400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Нан дастарханға қалай келеді?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Нан-бұл адам өміріндегі ең басты тағамның бірі екендігі және оны өсірудің өте қиын екендігі жайлы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Ас атасы-нан»

Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»

Тәрбиелік: Адам еңбегіне және нанға деген құрметке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Нан туралы нақыл сөздерді ұғынуға, жаттап алуға дағдыландыру. Бақылағыштығын, қиялын дамыту.

Оқытушылық: Нан-бұл адам өміріндегі ең басты тағамның бірі екендігі және оны өсірудің өте қиын екендігі жайлы түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы, денсаулық технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта, слайд, суреттер.

Көптілділділік: тағам- еда- eat,

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар бидай масақтарын бір–бірімізге беру арқылы жылы лебіздерімізді білдірейік.

 - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

 - Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?

 -  Күз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар?

Жұмбақ жасыру:

 - Ұзын мұртты сарылар,

    Қойынында дәні бар

 - Үсті тас, асты тас

   Ортасында піскен ас.

2. Негізгі бөлім:

Бүгінгі біздің өтетін оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келеді?»
- Ендеше, балалар, нан біздің дастарқанымызға қалай келеді? - деген сұраққа жауап іздеп көрейік. 

 - Балалар, айтыңдаршы күнделікті біздің дастарқанымызда қасиетті, қадірлі қандай тағам тұрады?

 - Дұрыс олай болса нанның дастарханға қалай келетінін  әңгімелеп берейін.

 (Педагог слайд арқылы балаларға түсіндіреді)

 -Алдымен трактормен жерді жыртады, диқандар ол жерге бидайдың тұқымын тастайды. Бірнеше күндерден кейін дәндер өсе бастайды. Бидайдың сабақтары пайда болады, оны диқандар үнемі суарып отырады. Күзде астықты комбайндармен орады және үстерінен бастырады. Бидайды диірменге апарып тапсырады.  Аппақ болып ұн дайындалады. Қап – қаптармен ұнды наубайханаға тасиды. Онда ұн иленіп, нан пісіріледі. Нан таситын көліктермен дайын нандарды дүкендерге әкелінеді. Дүкенде нанның бірнеше түрлері: бөлке, тоқаш, батон, торттар, печениелер, бауырсақтар, бәліштер сатылымға шығарылады. Нан дастарқанға келгенше қаншама адам еңбек етеді. Мұның бәрі – адам еңбегі.

    - Бидай неден өсіп шығады?

    - Бидайды немен жинайды?

   - Күзде дайын болған өнімді қалай атайды?

   - Бидайдан шыққан  ұнды қайда әкеледі?

   - Егін өсірушілердің мамандықтарын атаңдар.

Сөздік жұмыс:

   диқан, наубайшы, наубайхана, комбайншы, диірмен.

 Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай.
Трактормен комбайн,
Жүргізуге мен дайын.

 Қызықты сәт:

   «Нанды қадірлейік» - Али мен Айя мультфильмінен үзінді.

   -  Балалар көрдіңдер ме кейбір балалар нанмен ойнайды. Нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес. Нанды қадірлеуіміз керек.

   Демонстрациялық материалмен жұмыс.

   Сендер нанға қатысты қандай мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдер?

   - Балалар бәріміз үстел жанына жақындап тұрайық, не көріп тұрсыңдар?

   - Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

   - Дәнді дақылдардың ішінде қайсы түрінен бидай тартылып, нан пісіріледі?

   - Қазіргі уақытта бұл дәнді дақылдардың ішінен бидай мен қара бидайды нан пісіруге көп қолданады.

   - Сендердің аналарың үйлеріңде ұннан тағы не пісіреді?

3.Қорытынды.

- Біз бүгін қандай оқу іс-әрекеті болды?

  - Не туралы әңгімелестік?

  - Нан қайдан келеді екен?

  - Нанды қайдан алады?

  - Ұнды кімдер дайындайды?

  - Диірменнен шыққан ұнды қайда әкеледі?

  Балалар бүгін біз нан туралы көптеген мағлұмат алдық, енді біз ұннан жасалған тағамдарымызды қонақтарға тарту етейік.

  - Балалар сендерге оқу қызметі ұнады ма?

  Балаларды мадақтаулар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.11.2021
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі