Қазақстан Республикасы.
Қызылқоға ауданы Миялы селосы
Миялы балалар өнер
мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы; «Қазақы киіз үй
мүсіндеу»
Дайындаған мұғалім;
Т.Рысқалиев.
2018
жыл.
«Бекітемін»
Миялы балалар өнер
мектебі
оқу ісі меңгерушісі
:
__________.
«___»________20___
ж.
Жоспары:
Сабақтың
тақырыбы:
«
Гипстен
Құмыра
мүсіндеу»
Мақсаты:
Оқушылардың білімі мен
жан-жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Қолөнер бойынша
алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін
жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан -жақты дамыған азамат
тәрбиелеу.
1)Қазақ халқының ежелгі тұрағы
киіз үй туралы мәлімет беру,киіз үй құрылысымен
танысу.
2)Киіз үйдің құрылысы жайлы
жұмбақтар шешіп,сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты
меңгеру.
3)Ата дәстүрін ұмытпауға,
әрқашанда қадірлеуге баулу.
Сабақтың өту
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жұмбақ айтудан бастау.
Тәрбиелігі: Мүсін өнерінің айырықша
туындыларын көрсете отырып, әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана
білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Оқушылардың мүсін
өнеріне деген қызығушылықтарын оятып, іскерлік пен шеберлікке
баулу.
Дамытушылығы:
Сұрақтар арқылы оқушылардың
дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау,
дамыту.
Сабақтың
түрі: Ашық
сабақ.
Сабақтың
көрнекілігі: мүсіннің жасалу жолы
көрсетілген, тақтайша, гипс,эскиз,құты
қалдығы.
I. Ұйымдастыру
кезеңі;
1.Оқушыларды түгендеп
алу.
2.Сәлемдесу.
3.Оқушылардын назарын сабаққа
аудару.
I.Ұйымдастыру
кезеңі: Бүгінгі ашық сабақ 4-сынып
оқушылары.
II.Үйге берілген тапсырманы
тексеру.
III. Жаңа
сабақ;
Балалар сендерге жұмбақ
жасырайын шешіп карандаршы?
1.Ұқсайтын
шеңберге
Қабырғасы жиылып,
керіледі,
Жиһазы мол кең
бөлме,
Төбесінен жұлдыздар
көрінеді. ( Киіз үй).
Дұрыс айтасындар балалар
бүгінгі сабағымыз жаңа тақырыбымыз да
қазақы «киіз уйді
мүсіндеу» деп
аталады.
Киіз үйді гипспен мүсіндейтін
болғандықтан мүсін өнерінің шығу тарихына қысқаша
тоқталайық.
Мүсін өнерінің шығу
тарихы.
Қазақстан аумағында ежелгі
мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.Оны жасауға
сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан,
Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі
көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып
келеді.
Мүсіндеу өнері - көркем
өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден
айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық
көрсетілуі..
Олардың жақсы бір қасиеті
ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем
десең де ыңғайлы. Мүсін жасағанда қолданылатын басты қолданылатын
құралдар: тақтайша, каркас, қалақша т. б. Мүсін орындағанда арнайы
киім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасы
былғанбауы тиіс. Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды.
Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы..Жаңа терминдерге түсінік
беру.
Енді балалар бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы «Қазақы киіз үй
мүсіндеу» ; Қазақ халқының дәстүрі
еңбек, тағам даярлау ерекшеліктерімен байланысты туып, ал ең
бастысы — баспана яғни, киіз үй болып саналады.. Ол тез жиналып,
көлікке артып көше беруге, шапшаң тігуге лайықты жасалған. Киіз
үйдің ағашы мен киізіндегі орама: үймен бау-басқұрындағы
ою-өрнектерге қарап қай халықтың баспанасы екенін бірден ажыратуға
болады. Киіз үйлер кереге көздерінің кең немесе тар жасалуына қарай
да ерекшеленеді.
Біз бүгінгі сабақта ежелгі
қазақ халқының көшіп қонуға ыңғайлы баспанасы киіз үй макетін құрып
үйренейік.
Қазақтың ұлттық
қолөнеріндегі ағаштан жасалған бұйымдарды түсіндіру. Осы киіз үй
макетіне керекті материалдарды алу. Бойынша киіз үй макетінің жасау
үлгісін көрсету.Оның ішінде шаңырақ, кереге, есік, уық және тағы
басқа заттардың қалай біріктіріліп жасалынатыны туралы айтып
түсіндіру. Оқушылардың эскизге қарап отырып, киіз үйді құрастыру
әдістерін түсіндіру. Киіз үйдің қанқасы үш
бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Кереге ағаштары бір-бірімен
қайыспен байланады. Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Шаңырақ
қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады. Уықтар шаңырақты
тіреп тұрады.
Сұрақ –жауап
;
-
Мал баққан көшпелі
халықтардың қысы-жазы отыратын өте? қолайлы және төзімді баспанасы.
Ол тез құрылып, тез жинала?
Киіз
үй
-
Отан, әулет мағынасында
да қолданылады ол қалай
аталады? Шаңырақ
әдетте, шаңырақты үй
иесі, ер адам көтереді.
-
Киіз үйдің өте
әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл ортасынан ашылып-жабылатын
жарма есіктерге ұқсас?
Жауабы;
Сықырлауық
Ол екі таянышқа ілмек
арқылы ұстасады, ашып-жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны
сықырлауық деп атайды
-
Шаңырақты жауып тұратын
төрт бұрышты шағын киіз?
Түндік
-
Киіз үй құрылысын кім
айтып береді?
/кереге,уық,шаңырақ,
желбау, түндік, туырлық, есік, арқан,
ши/
Жұмысымызды бастамас бұрын
қауіпсіздік ережесін еске
түсірейік.
Қ
А
У
І
П
С
І
З
Д
І
К
ережесі

Алжапқыш
тағамыз

Гипспен үстімізді
ластамау.
Ж
ұмыс жасау
кезінде көзге тигізбеу.
. Гипспен жұмыс соңында
қолыңды жуу.
.
Керекті құрал
жабдықтар
Кисті,алжап қыш.
Тегістеуіш,пы-
шақ,қолсүрткіш
Қайшы,гипс,
бояу,су,
5литр(Пластик) құты
қалдықтары
1.Оқушылар бүгінгі ашық
сабағымызда жасалатын жұмысымыз гипстен киіз үй жасау.Гипстен
жасалған киіз үй жаңаша үлгіде ой қиялмен шыққан сол жұмысты
сендерге үйретейін .Керекті материалды дайындап алып жұмысымызды
бастаймыз.Алдымен гипсті алып керекті мөлшерде езіп аламыз керекті
бес литр пластик құтыны орта жағын кесіп аламыз бізге керекті беткі
жағын алып езілген гипсті ішкі жағыннан құйып жағамыз жағып болган
соң кебіуін күтеміз кеуіп болган соң пластик құтынын екінші
бөлігіне киіз үйдің астыңғы жағына гипс құйып кепкенін күтіп құтыны
кесіп алып асты үстінгі жағын бір -бірімен бекіттіреміз қалған
жұмысымызды эскизге қарап толықтырамыз ою-өрнек бояу
тәсілдері.
Жұмбақтар;
1.Төбедегі
көзінен,
Күн сәулесі
түседі.
Бұрышы жоқ
төрінен,
Самал еркін
еседі.
(Киіз
үй)
2.Жетпіс екі
найзаны,
Біріктіріп ұстап
тұр,
Ата-бабаның қай
жаны,
Ие болса оған — ұшпақ
бір.
(Шаңырақ)
3.Тұмсығын
тесіп,
Жүннен бұйда
есіп.
Қазыққа
байладым.
(Уық)
4.Ұқсайтын
шеңберге
Қабырғасы жиылып,
керіледі,
Жиһазы мол кең
бөлме,
Төбесінен жұлдыздар
көрінеді.
(Киіз
үй)
Түріліп тұрар бір
басы,
Бұрышсыз үйдің
мұржасы.
(Түңлік)
– Балалар, біз бүгінгі сабақта
өздеріңіз көріп отырғандай киіз үй туралы мәлімет алдық.Оны қалай
мүсіндеп жасауды да үйрендіңдер деп
ойлаймын.
Сабақты
қорытындылау. Оқушылардың жұмыстарын
тексеріп, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. өз жұмыстарын
қалай қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың
жұмыстарын салыстырып қателерін
айту.
Міне, балалар, сабақтың
байырғы бастамасы, киіз үй құрылғысымен тереңірек таныстық.
Қоршаған табиғат пен ғажайып гармониялық үйлесім тапқан, негізінен
төрт түлік мал өнімдері мен жергілікті табиғат байлығының бірі –
талдан тұратын, жинақы да жеңіл, қарапайым да қолайлы халық
баспанасы – киіз үйдің жалпы құрылысы міне,
осындай.