Ашық сабақ: "Нан дастарханға қалай келеді?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Нан дастарханға қалай келеді?"

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып,ертегінің мазмұның түсіндіру. 2. Нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. 3.Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нан дастарханға қалай келеді?

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,

Бірлік ауылы "Нұрбақ-С" балабақшасының

тәрбиешісі Ермаханова Гүлім Тұрахметқызы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Нан қайдан келеді?

Мақсаты: 1.Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып,ертегінің мазмұның түсіндіру.

2. Нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

3.Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, ертегінің мазмұның ашу,сөздік жұмыс жүргізу.

Көрнекіліктері: нанның түрлері,бидай,комбайн,диірменнің суреттері.

Сөздік жұмыс: наубайхана,диірменші,қауыз,диқан.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық кезең











Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер.Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап

Психо жаттығу: «Күлімдейік».

-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.

Олай болса кел,балалар күлейік!

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ шытқан не керек

Күліп өмір сүрейік!

-Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше.

Ғажайып ағаштың пайда болуы.

Балалар біздің топта ғажайып ағаш пайда болды.

Ғажайып ағаш туралы өтірік әңгіме оқып береді.Баяғы өткен заманда бір патшалықтағы балабақшаның тобының балалары жерге бидайдың дәнін отырғызыпты.Ол дәнді олар терезенің алдынан тауып алыпты.

Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес. Алмұртта емес, апелсинге де ұқсаматын.

Нан, тоқаш,бауырсақ,печенье өсіпті.балалар болса, түскі асқа да,кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті.

Проблемалық сұрақ

Ал нан қалай дастарханға келеді?

Оны білу үшін балалар бүгін біз әр оталықта жұмыс істейміз.

Қолымыздағы фишкалар бойынша орнымызды табамыз. Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар.

Әдебиет орталығы.

Суретпен жұмыс

Нанның дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді.

-Астық жинау.

Дәнді егістіктен жинау.

Элеватор және қоймалар.

Сөздік жұмысы : Наубайхана-нан пісіретін,нан жабатын орын. Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам. Диірмен-дәнді дақылдарды тартып,ұн шығаратын кәсіпорын.Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған

Дидактикалық ойын « Нан пісірейік»

Нан пісірудің ретін еске түсірейік.Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады.Әр түрлі азық түліктің суреттері тұрады, балалар өздері тауып қосады.

Ғылым орталығы

Бірнеше дақылдарды үстелге қойады.

Проблемалық сұрақ

Ұнды неден және қалай алады?

Суретпен жұмыс

-диірменді қарау.Диірменнің түрлері. Сумен, желмен, тоқпен.

-нан пісіру процесін қарау.

Балалардың тәжірибесіне сүйену.

Нанды қалай пісіреді?

Шығармашылық орталық.

Өз бетінше жұмыс.

Балалар дайын қамырдан әртүрлі нан жасайды.

Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды

Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай, басын иіп аққудай Трактор мен комбайн жүргізуге дайын..

Балалар,мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

Нанды неден пісіреді?Ұнды қалай жасайды? машина. Нан туралы мақал-мәтелдер үйретіледі. Ас атасы-нан, Нан- тіршілік көзі, Нан бар жерде,ән де бар.

Балалар шеңберге тұрып,жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар ағашты қарайды. Не өсіп тұр?

Нанның қандай түрлері бар?

Жоқ тек нан жей беруге болмайды.

Нан ағашта өспейді.

Балалардың жауаптары.

.

Диірменде тарту арқылы жасайды.

Бидайды үгіту арқылы аламыз.

Балалардың жауаптары

Рефлексия

Нан –байлық,нан-береке”деп халқымыз бекер айтпаған.Қаншама адам еңбек етеді.Дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.


Күтілетін нәтиже:

1/Ертегінің мазмұның ,нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын білу;

2/. Нанды қастерлеу керектігін түсіну.

3/Көрнекі құралдарды пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру;


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3677
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі