400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Намазбай Ақшабаев орта мектебі. 7 сынып (геометрия)

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ математика пәні мұғалімдеріне арналған, сабақ жоспары жаңартылған білім мазмұны бойынша құрылған.жас мамандарға көмек ретінде құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3.А

Мектеп: Н. Ақшабаев атындағы орта мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Байтанаева Динара Кенесбековна

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.16

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарын дәлелдеу

7.1.1.17

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарын есептер шығаруда қолдану


Сабақтың мақсаты

-Топтық жұмыс арқылы үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы дәлелдету

-Жұптық және жеке жұмыстары арқылы үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

туралы теорема мен оның салдарын есептер шығаруда қолдануға үйрету

Бағалау критерийі

  • Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және оның салдарын дәлелдейді

  • Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы теоремасын пайдаланып, белгісіз бұрыштарды табады


Тілдік мақсаттар


Оқытудың тілдік мақсаттары

-теоремаларды дәлелдеу мен есеп шығаруды

түсіндіреді

Лексика мен терминология

-параллель түзулер, ішкі айқыш бұрыштар

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер

-екіпараллель түзулерді қиюшы арқылы қиғанда

... пайда болады

-егер ішкі айқыш бұрыштар ... ;

-үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы ..


Құндылықтарға баулу




шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау құндылықтары №1 тапсырма арқылы іске асады

Пәнаралық байланыс

Алгебра пәнімен байланыс №3 тапсырма арқылы жүзеге асырылады.

Алдыңғы білім


-Транспортир көмегімен бұрыштарды салу және өлшеу.

-Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін, үшбұрыштар теңдігі белгілерін білу.

- Үшбұрыштардың түрлерін ажырату

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғанжаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушыларды топқа бөлу:

Оқушыларға тең бүйірлі (қызыл), тең қабырғалы (жасыл), тікбұрышты (сары) және қабырғалары әртүрлі үшбұрыштар ( көк) моделі таратылады.

1 топ. Теңбүйірлі (қызыл)

2 топ. Тең қабырғалы(жасыл)

3 топ. Тікбұрышты(сары)

4 топ. Қабырғалары әртүрлі үшбұрыш (көк)

- болып 4 топқа бөлінеді

Оқушылар назарын шоғырландыру. Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін, әр топ үшбұрыштың түрін анықтап, бұрыштарын өлшейді, сонан соң ішкі бұрыштарының қосындысын табады.

«Сіз қандай қорытынды жасай аласыз» сұрағы арқылы оқушылар оқу мақсатын анықтайды

Күтілетін нәтиже:

  • Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және оның салдарын дәлелдейді

  • Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы теоремасын пайдаланып, белгісіз бұрыштарды табады



Түрлі түсті үшбұрыштар


Сабақтың ортасы


№1 тапсырма. Топтық жұмыс

«Ойлан –жұптас- бөліс» әдісі бойынша үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және одан шығатын салдарды меңгереді

Ойлан:Әр оқушы мәтінді оқиды

Жұптас: Жұбымен талқылайды

Бөліс:Топта түсінбеген оқушыларға түсіндіру жұмысы жүргізіледі

Бағалау: «Допты тосып алу» арқылы:

  1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын дәлелдеуде қандай түзулер қарастырылады?

  2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын дәлелдеуде қандай бұрыштар қарастырылады?

  3. Үшбұрыштардың бұрыштарының қосындысы неге 1800 болады?

  4. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы неге тең болады?

  5. Тең қабырғалы үшбұрыштың әрбір бұрышы неге тең? – деген сұрақтардан жауап алу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергені анықталады

№2 тапсырма. Жұптық жұмыс.

«Серіктесті оқыту»

Оқушылар жұптасып есептер шығарады

№16.4

Тікбұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы екіншісінен 320 үлкен. Оның үлкен сүйір бұрышын тап

№16.10

Теңбүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы 980. Оның басқа екі бұрышын тап.

№16.12

Үшбұрыштың қатынасы 1:2:3. Оның кіші бұрыштарын тап.

Бағалау: «Әткеншек» әдісі бойынша жұптар бір- бірінің жұмыстарын бағалайды

№3 тапсырма: Жеке жұмыс.

«Кім жылдам?» әдісі бойынша


Бағалау: «Қатеңді тап!» әдісі бойынша оқушылар дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды

ДескрипторБілім алушы

- ішкі бұрыштардың қосындысы туралы теореманы қолданады;

- теңдеу құрады;

- теңдеуді шешеді;

- белгісіз бұрыштарды анықтайды.


Геометрия, В.А. Смирнов, мектеп 2017,

89 бет





































Геометрия, В.А. Смирнов, мектеп 2017,

90 бет























Үлестірмелі тапсырмалар


Сабақтың соңы


Рефлексия:

«плюс-минус-қызық»-әдісі бойынша оқушылар сабақта не түсінгенін, не түсінбегенін, сабақта не қызық болған тұстарын жазады



Кесте қималар






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

  1. Қарқынтәсілі бойынша ОМЖ алынған тапсырмаларды ұсыналады.

Бұл №3 тапсырмаға бағытталған





















  1. Тапсырма тәсілі бойынша математикалық логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушыларға №1 тапсырмаға бағытталған үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын зерттеуге ұсынылады

Тапсырма:Үшбұрыштың бұрыштарын қиып алып, кесілген төбелері бір нүктенің бойында жататындай, ал бұрыштың қабырғалары басқа бұрыштың қабырғаларымен беттесетіндей етіңіз















№16.26. АВС үшбұрышында АС ВС, А - биіктігі, - бұрышы 240 (16.12сурет) .

С бұрышын тап.


3.«Диалог және қолдау» тәсілі бойынша

  1. Сізге менің тарапымнан қандай көмек керек?

  2. Үшбұрыштың белгісіз бұрышын табуда қай теореманы негізге аласыз?

  3. Үшбұрыштың қасиеттерін ескеріңіз? – сұрақтары арқылы қолдау көрсетіледі

4.Бағалау тәсілі арқылы

“Допты тосып алу”,“Әткеншек”

“Қатеңді тап”,“плюс-минус-қызық” әдістері арқылы оқушылардың қажеттілігіктері анықталады





Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

." Сұрақ- жауап" арқылы


2. "Әткеншек" арқылы

3. "Қатеңді тап" арқылы бағалайды


4. «плюс-минус-қызық» арқылы


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


-Оқушылардың дұрыс отыруын ескеру

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі