жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Н әріпі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Бүлдіршін» мектепалды даярлық тобы
Күні:26.10.16ж
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдер: «Сауат ашу және жазу»
Тақырыбы: «Н дыбысы және әрпі»
Мақсаты:
Білімділік:
Н әрпін таныту. Н дыбысының сөздегі
орнын айыра білу. Баспа және жазба
түрлерін жазуға үйрету.
Дамытушылық:
Ертегі арқылы сөздік қорын молайту,
сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге,
ойлауға, есте сақтау қабілеттерін
дамыту..
Тәрбиелік: Нанның пайдасы
туралы,қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: Көрнекілік, сұрақ - жауап, жұмбақ,
тыйым сөздер
Сабақтың көрнекілігі:
Суретті әліппе, интерактивті тақта,
суреттер, текшелер
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші іс-әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|||
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Алақанды
ашайық, |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. |
|||
Ұйымдастыру-іздестіру |
-
Тақтаға
«Бауырсақ» ертегісінің суреті
көрсетіледі. Кейіпкерлерін
атайды.
Жаңа
сабақ. «Ой ашар»
Қоян
тапсырмасы:
Н дыбысы сөздің қай жерінде келетінін
тап? (суретпен жұмыс)
Қасқыр тапсырмасы: Жұмбақты шеш және дыбыстық талдау жаса. Күрен қызыл түсі бар. Адамдардың асылы, Қуат берер күші бар
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады.
Кірге әлі жетеді, Кішірейіп кетеді.
Кіруге адам батпайды, Затыңды шаңнан сақтайды. Нан Күн Сабын Сандық
Аю тапсырмасы: Ребус шешу. Ойын «Дыбысты тап». Бірнеше сөздер тізбегін айтамын, сол сөздерде «Н» дыбысы кездессе, қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Науан, кесе, нан, сағат, гүл, айна, шана, кітап, сандық, түлкі, намаз, орындық. Бұл сөз буынға бөліне ме? Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық, Әріп сырын ұғайық. «А»дегенде отырып, «Т» дегенде тұрайық, «С» дегенде секіріп, «Н» дегенде алақанды ұрайық Тіл ұстарту жаттығуы: На-на-на, Ең бақытты ана. Түлкі тапсырмасы: «Н» әрпін ауада жазу ( дәптермен жұмыс) Ата-әженің тапсырмасы: Нан туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
|
Бауырсақ ертегісі
Ұннан Балалардың жауаптары Нан / нан/ Н нан Н
Әндетпейді /дауыссыз Көк үйге кіргіземіз./
Балалар жақсы орындайды
Жұмбақтарды шешеді. (нан)
Күн
Сабын
Сандық
Балалар дыбысты естіп ойынға жақсы ат салысады.
Сергіту сәтін орындайды. Балалар қимылмен орындайды. Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Тыйым сөздерді айтады. Тәрбиешімен бірге қайталайды |
|||
Рефлексивті түзетушілік |
Сабақты қорытындылау: Ойын: «Алма ағаштан себетке алма жинаймыз» ойыны арқылы бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Әр алманың артында тапсырмалар берілген. Балалар бір-бірден келіп, бір алмадан алып, сұрақтарға жауап береді. 1. Н дыбысы бар заттардың атын ата. 2. Н дыбысы қандай дыбыс ? 4. «Ана» сөзін буынға бөліп, сөйлем құра. 5. Н дыбысы бар адам аттарын ата. (Анар, Аружан, Бауыржан, Дастан т.б.). 6. Дыбыс дегеніміз не? 7. Әріп дегеніміз не? 8. Нан туралы тыйым сөздер айт.
Сабаққа белсенді қатықандарың үшін ата- әже де бауырсақта риза болды. Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын дұрыс орындағандықтан бауырсағымыз аман қалды. Әженің беріп жіберген сыйлығын сендерге тапсырамын. Бауырсақ суретімен мадақтап, омырауларына тағу.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар риза болды |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: н дыбысының дауыссыз дыбыс екенін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: н дыбысы кездесетін сөздерді игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөздерге дыбыстық талдау жасауды меңгерді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген