жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Мың алғыс саған, қазақ халқы!" 7 сынып
|
Сабақтың тақырыбы: Мың алғыс саған, қазақ халқы! |
Мұғалімнің аты-жөні: Адилханова Ж.С. Күні: 15.02.18ж Пәні: қазақ тілі |
|||||||||||||||||||
|
Сынып: 7 «Б» |
Қатысқан оқушылар саны: 22 |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
||||||||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.1.5.1. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. 7.4.4.2 еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну. |
|||||||||||||||||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Еліктеуіш сөзді ажырата алады. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||||||||||||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||||||||||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, тарих, әдебиет. |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспары |
||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||||||||||||||||
|
Басталуы 10 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Бір қазақ сүт» видеоролик көрсету, мұқият тыңдау. Сабаққа қандай қатысы бар екендігін сұраймын. Арасында еліктеу сөздер бар . Қандай еліктеу сөздер бар екен атап жіберейікші? Оқушылар естігендерін атап шығады. Өткенге шолу жасаймыз. «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Дескриптор: 1.Сұраққа бір сөзбен жылдам жауап жазады; 2.Әріптерді жинақтау арқылы мағыналы сөз табады. Сұрақтар: 1. Бір ғана түбірден ( негізгі немесе туынды) тұратын еліктеу сөздерді қандай еліктеу сөз дейміз? 2.Түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған сөздерді не дейміз? 3. Қарқылдайтын құсты ата? 4. Түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған еліктеу сөздер қандай еліктеу сөздер деп атаймыз? 5. Француз тілінен аударғанда жиналыс деген мағынаны беретін сөз, қай сөз?
Оқушылардың сөздерінің дұрыс жазылғандығын тексереміз. Бірінші сөздің төртінші әріпін, екінші сөздің екінші әріпін, үшінші сөздің төртінші әріпін, төртінші сөздің үшінші әріпін, бесінші сөздің үшінші әріпін дөңгелектеп шығамыз. Қандай сөз шыққанын оқушыларға оқытамын. Алғыс - сөзі шығады. Бүгінгі сабақпен байланыстырамын. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырып шығамын. |
Оқушыларға өзін –өзі бағалау парақшасын таратамын.
Тапсырманы орындаған әр бала өзіне бір балл қойып отырады.
Жеке жұмыс. |
||||||||||||||||||
|
Жаңа білім 4 минут
|
Білу және түсіну. Оқылым. Оқушылар мәнерлеп оқып шығады. 1-жаттығу. Мәтінді оқып, автордың көзқарасы мен көтерілген мәселені талдаңдар. Қазақстан халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасынының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблиясының құрылған күні - 1 наурызды «Алғыс айту күні» де жарияланып, Жарлыққа қол қойған болатын.Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы » құрылған күні-1 наурызды жыл сайын барлық этносқа мейірбандық танытып,оларды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді.Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болар еді »,-деген болатын. Алғыс айту күні- елімізде тыныштық пен үндестік,өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуының салтанатты күні. Бұл –тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынасының өнегелі өлшеміне айналды. Алғыс айту күні- күрделі заманда қиындықты иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Алғыс айту күні -тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл күн-репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды ізгі қасиеттерді еске алу күні. Ойтүрткі.
Ауызша сұрақтарға жауап аламын. Оқушылардың ойын тыңдаймын. |
Оқулық, мәтіндер.
Ұжымдық жұмыс. |
||||||||||||||||||
|
5 минут
Ортасы 5 минут |
Талдау. Тыңдалым және айтылым. «Домбыра» әдісі арқылы қазақ халқына сипаттама береді. Дескриптор:
Қ.Мырзалиевтың «Қазақ осы» әнін тыңдаймыз. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар. Қазақ осы күй шығарып, ән салып, Көкпар тартып, қыз қууға жаралған. Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін. Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін. Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын. Қазақ осы - алудай-ақ алатын, Ал беруден алдына жан салмайтын. Қазақ осы - ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Қазақ осы - құда бол деп қинайтын, Құдаларын құдайындай сыйлайтын. Қазақ осы - дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын. Қазақ осы - жайып жатқан қанатын, Батыр халық, ақын халық - дәл аты. Қазақ осы - өзімсінген адамға, Насыбайға бола өкпелеп қалатын. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Қолдану Әдеби тіл нормалары. Бұл тапсырманы «Базарлық» ретінде таратамын. Әр оқушыға бір сұрақ сыйлығымен таратылады, оқушы жауап берсе осы сыйлыққа ие болады. 3-жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Мағынасына, тұлғасы мен құрамына қарай талдаңдар. ... Тасты жерде сатырлап шапқан көп аттың сарынымен ағаш даусы да естілгендей болды.... Тысқа шыққан ер азамат қарбаласып, сарт-сарт етіп аттарына мініп жатты. Жылқы жақтан шыққан сатыр –сұтырды естіген ат-айғырлар кермеде тықыршық атып, шыдай алмай тұр еді... Бала – шаға, қыз-келіншек жүрегі қалтырап, қорыққандай дірілдеп, біріне – бірі тығылып, топтанып жүр.... Алыстағы көп сарынның ішінде екі-үш тарс –тарс етіп естіліп қалды.... (М.Әуезов) |
Әрі сергіту сәті, әрі тапсырма орындап отырады.
Жұптық жұмыс.
Домбыра суреті салынған үлестірме лер
Конфеттер, үлестірме қағаздар
Жеке жұмыс. |
||||||||||||||||||
|
4 минут
Аяқталуы Сабақты бекіту 6 минут |
Жазылым. Тақтаға бір-бір оқушы жазып шығады. Қалған оқушылар дәптерге көшіреді. 4-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазыңдар. «Мен Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. «Жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп тұрған кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды. Бұл –жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел. Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім», - деді Н.Назарбаев.
5-жаттығу. Алғыс айту күні туралы түсініктеріңді кластер арқылы көрсетіңдер. Оқушылар топқа бөлініп жазып, қорғап береді. Алғыс айту күні
|
Ұжымдық жұмыс.
Оқулық, дәптер
Топтық жұмыс.
Оқулық, үстелдегі ватмандар, түрлі-түсті маркерлер |
||||||||||||||||||
|
Бағалау 2 минут
Кері байланыс 4 минут |
Оқушылардың жинаған ұпай сандарына қарап, қорытынды балын шығарып, оқушыларды ауызша бағалап шығамын. Оқушының аты-жөні _____________________ Сынып: _______________ Күні __________________ Пәні ____________________ Бағалау парағы
Бағалау шәкілі: 7-6 балл – Өте керемет! 5 балл – Жарайсың! 4-3 балл – Жақсы. 2-1 балл – Талпын.
«Білім
қоржыны» кері байланыс. Оқушылар
оқушылар сабақтың қалай өткендігі жайлы өз ойларын асыққа жазу
арқылы қоржынға жабыстырып шығады. Бір-екі оқушы | |||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген