400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мұражай" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды қазақ тілі пәнінен сабақ беретін жас ұстаздар жұмыс барысында пайдалана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі __Мектеп: Бескөл орта мектеп-гимназиясы

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім. Өнер

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова Рузана Жантасовна

Күні:14.02 Қатысқан оқушылар саны: _11___

Сынып: 3 Қатыспаған оқушылар саны: __11_

Сабақ тақырыбы

12-сабақ. Петропавл қаласындағы мұражайлар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1.1 – тыңдау-көру материалдарындағы оқиғаларды түсіну, тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.

3.2.1.1 – сөйлеу барысында мәтін тақырыбына қатысты сөздерді қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы: тыңдау-көру материалдарындағы оқиғаларды түсінеді.

Көптеген оқушы: тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастырады.

Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында мәтін тақырыбына қатысты сөздерді қолданады.

Бағалау критерийлері

Мұражай туралы мәліметтерді жинап айтады, сұрақтарға жауап береді, сұрақтар құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: мұражай, тарихи-өлкетану, бейнелеу өнері.

Бастапқы білім


Мұражайлар туралы өз ойларын айтады. Оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(8 минут)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып дөңгелене тұрайық.

Қайырлы күн, досым

Қайырлы күн, болсын

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын

Оқушылар мұғалімдерімен бірге қайталап, бір-біріне тілектер айтады: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».

Қызығушылықты ояту. Балалар, бүгін Петропавл қаласының мұражайларына саяхат жасаймыз. Саяхат жасамас бұрын мұражайлар туралы не білетінімізді тексеріп көрейік.

Мұражайлар туралы презентация көрсету, ой бөлісу.

Балалар, бұл бейнекөріністен нені байқадыңдар?

Қаламызда қандай мұражалар бар екен?

Сөздікпен жұмыс. Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту.

Тарихи-өлкетану – историко-краеведческий

Қару-жарақ – оружие

Мақтанышымыз – наша гордость

Құрылды – создан

Бейнелеу өнері – изобразительное искусство

Өтеді – проходит

Табиғат көріністер – явление природы

Оқиға – событие

Бұрыш – угол

Кездестіру - встречать

Қызмет – деятельность

Мәлімет – сведения

Тұрады – состоит

Балалық шақ – детство

Тақ – трон, престол

Ескерткіш - памятник


Интернет ресурстары

Сабақтың ортасы

(22 минут)

Мәтінмен жұмыс. Балалар тарихи-өлкетану, бейнелеу өнері, Абылай хан мұражайларына үш топқа бөлінеді.

1. Үш топқа бөлініп постер жасайды, сынып алдында таныстырады.

2. Балалар бірін-бірі бағалайды.


Бағалау критериі

Дескриптор

Балл

«Мұражай» туралы мәліметтерді жинап білімдерін көрсету

Постерді жасау

3

Шығармашылық тапсырманы қорғау

3

Сұраққа жауап беру

3


3. Тыңдаған екі топ қорғаушыларға сұрақтар құрастырады.

Сергіту сәті.

4. Берілген мәтіннен әр топ бір сөзді септейді.

5. Өнерде, мұражайға, көне заттарды, Абылай ханның, ғимарат, ескерткішпен, ыдыстан, осы сөздер қандай септікте тұр анықта.

6. Өздерінің мәтіндері бойынша диалог құрастырады.


А4 парағы, маркерлер


Сабақтың соңы

(10 минут)

Сабақты бекіту үшін мына сұраққа жауап беру – -Мұражайлар не үшін қажет қалай ойлайсыңдар?

Кім қандай мұражайға барғысы келеді, неге? Сол мұражайға смайликті жапсыру.


Кері байланыс. БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма: Септіктерді қайталау, 124 бет сөздерді жаттау.

Түрлі түсті қарындаштар, А4 парағы, маркерлер


Жасыл, сары, қызыл дөңгелектер


Кесте


Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Өзім жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? Мен өз жоспарыма ұандай түзетулер енгіздім? Неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (сабақ жүйелі жоспарланғандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс жасайды. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, себебі оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақытты тиімді пайдалану барысында саралау жұмыстары да орындалды.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? Сабақтың өзіңе ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.

1.

2.

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақты жақсарта алады?

1.

2.

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1.

2.

Осы сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
1304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі