Сабақ жоспары
Пән: Нарықтық экономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Ақша және оның қызметтері
Сабақтың мақсаттары:
-білімділік: оқушылардың ақша туралы білімдерін одан әрі дамыту, ақша қатынастарынан хабардар ету.
-дамытушылық: оқушылардың есте сақтау ,ойлау, негізгі ойды бөлу қабілеттерін дамыту.
-тәрбиелік: ұлтжандылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақ өту әдістері: баяндау, әңгіме жүргізу, сұрақ-жауап алмасу, иллюстрация.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, ақша үлгілері.
Пәнаралық байланыс: тарих, адам және қоғам.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары: өз ойларымен , пікірлерімен бөлісу, «Түнгі аспан», «Аукцион» ойындарымен жұмыс.
Сабақ өту жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу барысын дамыту.
-
Жаңа тақырыпты баяндау және түсіндіру.
-
Тақырыпты бекіту.
-
Сабақты қорытындылау.
-
Оқушыларды бағалау.
-
Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- топ басшысының оқушылардың сабаққа қатысуы туралы баяндауын
қабылдау,
- оқушылардың назарын сабаққа аудару,
-сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын баяндау.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
«Түнгі аспан» ойыны
Шарты: түнгі аспанда жымыңдап тұрған жұлдыздарды алып, ондағы сұраққа жауап беру керек. Екі жұлдыздың астында тосын сый бар. Ол жұлдыздарды алған оқушылар сыйға ие болады.
00
«Түнгі аспанның» сұрақтары:
-
Инфляция деген не?
(Инфляция- бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ, оның сатып алу қабілетінің төмендеуі)
-
Банк деген не?
(Банк-кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос қаржысын тарту және шоғырландыру, төлемдердерге делдалдық жасау, сондай-ақ, ақша эмиссиясы, құнды қағаздарды шығару, қысқа мерзімді, қайтарылмалы төлемді несие беру тағы басқа қызметтерді жүзеге асыратын қаржылық мекеме)
-
Банктер неше деңгейге бөлінеді?
(Барлық нарықтық экономикалық елдерде екі деңгейлі банк жүйесі бекітілген. Ол Орталық банк (жергілікті орындарда бөлімшелермен) және коммерциялық банктер)
-
Инфляцияның қандай түрлері бар?
(Инфляцияның негізгі үш түрі бар: жылжымалы инфляция-бағаның жыл сайын 3-4 %, ұшқыр инфляция-бағаның жыл сайын 10-50%, гиперинфляция-бағаның жыл сайын 100%-дан жоғары өсу қарқыны кезінде орын алады).
-
Валюта деген не?
(Валюта ұғымы үш мағынада қолданылады:
біріншіден, бұл- бір мемлекеттің ақша бірлігі;
екіншіден, шет мемлекеттердің ақша бірлігі;
үшіншіден,халықаралық ақша-есеп айырысу бірлігі мен төлем құралы)
-
Лизинг деген қандай ұғым?
(Лизинг-мүлікті уақытша пайдалануды, арендаға беру немесе алуды білдіреді)
-
Факторинг деген не?
(Факторинг- банктердің және басқа да қаржы ұйымдарының, кәсіпорынның борышын өз міндетіне алуды көрсететін қаржы-коммерциялық қызмет түрі)
-
Банк операцияларын ата?
(Банк операциясы- банкке рұқсат етілген жұмыс түрлері: ақшаны салу және оны орналастыру, несие алу және беру, құнды қағаздарды сату және сатып беру, кепілдеме беру және кепілдік жасау, шетел валютасын сатып алу және сату, бағалы заттарды сақтау сияқты операцияларды жасайды)
-
Орталық банктің басты қызметтері.
(Орталық банктің басты қызметтері - бұл:
-ақшаны айналымға шығару, яғни эмиссия,
-коммерциялық банктердің жұмысын бақылау,
-коммерциялық банктердің резервтерін сақтау)
-
Кредитор және дебитор деген кімдер?
(Кредитор-несие беруші, дебитор-несие алушы)
-
Инфляция халыққа қалай әсер етеді?
(Бір қарағанда, инфляциядан барлық адамдар тек ұтылатын сияқты, алайда бұл олай емес. Яғни инфляциядан ұтылатындар да, ұтатында да бар. Инфляциядан ұтылатындар: біркелкі кіріс түсіретін адамдар, салымшылар, несие берушілер, кәсіпкерлер. Инфляциядан ұтатындар-өз кірісін оңай көбейтетіндер, несие алушылар, үкімет)
-
Дефляция деген не?
(Дефляция – бұл тауарлар мен қызметтер бағаларының жаппай төмендеуі)
3. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу барысын дамыту:
-Балалар, ақша деген сөзді күнделікті қолданамыз. Ал, ақша ұғымына қандай түсініктеме бере аласыңдар?
-Ақшасыз адам өмір сүре ала ма?
4. Жаңа тақырыпты баяндау және түсіндіру.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаны қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғы шарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық нысанға ие емес, өйткені оның қоғамға қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құны – тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өздігінен өмір сүретін тауар, ол – ақша».
Ежелгі ақша түрлері:
-
Тұз
-
Мал, аң терілері
-
Піл сүйегі
-
Теңіз қабыршақтары
-
Әшекейлер
-
Ділдалар
және тағы көптеген басқа заттар
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар мен ақшалар бір және осы тауар нысанының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-бірімен ауысады.
К.Маркс экономикалық ақыл-ойлардың тарихында тұңғыш рет ақшаның мәні мен оның пайда болу себептеріне ғылыми түсініктер берді. Алғашында тауар ақшаның көмегінсіз айырбасталады, оның экономикалық маңызы болған жоқ. Айырбас қатынасының бұл сияқты түрі кездейсоқ сипатта болды. Сөйтіп, құнның бұл нысанын К. Маркс құнның жай, жеке немесе кездейсоқ нысаны деп атады.
Еңбек бөлінісі тереңдеп, тұрақтанған кезде және нақты еңбектерін көптеген түрлерін қамтыған уақытта айырбасқа өнімдер көптеп түсе бастады. Мұнда сол бір тауарлардың өзі бірқатар басқа тауарларға айырбасталды. Құнның бұл нысанын толық немесе өрістетілген деп атады.
Қоғамның еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы, тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жүйелілігінің артуы барлық тауарлар дүниесінен айырбасқа ортақ бір тауардың бөлініп шығуына әкеледі. Бұл – құнның жалпыға ортақ нысанының келіп шығуы.
Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбасталуға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының түрлі кезеңдерінде жалпылама эквивалент рөлін әр түрлі өнімдер (мал, аң терілері, піл сүйегі және т.б.) атқарды. Уақыт өте келе бұл рөлді барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Міне, осының нәтижесінде құнның ақшалай нысаны пайда болды.
Құнның ақшалай нысанының жалпыға бірдей нысаннан айырмашылығы мынада:
-
Жалпыға бірдей эквиваленттің рөлі бір тауарға жекелей қатысты.
-
Тауар жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін жергілікті нарықтың шеңберінде ғана емес, кең көлемде атқарады.
Тауар өндірісі мен айырбасының ұзақ уақыт нәтижесінде ақша пайда болады. Ақша тауар өндірісі мен айырбастың даму қарқыны бойынша жалпыға бірдей эквивалент түрінде бөлініп шыққан тауар.
Барлық тауарлардың құны және тұтыну құны болады. Ақшаның айырмашылығы – ол ерекше тауар. Себебі:
-
Ол барлық тауарларға айырбасталады.
-
Барлық қажетті өтеу құралы қызметін атқарады.
-
Жалпыға бірдей тұтыну құнына ие болады.
Тауар құны сияқты ақшада өндіріс пен айырбас процесінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарды бейнелейді.
Құнның ақшалай нысанының бекітілуімен байланысты баға пайда болады. Баға – құннның ақшалай көрінісі. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынандай ерекшеліктері бар:
-
Ол нақты бір заттың, қоғамның тұтыну құны болатындығы.
-
Онда абстрактылы еңбек бейнелері құнының да болатындығы.
-
Тауар өндірушінің жеке еңбегі, қоғамдық еңбектердің бір бөлшегі болып табылатындығы.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсы қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді.
Дүние-жүзілік ақша
Құн өлшеуші
Ақшаның қызметтері
Төлем құралы
Қор жинау құралы
Айналым құралы
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі. Ақша жалпыға бірдей эквивалент ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Тауарлардың құнын ақшамен өлшеу идеалды түрде жүреді, яғни тауар иесінде нақты ақшаның болуы міндетті емес. Ақшамен көрсетілген тауардың құны баға деп аталады. Ол оның өндірісі мен сатуына кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.
Ақшаның айналым құралы қызметі. Айналым құралы ретінде ақша тауар айналысы процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада былай көрсетуге болады: (Т-А-Т).
Ақшаның қор жинау құралы қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинауға немесе қорлануға тырысады. Қорлау үшін ақша айналыстан шығады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайларға байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі, әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ, бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшаның пайда болуына себеп болды. Олар халықаралық баланс бойынша есеп айрысу кезінде жалпыға ортақ төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Тұрақтылық
Ықшамдылық

Ұзақ мерзімділік
АҚШАНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Біртестестік
Ажырытымдылық
Бөлінімділік
Ақшаның қолданылуына байланысты мынандай қасиеттері бар:
-
Тұрақтылығы – оның құны бір деңгейде сақталуы керек. Өйткені құнның төмен түсуі немесе жоғарылауы экономикаға әсерін тигізеді.
-
Ықшамдылығы – қолданыстағы ақшалар адамдар өздерімен бірге алып жүруге ықшамды болу үшін кішкене және жеңіл болуы керек.
-
Ұзақ мерзімділігі – ақша жасалатын қағаз берік болып, ұзақ өмір сүруге бейімді болуы керек. Сол себептен де ақша үшін ең сапалы қағаз қолданылады.
-
Біртектестігі – бірдей құнды ақшалардың бағасы да бірдей болу керек.
-
Бөлінімділігі – ақшаның бұл қасиеті бартерге қарағанда ең тиімді қасиет, бұл қасиет талабы бойынша ақша бірнеше бөлікке бөлінуі керек.
-
Ажыратымдылығы – ақшаның жасалуы қиынға түсіп, олар жеңіл танылуы керек. Қолданылған қағаз сапасы мен ондағы күрделі суреттер ақшаны жасауды қиынға түсіреді.
5.Тақырыпты бекіту.
1-тапсырма:
«Ойлан,тап» ойыны.
Төмендегі жағдайларда ақша қандай міндеттерді (айналым құралы-А, құн өлшемі-Қ, қор жинақтау құралы-Ж, төлем құралы-Т) орындайды?
-
Самса 15 теңге тұрады. (Қ)
-
Жұмыссыз адам жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады. (Т)
-
Сіз теңгені долларға айырбастайсыз. (А)
-
Сіз бір шөлмек Сарыағаш сусынына 35 теңге төледіңіз . (Т)
-
Үй иесі автокөлік сатып алу үшін ай сайын жалақысынан 10 мың теңгеден алып қалады. (Ж)
-
Ері зайыбынан еңбек ақысының бір бөлігін жасырып қалады. (Ж)
-
Сіз құрбыңыздан алған қарызыңызды қайтардыңыз. (Т)
-
Өз ақшаңызды құнсызданудан сақтау үшін, сіз автокөлік компаниясының акцияларын сатып аласыз. (А)
-
Дүкенші тауарларға баға белгілеп отыр (Қ)
-
Ақшаңызды жастыққа тігіп қойдыңыз. (Ж)
-
Сіз ақшаны инфляциядан сақтау үшін алтын алып қойдыңыз. (А)
-
Сіз өте үлкен мұра алдыңыз, бірақ салық төлеуге тура келеді. (Т)
-
Ата-анаңыз сізге фотоаппарат сатып алып, туған күніңізге сыйлады. (А)
-
Ақшаңыз құнсызданып кетпеу үшін, сіз жылжымалы мүлік сатып алдыңыз. (А)
-
Сіз Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне оқуға түстіңіз және сізге стипендия төлейді. (Т)
-
Ата-анаңыз сізге мерекеге 5000 теңге сыйлады. (Т)
-
Сіз мемлекеттік облигацияларды сатып алдыңыз. (А)
2-тапсырма: «Аукцион» ойыны.
Шарты: мұнда оқушылар сұраққа өз бағаларын ұсынады. Егер олар сатылып алынған сұраққа жауап беретін болса, онда оларға сол баға қойылады. Ал, егер жауап бере алмаса, онда баға бұл оқушыға қойылмайды және оған басқа оқушы жауап беруге мүмкіндік алады.
«Аукцион» ойынының сұрақтары:
-
Ақша деген не?
(Ақша-бұл ерекше тауар, кез-келген тауар мен қызметке айнала алатын нақты құндылық)
-
Алғашқы ақша түрлерін атаңдар?
(Мал, аң терілері, тұз, теңіз қабыршақтары, әшекейлер т.б.)
-
Ақшаның қандай қызметтері бар?
(Ақшаның 5 қызметі бар: құн өлшеу құралы, айналым құралы, төлем құралы, қор жинау құралы, дүние жүзілік ақша құралы қызметтері)
-
Ақшаның қандай қасиеттері бар?
(Ақшаның 6 қасиеті бар:тұрақтылық, ықшамдылық, ұзақ мерзімділік, біртектестік, бөлінімділік, ажыратымдылық)
-
Ақшаның маңызы қандай?
(Ақшаның маңызы өте зор. Ақшаға ешқандай тауар тең келе алмайды. Қазіргі қоғам толыққанды өмір сүру үшін ақша өте қажет болып табылады)
-
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы -теңге қай күні айналымға шықты?
(1993 жылы 15-қарашада)
-
Қазақстанда айналымға қандай номиналды банкноттар енген? Олардың қайсысы монеталар, қайсысы қағаз ақшаларға жатады?
(1,2,5,10,20,50,100,200,500,1000,2000,5000,10000 теңге. Бұлардың ішінде 1,2,5,10,20,50,100 теңгелер - бұл монеталар, ал 200,500,1000,2000,5000, 10000 теңгелер -бұл қағаз ақшалар)
Сергіту сәті.
Шарты: бос орындарға тиісті сөзді қой.
|
№ р/с |
Әлемнің кейбір елдері |
Ұлттық валютасы |
|
1 |
Қазақстан |
..............(Теңге) |
|
2 |
...................(АҚШ) |
Доллар |
|
3 |
Ресей |
................(Рубль) |
|
4 |
.................(Еуроодаққа кіретін мемлекеттер: Германия, Франция т.б.) |
Евро |
|
5 |
Жапония |
...............(Йена) |
|
6 |
..................(Қытай) |
Юань |
|
7 |
Ұлыбритания |
...............(Фунт стерлинг) |
|
8 |
..................(Қырғызстан) |
Сом |
|
9 |
Үндістан |
...............(Рупия) |
|
10 |
....................(Түркия) |
Лира |
6.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, сендер бүгін ақша туралы өте көп қызықты мәлімет білдіңдер. Қазіргі уақытта ақшаның қолма-қол, электронды ақша, пластикалық ақша деген түрлері бар. Ақшаның құны оған сатып алатын тауарлар мен қызметтердің көлемімен анықталады. Американдықтарда мынадай қағида бар:«Арзан тауарларды сатып ала беретін мен бай адам емеспін» деген. Яғни, сапасы төмен арзан тауарларды ала бергенше, бір рет қымбат та болса, сапалы тауар алған дұрыс. Ақшаны ысырап қылмай, үнемдеуді де үйренейік деп сабағымызды аяқтаймыз.
7. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан және білік-дағдыларын толығымен
көрсете алған оқушыларды бағалау және алған бағаларына түсініктеме беру.
8.Үйге тапсырма беру.
1) «Ақша жүйесі» тақырыбына арнап рефераттар дайындау (екі оқушыға);
2) «Ақша және оның қызметтері» тақырыбынан 10 тест сұрағын дайындау (төрт оқушыға );
3) тақырыпты қайталау (барлығына).
Усипбекова Л.М.
Шымкент қаласындағы №4 колледждің
«Нарықтық экономика негіздері» пәнінің оқытушысы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Нарықтық экономика негіздері"

шағым қалдыра аласыз