400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Музыкалық аспаптар мен бағыттар 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүктелген материал - жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары. Жоспар жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген мақсаттарды қамтиды. Мақсаттарға жету үшін тапсырмалар, оқыту әдістері оқушылардың игеру қабілетіне, білім деңгейіне орай сараланып берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Қазақ тілі

Сабақ жоспары

Мектеп: «Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Елтаева Акбота Сатбаевна

СЫНЫП: 7-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Музыкалық бағыттар мен аспаптар

Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары

Т/А2 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интрвью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау.

Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін табады, автор көзқарасын анықтап, мәселені талдай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұны бойынша күшті, әлсіз жақтарын саралап, мүмкіндіктері мен қауіптерін болжап, өз пікірін ашық жеткізе алады, тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдермен ауыстырып, мәтінді жинақтай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тыңдалым мәтініндегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдай алады.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдермен ауыстырып, бірыңғай мүшелерді жалпылауыш сөздермен беру арқылы жинақы мәтін жаза алады.

Оқу дағдыларының деңгейлері

Түсіну, талдау, жинау.

Бағалау критерийі

Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін табады, автор көзқарасын анықтап, мәселені талдай отырып, Мәтін мазмұны бойынша күшті, әлсіз жақтарын саралап, мүмкіндіктері мен қауіптерін болжап, өз пікірін ашық жеткізе алады.

Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдермен ауыстырып, бірыңғай мүшелерді жалпылауыш сөздермен беру арқылы жинақы мәтін жаза алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді табады, синонимдерді қолданады, бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөздің байланысын біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Жанр, джаз жанры, тромбон, саксофон, кларнет, контрабас, классикалық музыка, кантри музыкасы, рок, поп, электронды музыкалар, самба, күй жанры, мәдени мұра.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Дүниенің төрт бұрышы, әлемге танымал, сұранысқа ие, өз ықпалын тигізді, көз жүгірту, куә болу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Технологиялар қарқынды дамыған заманда мәдени мұрамыз ұмыт болмай ма?

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Не себепті көпшілігі самба музыкасын ұнатады деп ойлайсыз?

Алдыңғы оқу:

«Қазына іздеу жолында»

Жоспар

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

6 минут

Сыныппен амандасу, ұйымдастыру кезеңі.

«Қазына іздеу жолында» әдісі негізінде оқушыларға екі түрлі бағыттағы әуен жіберіледі. Оқушылар бұл әуендердің жанрын (классикалық, рок) анықтайды, ой бөліседі.

«Сөздер банкісі» әдісі бойынша банкіге аспаптардың аты жазылған қима қағаздар салынады. Оқушылар аспаптарды таңдап алу арқылы музыканың бағыттарын ажыратады.



Слайд, әуен, МАН

Ортасы

28 минут

Т.Ж. Топтық жұмыс

1-тапсырма.

а)Аудиожазбаны назар қойып тыңдаңыз. Автордың айтпақ ойын анықтаңыз.

Музыкалық бағыттар

Әрқилы кезеңдерде дүниенің төрт бұрышында музыканың түрлі жанрлары өмірге келді. Музыкадағы джаз жанры ХХ ғасырдың басында АҚШ-тың Жаңа Орлеан штатында туындады. Джазды Батыс Африка мен Еуропа музыкаларының қосындысы деп қарастыруға болады. Онда саксафон, керней, тромбон, кларнет (ағаштан жасалған үрмелі музыкалық аспап), пианино, гитара, контрабас, барабан сияқты музыкалық аспап түрлері бар.

Классикалық музыка, кантри музыкасы, діни әуендер, рок, поп, үнді класикалық музыкасы және электронды музыкалар да әлемге танымал музыка жанрларына жатады. Осылардың арасында қазіргі кезде поп пен электрноды музыка көбірек сұранысқа ие.

Музыканың түрлі жанрлары әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін әртүрлі адамдардың шабыты мен қиялының нәтижесінде пайда болды. Бірақ музыка тілі ортақ. Қай жерде өмірге келгеніне қарамастан, біз оны тыңдап, ләззат аламыз.

«Самба» деп аталатын бразилиялық ырғақ әлемнің барлық музыканттарына өз ықпалын тигізді. Қатты әрі жылдам ойналатын музыка ырғағында би билеу көп адамдарға ұнайды.

Қазақта күй жанры өзінің қайталанбас әуенімен әлемге белгілі болды.

Өнердің тарихына көз жүгіртетін болсақ, адамзаттың даму тарихында қилы кезеңдерді бастан өткергеніне куә боламыз.

Технологиялар қарқынды дамыған қазіргі заманда, өнердің түрлері де өзіндік сипатын өзгертті. Дегенмен ертедегі өнер түрлері ұмытылмақ емес. Ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын сақтап, келешек ұрпаққа өзгеріссіз жеткізу – біздің міндетіміз.

(«Музыка, би, драма». Балаларға арналған

танымдық энциклопедиядан)


Сұрақтар:

-Тыңдалым мәтінінде не туралы айтылған?

-Қандай музыкалық бағыттар бар?

-Жастар қандай музыка тыңдайды?

-Қандай аспап түрлері аталған?

-Автор нені жеткізгісі келді?

ә)Мәтіннен алған ақпаратты SWOT талдауына салыңыз. Күшті, әлсіз жақтарын анықтап, мүмкіндіктері мен қауіпті тұстарын табыңыз.

1-топ: Күшті жақтары

2-топ: Әлсіз жақтары

3-топ: Мүмкіндіктер

4-топ: Қауіптер


Күшті жақтары




Әлсіз жақтары


Мүмкіндіктер




Қауіптер






Қ.Б.Insert әдісі

«V»

«-»

«+»

«?»

Бұрыннан білеміз.

Біздің ойлағанымызға қайшы, кереғар.

Біз үшін жаңа ақпарат.

Келісе алмаймыз, білгіміз келеді.



Ж.Ж. Жеке жұмыс

2-тапсырма.

Мәтіндегі тірек сөздер мен тұрақты тіркестерді синонимдік қатармен ауыстырып, бірыңғай мүшелерді жалпылауыш сөздермен алмастырып, жинақы мәтін жазыңыз.


К.Б. Критериалды бағалау


Бағалау критерийі

Дескриптор

Ұпай

Мәтіндегі тірек сөздер мен тұрақты тіркестерді синонимдік қатармен ауыстыра алады.







Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды

1балл

3балл

Мәтіндегі тұрақты тіркестерді табады

1балл

Тірек сөздер мен тұрақты тіркестерді синониммен ауыстырады

1балл


Бірыңғай мүшелерді жалпылауыш сөздермен алмастыра алады.



Бірыңғай мүшелерді анықтайды


1балл

3балл

Бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөздің арақатынасын біледі

1балл

Бірыңғай мүшелерді жалпылауыш сөздермен алмастырады

1балл

Жинақы мәтін жаза алады.

Мәтін мазмұнын түсінеді

1балл

4балл

Мәтіндегі негізгі ақпаратты ажыратады



1балл

Мәтін мақмұнын сақтап, жеткізеді

1балл

Жинақы мәтін жазады

1балл

Жалпы ұпай:

10балл


Аудиожазба









































Флипчарт


















Бағалау парағы








Қима қағаздар






Бағалау парағы

Соңы

6минут

«Үш қадам сұхбат» әдісі арқылы кері байланыс жүезе асады. 1-шісі сұрақ қояды, 2-шісі жауап береді, 3-шісі толықтырады. Тақырып толық қорытындыланады.


Оқылым материалы

Қосымша ақпарат

Джаз жанрындағы музыканы тыңдап келіңіз.https://music.yandex.kz

Интернет көздері

Саралау – оқушыға
мейлінше қолдау
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Қабілетті
оқушыға тапсырманы
қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін
тексеруді қалай
жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс –
Денсаулық және қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс
(тәрбие элементі).


Оқушылардың әуенге қызығушылығын ескере отырып, сабақты «Қазына іздеу жолында» әдісімен бастау жоспарланды. Нәтижесінде оқушылар болжау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сыныптың басым бөлігі белгілі бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін игере алатын оқушылардан құралғандықтан, алғашқы тапсырманы «SWOT» талдауы әдісі негізінде топтық жұмыс арқылы түрлендіру барысында оқушылардың оқу белсенділігі артады, анализ жасау қабілеті дамиды, өз пікірін ашық айта алады. Келесі тапсырманы саралауда оқушылардың жазу қабілетінің даму деңгейін ескере отырып, бастапқы мәтіндегі негізгі идея мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу мақсатында жасалатын жеке жұмыс ретінде түрлендірдім. Тапсырманы орындау барысында оқушылар негізгі , қосымша ақпараттарды ажыратады, алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай біледі.


Алғашқы тапсырманы «Insert» әдісі негізінде топ оқушылары жаңа материалмен таныса отырып, өзге топтың пікірлерін тыңдау арқылы түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды. Ал мұғалім қадағалаушы қызметін атқарады.


Жинақы мәтін жазу тапсырмасын бағалау -бағалау критерийлері мен дескрипторы нақтыланған критериалды бағалау жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Тапсырмаға үш бағалау критерийі құрылып, әр критерийдің өзіндік дескрипторлары жасалды. Ал мұғалім жазбаша кері байланыс береді. «Кері байланыстың саны емес, сапасы маңызды.» Джон Хэтти.


Сабақ соңында «Үш қадам сұхбат» әдісі арқылы

1-шісі сұрақ қояды, 2-шісі жауап береді, 3-шісі толықтырады. Тақырып толық қорытындыланады.


Нәтижесінде білім алушылардың оқу мақсатына қатысты жетістікке жету мүмкіндігі ашылады, өз үлгерімдерін бақылауға мүмкіндік алады,

жетілдіру мақсатында өзгеріс еніп, келесі оқу кезеңіне дайындалуға ынталанады.

Бұл сабақ музыка пәнімен байланысты.


Сабақ барысы АКТ көмегімен слайд, аудиожазба, музыка ресурстары негізінде жүзеге асады.


Құндылықтармен байланыс ретінде оқушыға «Мәдени мұраның Мәңгілік елдің айнасы» екендігін ұғындыру көзделеді.

Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу
міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы
іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттерін жүйелі орындау көзделді.

Оқушылар бүгінгі сабақтан «SWOT» талдауының ерекшеліктерін біледі, жинақы мәтін жазуда оқушылар негізгі , қосымша ақпараттарды ажыратып, алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай біледі.

Сабақ мақсаты оқу мақсатымен келісілгендіктен тапсырмалар да оқу мақсатына сай алынғандықтан сабақ жақсы өтеді деген ойдамын.

Сабақты жоспарлау барысында тапсырмалар оқушылардың оқу белсенділігі, қабілеті мен қызығушылығын ескеру негізінде сараланды.

Уақыт мөлшері жоспарға сай ұтымды пайдаланылады.

Бірінші тапсырмаға байланысты тренер а, ә деп тапсырманы екіге бөлу туралы ұсыныс жасады, ескеріліп, жоспарға кішігірім өзгеріс енгізілді.

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1: Сабақты «Үш қадам сұхбат» әдісі арқылы қорыту тиімді болады.
2: «SWOT» талдау әдісін қолдану арқылы оқушылар өзара ойларын саралап, өз пікірлерін ашық жеткізеді.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту
мен оқуға қатысты)?
1: «Алты қалпақ» әдісін кері байланыс құралы ретінде қолдану сабақтың жақсы өтуіне себепші бола алады.
2: Берілген мәтінді графикалық органайзерлер көмегімен жинақтау оқушылардың дәлдеу қабілетін арттырар еді.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі
сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1:Оқушылардың оқу белсенділігінің даму деңгейін біле аламын.
2:Оқушыларға тапсырмаларды қаншалықты, қалай түрлендіру қажеттілігін біле аламын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
4175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі