400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Нағыз достық. Әдебиеттік оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


БҚО, Орал қаласы

№42 «Ақ ниет» гимназиясы

бастауыш сынып мұғалімі

Балешова Шынар Амангелдиевна




Қысқа мерзімді жоспар

@mail.ru

Бөлім:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мұғалімнің аты-жөні


Күні:


Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нағыз достық.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.4.1өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.2.2.1қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға негізделген сұрақтар қояды, жауап береді, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтай алады.

Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын сұрақ қойып анықтай алады.

Кейбір оқушылар: кейіпкерге қатысты өз ойы мен сезімін жеткізе алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін өлеңді топпен мәнерлеп оқиды.

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген — адамның көрігі екен, 

Достық деген адалдың серігі екен.

Оқу материалын жариялау «Күн шұғыласы» әдісі арқылы жүреді.

Достық дегенде не естеріңе түседі, соны күн шуағына жазыңдар.

- «Нағыз дос сен қателік жіберген кезде жаныңнан табылады» деген қанатты сөздегі негізгі ойды анықтаңдар.

-Осыған ұқсас қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.

- Ендеше бүгінгі сабағымызда достық туралы шығарма оқитын боламыз.

Өлеңді мәнерлеп оқиды.





Сұраққа жауап беріп, жаңа тақырыпты ашады.

«Өз-өзін»бағалау әдісі





Сабақтың ортасы

20 мин





































1 мин



17 мин




(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен жүзеге асырылады.

А) Термин сөздер.

Қанатты сөздер мақал-мәтелдерге ұқсас. Ол терең ойға құрылған көлемі шағын нақыл сөздерге жатады. Қанатты сөздердің авторы белгілі болады.

Бата – жақсы тілек білдіру. Ол – ұлттық дәстүр. Батаны көбіне құрметті ақсақалдар, атақты адамдар береді. Тілек ретінде балалар да жаттап алады.

Ә) Кестені толтырыңдар.

Ә) Мәтінмен жұмыс.

-Марк Твеннің қандай әңгімесін оқып едің? Есіңе түсір. Оқиғаны жазушы қалай аяқтағанына мән беріп оқы.

- Суреттер мәтіндегі қандай оқиғаларға сәйкес келеді? Мәтіннен сол жолдарды тауып, қайталап оқы.

-Доббис мырза Томды қалай жазалауы мүмкін? Болжа.

- Мәтін қалай аталып тұр? Бұл атау қай кейіпкерге қатысты айтылған? Түсіндір. Осы сөздің мағынасын ашатындай екі

оқиға ойластырып айт.

- Беккидің іс-әрекетіне деген Томның бастапқы ойы қандай еді? Ол неліктен пікірін өзгертті деп ойлайсың? Томның іс-әрекетіне баға бер.

Дескриптор:

- Қанатты сөздің, батаның анықтамасын жазады.

- Кестені толтырады.

- Мәтінді түсініп оқиды.

- Мәтін мазмұнын анықтайтын сұрақтарға жауап береді.


Сергіту сәтінде «Баталар жарысы» ойыны.

(Т) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс орындалады.

А) «Алтын сөз» өлеңін түсініп оқыңдар.

Ә) Автор туралы әңгіме.

- Ақынның алтын сөз деп отырғаны не? Батаға қатысты қандай нақыл сөз білесің?

- Батаны қандай бала алады? Бата алатындай үш оқиға ойластыр.

Дескриптор:

- Өлеңді оқиды.

- Автор туралы әңгімелейді.

- Сұрақтарға жауап береді.

Саралау тәсілі: «Тапсырма».

Кейбір оқушыға:

- Автордың өзге туындыларынан үзінді айт.

- Қанатты сөздің, батаның анықтамасын жазады.

- Кестені толтырады.

- Мәтінді түсініп оқиды.

- Мәтін мазмұнын анықтайтын сұрақтарға жауап береді.
























Бата айтып жарысады.

- Өлеңді оқиды.

- Автор туралы әңгімелейді.

- Сұрақтарға жауап береді.


ҚБ:

5 балл








































5 балл


Оқулық, дәптер








































Оқулық, дәптер


Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия «Мен бүгін..» әдісі бойынша өтеді.

Оқу тапсырмасы: Бата немесе өлеңнен үзінді жаттау.

Ой қорытады.

ҚБ қойыла-ды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
1262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі