400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мысық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал үй жануарларын толық тануға мүмкіндік береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Жасы: 2-3 жас 1-ші кіші «Бүлдіршін» тобы

Тәрбиешінің аты –жөні: Тулегенова Р.К.

Күні:26.12.2016 жыл

Білім беру саласы: Коммуникация

Кіші сала: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Мысық.

Мақсаты:Мысықтың қимылымен, не жейтінімен таныстыру.

Дидактикалық құралдар:мысықтың суреттері.

Билингвалдық компонент: мысық – кошка.

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс -әрекеттері

I-кезең

Мотивациялық қозғаушы

Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды. Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Достарына мейірмін
Жылулығын таратты.


Балалар іс – қимылмен шаттық шеңберін жасайды.

II-кезең

Ұйымдастырушылық

Ізденушілік

Балалардың отырғызып, көңілдерін алдарындағы ойыншықтарға аударады.
Тәрбиеші: Балалар осы ойыншықтарды білесіңдер ме?
Бұлар қандай жануарлар?
Үй жануарларының пайдасы, түрлері, төлдері туралы сұрау.
Тәрбиеші: Балаларға мына сүт ішіп отырған мысықтың суретін қарауды ұсынады.
Балалар бұл менің қасымда Мурка деген мысық досым бар.
Мен сіздерге таныстырып өтейін.
Мысық сүт ішкенді жақсы көреді, Мурка мысығымыздың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы бар, құйрығы бар

Жұмбақ жасыру:
Беті – қолын жуады,
Тышқандарды қуады
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды.

( Мысық)

Мысық туралы тақпақ айтып балармен бірге қайталау.
Тәрбиеші: Балалар мысық қалай дыбыстайды.

Тәрбиеші: Балалар мысыққа қалай күтім жасайтынын айтып беру
Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды
Қарнын сипап қояды
Жүрісі оның баяу
Дейді мысық мяу – мяу.
Дидактикалық ойын: «Мысық нені жақсы көреді?»
Электрондық бейне тақта ақылы сурет көрінеді.






Билингвалдық компонент: мысық – кошка.



Балалар ойыншықтарға қарайды.


Иә түйе, сиыр, ит деп жауап береді.


Балалар: үй жануарларыныың төлдерімен атап береді
Ит – ит
Сиыр – бұзау
Қой – қошақан
Ат – құлын
Ешкі – лақ










Балалар мысық деп жауап береді.


Інжу:
Тышқан қашты мысықтан
Қатты - қатты жүгірді.
Орын тапты қуыстан
Зәресін мысық ұшырды
Күмісай:
Пеш үстінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі келіп
Оның тісі қышып отыр.
Нұрахмет:
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Тіл ұстарту жаттығу
Ық – ық – ық
Тышқан жейді мысық
Мияу-мияу деп дыбыстайды.

Балалар тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстар жасайды

Балалар тақырыпқа сай қазақша – орысша сөздерді айтады.

III-кезең

Рефлекстік түзеуші

Балалар үлестірмелі суреттерді пайдаланып қыстырғыш арқылы суретке мысықтың бейнесін орналастырады.
Тәрбиеші: Балалардың жауаптарын қорытындылап, білмегендерін үйретеді.
Белсене қатысқан балаларды мадақтау





Балалар суретті жасап шығарады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:  Шаттық шеңберін өздері жасай алады.

Игереді: Мысық туралы мағлұмат алады.

Меңгереді: тапсырмаларды нақты орындайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі