Мектеп: №1ОЖББМ
Күні: № 14
сабақ
Тақырып: «Адал және ақкөңіл болу
»
Құндылық: Қиянат
жасамау
Қасиеттер: әрқашанда көмекке дайын
болу,қиянат жасамау, өзгелерді ренжітпеу.
Мұғалiм: Уразова
Ж.У
Сынып: 2
|
Сабақ
мақсаты:
- Оқушыларға адалдық пен
ақкөңілділік туралы әңгімелеу арқылы, қиянат жасамау құндылығының
мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушыларды ешқашан қиянат
жасамауға үйрету.
- кез келген уақытта көмекке
дайын болуға баулу.
- өзгелерді ренжітпеуге
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
|
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi. 5Т.
2.Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену»
3. Үй тапсырмасын
тексеру. «Аманатқа қиянат жасама» Өсиет
әңгіме
Талдау
сұрақтары:
-Саудагер неліктен
аманатқа қиянат жасамақ болды?
-Саудагердің жаман
ойы неге іске аспады?
- Адамның ойының күштілігіне
сенесіңдер ме?
|
Сабақ барысын
талқылау:
|
|
4.Дәйексөзбен
жұмыс.
«Адалдық жүрген
жерде –адамдық жүреді»
Нақыл
сөз
|
|
|
5.Әңгiмелеу.
Адал дос
ертегісі
Ертеде екі дос
болыпты. Олар үнемі бірге жүреді екен. Екі достың біреуінің
денсаулығы нашар болады. Бір күні ол екеуі алыс жолға шығады. Ұзақ
жол жүріп, шаршап-шалдығып келе жатырса,алдарынан аю шыға
келеді.Достардың біреуі тез қимылдап ағаштың басына өрмелеп кетеді.
Ол өмірімен арпалысу кезінде қасындағы досын ұмытып кетеді.
Денсаулығына байланысты ағаш басына өрмелей алмаған екінші дос
аюдан қаша алмай сол жерде отырып қалады. Аю жақындап қалғанда ол
өтірік өліп жата қалады. Аю иіскелеп айналып жүреді де өз жөніне
кетіп қалады.Аю кеткеннен кейінағаш басындағы дос түседі де қасына
келіп аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады деп сұрайды. Сол кезде
досының қиын сәтте тастап кеткен досына ренжеген ол былай деп жауап
береді. Аю маған,- қиянат жасайтын адаммен дос болма- деп
сырбырлады дейді. Өзінің амандығын ойлап,ауру досын тастап кеткен
ол қатты ұялып қатесін түсінеді.
Талдау
сұрақтары:
1)Досын тастап
кеткен жолдасы өзінің қиянат жасағанын
сезіндіме?
2) Бұлардың достығын
адал достыққа жатқыза аламыз ба?
3) Ауырып қалған досы ешкімге
қиянат жасамау,әркезде көмектесуге дайын болу керек екенін досына
қалай түсіндірді?
|
Интернет
желісінен
|
|
6. Шығармашылық
іс - әрекет.
3 тапсырма. Оқулықта
берілген жағдаяттарды шешіңдер.
4 тапсырма. Адал және ақкөңіл
болу ережесін оқып, өздерің
толықтырыңдар.
|
|
|
7.Топпен ән
айту
Дос болайық
бәріміз
Әрқашан дос,
біргеміз,
Ажырамас
іргеміз.
Ілгері
жүріңдер
Достық жырын
біліңдер.
Ту ғып ұстап
бірлікті,
Еңбекті
сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық
бәріміз,
Жарасып тұр
әніміз.
Тыныштықты
сақтаймыз,
Атсын күліп
таңымыз
|
Сөзін жазған
Х.Талғаров.
Әнін жазған И.
Нүсіпбаев.
|
|
8.Үй
тапсырмасы.
49 беттегі № 15 сабақ «Бақытты
отбасының сыры» өсиет әңгімені оқып
келу.
|
Оқулық
|
|
9.Тыныштық
сәтi.
Өз жүрегіміздің
жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу
үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы
сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған
әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді
ашуға болады.
Сабақ аяқталды. Сау
болыңыздар!
|
|