400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Нан қайдан келеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


БҚО,Сырым ауданы

Бұлдырты ауылы

«Айналайын» балабақшасы

Тәрбиеші: Куспанова Рая Жанузаковна

 Ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет. 

Тақырыбы:Нан қайдан келеді?

Мақсаты: . Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқу іс-әрекетіне қызығушылық

арттыру. Балалардың нан туралы түсініктерін мақал-мәтел, слайд көрсе-ту, дидактикалық ойындар, тапсырмалар орындату арқылы кеңейту. Нан,бидай,ұнның үш тілдегі атауын үйрету.

Нанның қалай келетінін ұғындыpу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Нан,бидай масағы,бидай дәні, ұн ,буклеттер,бейне таспа,слайд.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Бейне таспадан «Нан қайдан келеді?» ертегісін тамашалау.

Көптілдік компанент : ұн-мука-flour, нан-хлеб-bread, бидай-пшеница-wheat

Оқу қызмет

Кезеңдері

Тәpбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық











 Сәлеметсіздер ме балалар? Қане ортаға тұрайық, дөңгеленіп бір-бірімізге жылулығымызды сыйлайық.

Қүз келді тамаша!

Күн қандай тамаша!

Ән салдық тамаша!

Биледік тамаша!

Қол соқтық тамаша!

Бәрінде үйреткен,

Бақшамыз тамаша!

Балалар, бізге қарай біреу келе жатқан сияқты.

(Осы кезде қапшық толы арбаны сүйретіп, тышқан кіреді)

- Қызық, мына қапшықтарды не бар екен? Балалар, не істейміз?
(Қапшықтар қозғалып, ортасынан бидай кейпіндегі қыз бала шығады)
- Сәлем, достар!
- Сәлем сен кімсің?
- Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Бидай: - Балалар, сендер мені тышқаннан құтқарып қалдыңдар, рахмет!

Ал, балалар, енді қапшықтарды ашып қарайық, не бар екен?

Дұрыс. Балалар, ал осы нан мен бидайды не байланыстырады деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс,балалар нан туралы не білесіңдер,нан қандай тағам?

-Олай болса біздің  бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Нан қайдан келеді?»деп аталады.

-балалар неге нанды ас атасы деп айтамыз?

-Иә,нан ең қасиетті тағам,біз күнде бір тамақты қайта-қайта жей берсек,ол тамақтан шығып қаламыз ия,ал нанды біз күнде жейміз,әрқашан дастарханымызда нан тұрады.

Көптілдік компанент.Балалар енді мына сөздерді қазақша,орысша,ағылшынша қайталайық. ұн-мука-flour,нан-хлеб-bread,бидай-пшеница-wheat.

Ал енді осы қасиетті нан дастарханымызға қалай келеді екен?Бейнетаспадан нанның келу жолдарын көрсету.

Балалар өлең сөздеріне сай қимылдар жасайды.














Балалар шулап, тышқан қашып кетеді.)



- Қош келдің бидай, төрлет!


Нан


Бидайдан нан алынады


-Балалардың жауаптары.



ұн-мука-flour,нан-хлеб-bread,бидай-пшеница-wheat

Ұйымдастырушылық-ізденіс



Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.
Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұн наубайханаларға апарылады.. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды

Тәрбиеші: Сонда нан дастарханымызға оңай жолмен келе ме екен?

-Жоқ,әрине көптеген адамдардың маңдай терлері,еңбегінің арқасында келеді.

 Тәрбиеші:  Мынау не,балалар?

Тәрбиеші:  Ұнды қайда тартады?

Тәрбиеші:  Нан туралы қандай тақпақтар жаттадық?





Тәрбиеші:  Балалар нанға байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

.


-Нан қасиетті тағам ,сондықтан нанға байланысты қандай тиым сөздер бар








Жоқ

Диқаншы,тракторшы,комбайншы, жүргізуші,диірменші,наубайшы, сатушы.

Ол ұн.

диірменде.

Балалар нан туралы тақпақтар айтады.

"Ас атасы — нан".
"Нан бар жерде ән бар".
"Нан — тіршілік көзі".

-Нанды жерге тастама,жерде жатқан нанды ал,нанды төңкерме, бір қолмен үзіп жеме

Ұйымдастырушылық-ізденіс








Сергіту сәті
Жайқалады ақ бидай, 
Басын иіп аққудай. 
Трактор мен комбайн, 
Жүргізуге мен дайын. 

Біз дәнбіз, диқан жерге дән екті

Сіркіреп жаңбыр жауды

Жер бетіне көгеріп масақтар шыға бастады

Жайлап самал жел есті,бидай жайқалды

Дидактикалық ойын: «Кім не істейді?»

Шарты: Өздері таңдап алған суреттегі мамандық иесінің не істейтінін айту.

Міне, балалар, осы кішкентай тамшыдай дәннің қасиеті үлкен екен. Адамға нәр беретін, дастарханның берекесін ашатын нан екен. Нанның қасиетін, оның қандай еңбекпен жасалатынын білдік. Сондықтан нанды шашпай, баспай қастерлеу керек. Бидайды егіп, баптап, жинап, қамбаға құятын егіншілердің еңбегі зор, олардың еңбегін құрметтеу керек.



(балалар жатады)

(жайлап қолдарын шапалақтайды)

(қолдарын көтереді)

(қолдарын ырғайды)


Диқан-егін егеді,баптайды. Тракторшы-жер жыртады.

Наубайшы-нан пісіреді.Диірменші-ұн тартады.Сатушы-нанды сатады.Комбайыншы-бидайды оpады

Рефлексиялық-түзетушілік




- Ал, бидай, біздің балаларға риза шығарсың. Сен туралы қаншама жақсы сөздер айтты.

Балаларды мадақтап оқу қызметін аяқтау.



Балалар бидаймен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұннан қандай тағамдаp жасалатынын.

Игереді:нанның қайдан келетінін.

Меңгереді: нанды шашпай, баспай қастерлеу керектігін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
3778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі