400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Музыка тақ:«Астанаға саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – құс,орташа – қоян, төмен – аю) анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Астанаға саяхат»

Мектеп/МҰ:

Күні:


Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:


ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

0.1.1.5. Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – құс,орташа – қоян, төмен – аю) анықтау.

0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.

0.3.2.2. Таныс би элементтері мен қимылдары негізінде, би қимылдарын ойдан шығарып орындау.

Күтілетін нәтижелер

Барлық балалар:

Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.

Көпшілік балалар:

Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – құс, орташа –қоян, төмен – аю) ажырата алады.

Кейбір балалар:

Таныс би элементтері мен қозғалыстары негізінде оларды араластыра отырып немесе өз қозғалыстарын ойдан шығарып суырыпсалма би орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Балалар:

Елордамыз Астана туралы білгендерін әңгімелейді.

Астана туралы тақпақ-өлеңдер айтады.

Көптілділік: Астана – столица – capital.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Әуеннің динамикасы, жоғарғы регистр, Бәйтерек, елорда.

Пікір алмасу сұрақтары:

– Әуеннің ырғағы әртүрлі болады. Неліктен деп ойлайсың?

– Дыбыс қандай болады? (шулы және музыкалық)

– Әннің әуеніне қандай би қимылын ойлап табар едің?

Өткен сабақтарда алған

білім

Қарапайым әуендердің ырғағын ұрмалы аспаптармен ойнайды. Таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке және бірге еркін, таза орындай алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Оң көңіл күй

қалыптастыру.

0–1 минут


II. Өмірлік тәжірибені

жандандыру. Мақсатты

тұжырымдау.

2–5 минут

Музыкалық сәлемдесу.«Сәлем! Привет! Hello!» (әндете амандасу).


(Т) Мимикалық жаттығу: «Көңілді және мұңды». Көңілді немесе

мұңды әуен ойналғанда сәйкес карточканы көрсетіп, мимикамен көңіл күйін білдіреді.

Музыкалық

сүйемелдеу


Үлестірмелі

карточкалар

«Елордамыз –

Астана» атты слайд

III. ҰОҚ-нің тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Гүл жайнаған Астана» (муз. мен сөзі Г. Жотаева).

Ән көңілді, жайдары орындалады.

Қарқыны мен динамикасы туралы тоқталып өту.

– Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?

– Астананы неліктен жас қала дейді?

Әннің мәтіні туралы әңгімелеу.

Елордам менің – Астанам,

Осында жаңа бастама.

Сәулетті жаңа үйлер көп,

Көрікті сондай жас қала! (Н. Қалқа)

(Т, Ж) Дауыс жаттығуы: «Әуе шары».

Дұрыс тыныс алу ережесін сақтау үшін қолданылады.

Терең тыныс алу, үрлеп, «шарды үлкейту».

Көптілділік: Астана – столица – capital.

(Т, Ж) Ән айту: «Астанам – бас қалам» (муз. Ә. Қонысбеков, сөзі Ұ. Қонысбекова).

Ұлы Қазақ ордасы –

Бәйтерегім Астанам!

Болашаққа Елбасы

Бәрімізді бастаған! (Д. Қиқымов)

Өлеңді мәнерлеп оқып, балалардың қызығушылықтарын ояту.

– Әннен қандай әсер алдың?

– Неліктен ән салтанатты, екпінді орындалады?

(Т, Ж) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Биге шақырамыз»

(Г.А. Портнов). Таныс би элементтері мен қимылдарды араластыра отырып өз суырыпсалма өнерін көрсете білу.

(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Суретте қай қала бейнеленген? Елордамыз Астана туралы әңгімеле. Бұл ғимараттар қалай аталатынын анықта.

2-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: «Бәйтерек» деп не үшін аталғанын білесің бе? Әннен қандай әсер алдың? Неліктен ән салтанатты, екпінді орындалады? Өз ойыңды әңгімеле. Әннің мазмұнын есіңе түсіре отырып Бәйтеректің суретін боя.

Қазақстан көп ұлтты ел. Барлық ұлт тату өмір сүреді.

Суреттегі әр ұлт өкілдерінің өз сыңарын табуға көмектес.


«Гүл жайнаған

Астана» әні

Аудиожазба

Музыкалық

сүйемелдеу


«Бәйтерек» әні

Бәйтеректің суреті









Нота

хрестоматиясы






«Биге шақырамыз»

музыкасы

Би элементтері

көрсетілген

бейнежазбалар


Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар,

бояулар

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

IV. ҰОҚ-нің қорытындысы.

Рефлексия.

26–30 минут

(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты

балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.

– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
2015
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі