқаша материал
1.
Құжаттарды мұрағатқа тапсыруға дайындау
тəртібі
Істі
мұрағатқа тапсыруға дайындауды іс
қағаздарын жүргізуге жауапты тұлға
жүзеге асырады.
Жыл
бойы жатқан істі олардың құндылығын
айқындау үшін сараптау комиссиясы
қарайды.
Тұрақты
жұмыс істейтін сараптық комиссия
мүшелері мекеменің білікті қызметкерлерінің
ішінен бұйрықпен тағайындалады, оның
құрамына тиісті мұрағат органының өкілі
кіреді.
Мекеменің
құрылымдық бөлімшелері жыл сайын іс
қағаздарымен жұмыс аяқталған істерді
мұрағатқа тапсырады. Ол іс номенклатурасы
бойынша тапсырылады.
Құрылымдық бөлімшелерге жұмыс үшін
қажет істер мұрағаттан уақытша пайдалануға
берілген сияқты ресімделеді.
Іс
номенклатурасының негізінде мұрағат
тұрақты сақталатын және жеке құрам
бойынша құжаттардың жиынтық тізімдемесін
жасайды. Тізімдеме
мекеменің басшысымен келісіледі және
мұрағат органының сараптау-тексеру
комиссиясының бекітуіне ұсынылады.
Ұзақ мерзімді және уақытша сақтаудағы
істер олардың сақтау мерзімі біткенге
дейін іс номенклатурасында есептеледі.
Сараптау
комиссиясы жоюға іріктеген, сақтау
мерзімі біткен істерге акт жасайды.
Актіге
енген істерді жою тиісті мұрағат
органының СТК - сараптау-тексеру
комиссиясы тізімдемені бекіткеннен
кейін ғана, оның ішінде тиісті бекітілген
тізімдеме бойынша жүргізіледі.
Сақтауға
және жоюға құжат материалдарын іріктеудің
тәртібі мен әдісі және тізімдемелерді
жасау Қазақстан Республикасы Бас Мұрағат
басқармасының нұсқаулықтарымен және
ережелерімен айқындалады.
Құжаттарды
сақтауды өз күшімен қамтамасыз ететін
шағын ұйымдарда жоюға бөлінген құжаттарға
сақтау тәртібі мен мер-зімдері жазылған
ережелерге сәйкес акт жасалады. Жоюға
арналған актіде кез келген жүйе бойынша
жекелеген істердің тақырыбы немесе,
мысалы, «2017-2020 жылдардағы хат алмасу-4
іс» тобына енгізілген істердің топталған
тақырыбы көрсетіледі.
Актіні
сараптық комиссиясының мүшелері жасайды
және қол қояды, ол мекеменің басшысы
оны қарайды және бекітеді.
2.
Сақтауға жатпайтын құжаттарға не
істейді?
Комиссия
іріктеп алған және жойылған құжаттар
бойынша акті жасалады, онда жойылған
құжаттардың атауы, индекстері және
мәтінінің тақырыптары көрсетіледі.
Жоюға
іріктеп алынған құжаттарды шаруашылық
қажеттіліктерге пайдалануға жол
берілмейді. Оларды өртеуге де тыйым
салынады. Құжаттар арнайы машинамен
туралып, содан кейін макулатураға
тапсырылады.
3.3.Оқу
орнымыздың архиві
Қонаққа
сөз беру (Аудио жазба).
Тәжірибе
бойынша тапсырма
1.Папкаларға
салынған үлгілер бойынша жұмыс
ІV.Тақырыпты
бекіту
V.
Рефлексия Қөңіл
күйлерін анықтау
VІ.
Сабаққа қорытынды жасау және бағаға
түсінік беру
Білім
алушыларды бағалау (орындаған
тапсырмаларына сәйкес).
VІІ.
Үйге
тапсырма беру:
1.
Мұрағатқа қандай құжаттар тапсырылады?
2.
Құжаттарды мұрағатқа тапсырғанда қандай
ережелер сақтау керек?