400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Мысыр мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
*Мысыр мемлекетінің құрылу себептерін, сәулет өнерін, мәдениетін түсіндіру. *Студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту, өз көзқарасын қорғай білуге үйрету. *Өз елінің мәдениетіне деген мақтаныш сезімін ояту, адамгершілік тәрбие беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Пән – Мәдениеттану

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі мысыр мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

*Мысыр мемлекетінің құрылу себептерін, сәулет өнерін, мәдениетін түсіндіру.

*Студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту, өз көзқарасын қорғай білуге үйрету.

*Өз елінің мәдениетіне деген мақтаныш сезімін ояту, адамгершілік тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: саяхат сабақ

Көрнекілік құралдар: слайд, плакат, шариктер, пирамида бөліктері.

Сабақтың барысы:

1. І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болайын деп тұр. Себебі, бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан сабағымызды бір – бірімізге жылы лебізімізді білдіруден бастайық(май шам жағу арқылы бір – біріне сәттілік білдіреді)

2. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Жобалау технологиясы арқылы 2 топқа бөліну.

  • Сақ және андронов мәдениетін қорғау.

В енн диаграммасы ( сақ және андронов мәдениетін салыстыру)

Shape3 Shape1 Shape2

Андронов мәдениеті

Сақ мәдениметі









3. Команда капитандары қарама – қарсы сұрақтар қою.

Сергіту сәті:

Ең,ең,ең деген сұрақтарға жауап беру


І ІІ. Жаңа сабақ енгізу.

Мысыр мәдениеті.

Дәріс

Өнер тарихы дегеніміз – адазат тарихы .Адамзат ес жиғаннан бері өнермен бірге жасасып келеді. Бұдан мыңдаган жылдар бұрын да әлем төснде көне дәуір өнерінің бастау алып дамыған бірнеше ошақтары болды. Өркениетті көне орталықтар , өнер ошақтары шамамен бұдан 6-8 мың жыл бұрын өмірге келді. Осындай айтулы өнер мәдениетінің ордасына айналған аймақтар : Алдыңғы Азия мен солтүстік шығыс Африка, оңтүстік шығыс Азия .Бұл жерлерде тарих таразысына түскен мемлекеттер өмір сүрді. Олар Шумер,Аккадтар, Ассирия, Мысыр, Вавилон, Кытай , Иран және еуразиядағы кеңдаланы мекендеген ғұндар, сақтар, массагеттер патшалығы.

Осы өнер ошақтарының ішінде Мысырдың ғажайып өнері басқа аймақтардағы мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен ,көнелілігімен ерекшеленді.

Мысыр жерінде өнер ошақтары , түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған.

Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері шамамен б.з.д. 4 мың жылдықтарда пайда болды.

Б .з.д. 4 мыңжылдықтың 2 жартысында қазіргі Мысыр жерінде екі құл иеленуші мемлекет ірге көтерді.Олар оңтүстік және солтүстік патшалығы деп аталды. Б.з.д. 3 мыңыншы жылдары солтүстік патшалығы ұзақ жылғы соғыстан кейін оңтүстік патшалығына бағынып тұтас Мысыр мемлекетін кұрды.

Осы кезеңде мәдениет пен өнер біраз дамыды. Тасқа ойылып қашалып жасалынатын бедерлеу өнері барынша дамыды.

С уретшілер сол кездегі соғыс қимылдарын, патша жорықтарын қайрақ тастарға бейнелеп түсіріп отырды. Осындай тарихи оқиғаны бейнелеген , сол кездегі озық ескерткіш саналатын бедерлеме суреті бар тақта тастың бірі – Нармер тақтасы. Тақтада солтүстік патшалығын тізе бүктірген Нармер патшаның әскери жорығын, жеңісін бейнелеген.

Осыдан кейінгі кезеңдерде де Мысыр патшалығы нығайып, перғауындар билігі барынша аса түсті.

Бар байлықты қолына жинаған патшалар әулеті Мысырда ірі- ірі қалалар, сәулет кешен- ғибадатқаналар салуды қолға алды.

Мұндай мәдени өзгерістер перғауын Жосердің тұсында кең етек алды.Сол замандағы өркендеген мәдениет пен өнердің жемісі ретінде Жосер пирамидасы салынды және ол Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқысы болып табылды.


Б ұл пирамидалардың салынуы Мысырда инженерлік жүйенің пайда болуына жол ашты және бұл пирамида жеті қабаттан тұрды.биіктігі 70 метр.

Жосер сәулет кешенінен бастау алған пирамидалар дәуірі өзінің шарықтау шегіне осы кезеңдерден бастап жетті.

Пирамидалардың ішіндегі ең ғаламаты атақтысы Хеопс, Хафра, Менкаура тұрғызылды.Ніл жағасындағы Гизэ жазығында орналасқан осы үш пирамиданы Гизе пирамидалар қорымы деп аталды.

Пирамидалардың ішіндегі ең атақтысы, әлемдегі жеті кереметтің бірі Хеопс пирамидасы.Оны Мысыр перғауыны Хеопс салдырған. Пирамиданы салу үшін Ніл дариясынан Гизе жазығына дейін 10 жыл бойы жол төселген.Құлдардың ауыр еңбегінің арқасында құрылысты 20 жыл бойы салғызған. Биіктігі 147 метр

ІV. Бекіту кезеңі:

  • Қ ұтыда салынған шарик сандарына байланысты сұрақтарға жауап беру.

  1. Бедерлеу өнері дегеніміз не?

  2. Мысыр мемлекетінің құрылуы

  3. Нармер тақтасы жайлы не білесіз?

  4. Хеопс пирамидасының биіктігі қанша?

  5. Гиза жазығында орналасқан үш пирамиданы ата

  • Пирамида құрастыру ойыны (Әлемдегі жеті кереметтер жайлы сұрақтар)


V. Рефлексиялық кезең

Қазақта жеті санын киелі санаған, сондықтан бүгін біз әлемнің жеті керемтінің бірі Хеопс пирамидасы туралы білсек, 7 санына байланысты не білеміз?

  • Жеті қазына

  • Жеті ата

  • Ж еті жұт

  • Жеті ғалам

VІ. Қорытынды:

Инсерт стратегиясы бойынша студент «Не білемін?, не білдім?, не білгім келеді?» кестесін толтыру арқылы ой қозғау.


VII. Үйге тапсырма.

Мысыр пирамидаларының ғажайып сырлары туралы мәліметтер жинау.


VIII. Бағалау. (Бағалау парақшасы арқылы студентер өзін өзі бағалауы)







































































Жезқазқан Бизнес және көлік колледжі» ЖМ










Пәні:Мәдениеттану

Сабақтың тақырыбы: Мысыр мәдениеті

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі:Саяхат сабақ

Қолданылған технологиялар:Жобалау технологиясы














Оқытушының аты-жөні:Оспанова Лаура Абубакировна



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
1020
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі