400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ашық сабақ Мүсін өнері. Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1.2 сандармен амалдар орындау

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:№28 жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Абишева М.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мүсін өнері. Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: -бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайды

Көптеген оқушылар: - Қалдықпен бөлуді әріптік жазба түрінде көрсете алады.

Кейбір оқушылар: Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуге есеп құрастырады, өз бетінше екі үш мысал ойластырады

Бағалау критерийлері

  • бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайды.

  • қалдықпен бөлуді әріптік жазба түрінде көрсетеді.

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуге есеп құрастырады, өз бетінше екі үш мысал ойластырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қалдықпен бөлуді және неге қалдық бөлгіштен кем болатынын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

-қалдықпен бөлу, қалдық, қалдық бөлгіштен кем.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

–Біртаңбалы санға қалдықпен бөлудің қалай орындалатынын айтып бер?

–Неге қалдық бөлгіштен кем?

–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Жазу үшін;

Қалдықпен бөлуді және оны тексергеніңізді жазыңыз.

Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен және топта сыйластықта, ұйымшылдықта, ынтымақтастықта жұмыс істеу барысында жалпыға бірдей еңбек құндылығы іске асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбекпен байланысы сабақ барысында оқушылар ермексаздан топтық жұмыста мүсін жасау.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан мүсін өнерінің даму тарихын тамашалау

Бастапқы білім

Көбейту, бөлу, көбейтіндінің мәні, бөліндінің мәні, қалдық туралы ұғымдармен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

Раппорт орнату

«Кезбе тілші» әдісі

Сәлемдесу:

  • Қайырлы таң! Доброе утро! Good morning! 

  • Менің атым -...................

  • Менің атым -...................

Бірге: -Біз - «Балапан» телеарнасының жүргізушісіміз.

-Бүгін сіздерді «Балапан» телеарнасының студиясына қонаққа шақырған едік.

Бірге: -Қош келдіңіздер!

-Достарым, бүгінгі математика сабағында қызықты тапсырмаларды бірлесе орындаймыз.

-Олай болса, достарым, тапсырмаларды мұқият тыңдап, орындайық!

Бірге: -Сіздерге сәттілік тілейміз!

Мұғалім:-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!


Сабақ ортасы

1-тапсырма. (Ұ.ж.) «Тыңда, есепте» әдісі арқылы  өрнектің мәнін тауып, оны сәйкестендіреді. Мүсіндер қандай материалдан жасалғанын анықтайды. Әдістің мақсаты: Бұл әдісте оқушылар есту арқылы тапсырманы орындайды. Тыңдау арқылы есте сақтаулары дамиды.

200*3-300=300 металл

1000-400*2=200 тас

20*3+40=100 ағаш

Тілші: Мүсін туралы түсінік беру. https://youtu.be/-vIIJGsYdso

Топтарға бөлу: мүсіннің жасалу материалдарына қарай 3 топқа бөлінеді.

1-топ «Ағаш», 2-топ «Металл» 3- топ «Тас»

Дескриптор: - Өрнектің мәнін табады.

  • Мүсіннің жасалған материалын анықтайды

Бағалау: сөздік бағалау, яғни қолдау көрсету. «Керемет! Еңбектеріңіз көрініп тұр!», «Жарайсың! Бұдан жақсы істей аласыздар!», «Талпын! Ерінбе!»

2-тапсырма. (Т.ж.) «Тәжірибелік» әдіс

  1. Қорапқа 12 қарындашты 6-дан бөліп сал.

  2. Қорапқа 14 қарындашты 6-дан бөліп сал.

  3. Қорапқа 5 қарындашты 6-дан бөліп сал.

Дескриптор:- - толымды бөлінді анықтайды;

- толымсыз бөлінді анықтайды;

- қалдықты табады;

ҚБ: «Жетістік ағашы»

Қызыл жапырақ -керемет

Жасыл жапырақ – жақсы

Сары жапырақ – талпын
































3-тапсырма. «Тапсырма» арқылы саралау

  1. Көркем еңбек сабағында балалар 21 қоянның мүсінін жасады. Оларды әр қатарға 9-дан қойды. Қанша қатар шықты? Қанша мүсін артылып қалды?

  2. Ағаштан мүсін жасау үшін орманнан 43 бөрене әкелу қажет. Мәшинеге 5 бөренеден артық салуға болмайды. Барлық бөренені әкелу үшін, орманға неше рет баруға тура келеді?

  3. Орманшы әр қатарға 9 көшеттен 40 шырша екті. Шырша қанша қатарға егілді? Қанша шырша қалды?
    Дескриптор:

- толымсыз бөлінді анықтайды;

- қалдықты табады;

ҚБ: «Жетістік ағашы»

Қызыл жапырақ -керемет

Жасыл жапырақ – жақсы

Сары жапырақ – талпын


Сергіту сәті «Дүкенде» ойыны

«Кезбе тілші» әдісі.

  • Достарым, біз сіздермен «Дүкенде» ойынын ойнаймыз.

  • Ойынның шарты:

Балалар дүкеннен өздеріне қажетті заттарды сатып алады.

Дәптер – 7 тг – 3 дана - 25 тг

Өшіргіш – 6 тг - 4 дана - 25 тг

Сызғыш – 8 тг – 1 дана - 5 тг

Қаламсап – 9 тг – 5 дана - 50 тг

Қарандаш – 3 тг – 9 дана - 30 тг

(Дүкенші әр балаға қалған ақшасын қайтарып береді.)

  • Балалар, сіздер дүкеншіден қанша ақша қайтарып алдыңыздар? (Тілшілер балалардан қалай сауда жасағанын сұрайды, балалар өрнек түрінде де айтады )

  • Рахмет! Жарайсыздар, балалар! Дүкенде сауданы жақсы жасадыңыздар!

Мұғалім: - Балалар, санды қалдықпен бөлуді жақсы түсініпсіздер. Жарайсыздар!





























8-тапсырма. (Ұ.Ж.) «Кім жылдам?» әдісі. Мақсаты: Оқушылар өрнекті жылдам есептеу арқылы өз білімдерін көрсету. Тақтамен жұмыс


Сөздік бағалау: «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы!», «Талпын!»


Сабақтың соңы

Қорытынды: 4-тапсырма. (Ө.ж.) тақтамен жұмыс

Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

19:2=9(қ1) 7:6=1 (қ1) 8:7=1 (қ1)

5:8=0 (қ5) 4:6=0(қ4) 6:7=0 (қ6) Дескриптор:

- толымсыз бөлінді анықтайды;

- қалдықты тексереді.

ҚБ. Смайлик арқылы бағалау



Мұғалім: - Балалар, бүгін санды қалдықпен бөлудің тағы бір жағдайымен таныстыңыздар, яғни егер бөлінгіш бөлгіштен кіші болса, бөліндінің мәні 0-ге тең, ал қалдық бөлінгіштің өзіне тең болады.

a÷b=0(a)



Кері байланыс.

«ВАК» әдісі

В (визуалды қабылдау) – бүгінгі сабақта көзімізбен не көрдік?

А (аудио қабылдау)- Кімді тыңдадық? Не туралы тыңдадық?

К (кинестикалық қабылдау)- қандай қимылдар жасадық? Не сезіндік?

Үйге тапсырма: №6,9


Саралау -оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Топтық жұмыс «Тапсырма» арқылы саралау барысында қабілеті жоғары оқушылар қалдықпен бөлуге байланысты есеп құрастырады және дәлелдеп тексереді.

Қабілеті орта оқушылар: қалдықпен бөлуге берілген есептерді шығарады.

Қолдауды қажет ететін оқушылар:

Қалдықпен бөлуге берілген есепке өрнек құрастырады.

Сабақ барысында оқушыларды «Жетістік ағашы» және де смайлик арқылы бағалау жүргізілді.

Денсаулық сақтау

технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-

әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың

барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай

ауытқулар болды,

неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1072
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі