жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? 4-сынып
Пән: қазақ тілі |
Бекітілді: ОІМ: Калимова Ж.М. |
||||
ТАҚЫРЫБЫ: |
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? |
||||
Күні:12.01.2020 |
Мұғалімнің есімі: Гумарова А.С.
|
||||
Сынып:4 |
Қатысқандар саны:12 |
Қатыспағандар саны:2
|
|||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.3.2.1.тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу. |
||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдейді Көптеген оқушылар: Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі. Кейбір оқушылар: топтық,жұптық, жеке жұмыстарды орындайды. |
||||
Бағалау критерийлері:
|
берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазады Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән береді топтық,жұптық, жеке жұмыстарды орындайды. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік, еңбекқорлық. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
жаратылыстану. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Электронды тапсырмалар. |
||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Сөз таптары |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
Басталуы
1-тапсырма |
Қазақ
тілі – өз тілім, ана тілім, Миға шабуыл. «Ақиқат-жалған пікірлер» әдісі 1. Қазақ тілінде 7 сөз табы бар. Жалған (9 сөз табы бар) (зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер)
5. Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Ақиқат 6. Қазақ тілінде 7 септік бар. Ақиқат
Дескриптор: 1. Сұрақтарға нақты белгілер арқылы жауап береді. 2. «Көк» түс – АҚИҚАТ ,«қызыл» түс - ЖАЛҒАН ҚБ: «Өзін-өзі бағалау парағы» арқылы «сауаттылық деңгейлерін» бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Мақсатымыз: Зат есімнің септік жалғаулары туралы алған білімдерінді жинақтау және тиянақтау. Тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу. Күтілетін нәтижені анықтау:
|
Алдыңғы білімді еске түсіру сұрақтары |
|||
Ортасы
2-тапсырма
3-тапсырма
4-тапсырма
5-тапсырма |
Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық Түп-түзу боп отырып, Көркем етіп жазайық. (Күннің жадын, тақырыпты жазу) -Балалар, енді назарымызды мына аудио жазбаға аударайық. Тыңдалым. («Жетіген» туралы ертегі) «Ерте-ерте ертеде,ешкі жүні бөртеде,зат есім жерінде,Септік деген дәулетті,бай шал болыпты.Шалдың қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсірген жеті ұлы болыпты.Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты.Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті.Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп,тиегін орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты,сонда шал тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» — деп егіледі. Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлынан айырылғанда « нені айтып, кімді ғана қарғайын?» — деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып , « неде, кімде екен себебі?» -деп жылайды. Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына жеткенде, «неден қайтыс болдың,кімнен сені сұраймын?» — деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен. Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» -деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Болжау әдісі.
Оқушылар жауаптары тыңдалады. Дескриптор: -ертегіні мұқият тыңдайды.
ҚБ: «Өзін-өзі бағалау парағы» арқылы «сауаттылық деңгейлерін» бағалау. Саралау тапсырмасы. Сипаттау мәтінін құрау. Тірек сөздер : жетіген, шертпелі, қыл, аспабы, ішек, тиек, асық, жылқы, Дескриптор: - тірек сөздерді қолданып сипаттау мәтінін құрау. -сауатты, көркем жазу. -септеліп тұрған сөздерді тауып, сөз құрамына талдау. ҚБ: Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау. «Өз жұмысыңды бағала» Бірінші тұрған «сауатты жазу» Екінші тұрған «көркем жазу» Үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.
Сергіту жаттығуы. Ресурстар арқылы жетіген аспабының моделін құрастырту. Дыбыстар шығарту. Топтық жұмыс. Ортақ тақырып туралы айту. 1-топ: «Рафт» әдісі арқылы табиғатты қорғау туралы белгілі бір стильде мәтін жазады. Дескриптор: * топпен жұмыс жасау
2-топ: «Табиғат» сөзін септеу Дескриптор:* топпен жұмыс жасау *септік жалғауларын қатесіз жалғау 3-топ: «Биопоэма» әдісі арқылы жетекші сұрақтар арқылы сөйлемдер құрайды. Дескрипторы:
ҚБ: «Өзін-өзі бағалау парағы» арқылы «сауаттылық, көркем жазу, шығармашылықпен жұмыстану деңгейлерін» бағалау.
Жеке жұмыс. Тест жұмысы. 1.Жалғауы
жоқ септікті тап: Жайна
Алматыдан пойызбен келді. - жұптаса тексере отырып, қатемен жұмыс жаса ҚБ: «Өзін-өзі бағалау парағы» арқылы «сауаттылық деңгейлерін» бағалау.
|
Диктафон
Тапсырма ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Тапсырма ны орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|||
Аяқталуы
|
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.
Үйге тапсырма: 39-бет 4-жаттығу Дескриптор:- Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып көшіріп жаз.
Рефлексия «Лайк. Хабарлама.Бөлісу.» -маған ұнады. - менің пікірім..... - Мен бүгінгі сабақ туралы ........ бөлісемін. |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
|||
|
|
|
|
|
|
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіндер
ме балалар! Бүгінгі сабағымызды мына
өленбен ашуды жөн көрдім
Қазақ
тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай,
Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді
ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым,
бақытым, дана тілім
Топқа
бөліну
Топ басшысың сайлау
Бағалау парағын тарату
Үй жұмысы «Қоржын» арқылы өткізіледі
Бүгінгі
күнді жазу.
Көркем жазу минуты.
Бб. Б қандай дыбыс?
Көркем жазу (бейнефильм)
Бб
әріпі
Балық, бастық, бөлшек, баған,
бастау, бостандық.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабағымыз ертегі желісінде өтпек.
Ерте,
ерте, ертеде
Мінезі
суық қаталдау
«Қазақ
тілі» атанған
Хан
патшасыболыпты.
Киіз
үй тігіп жайлауға
Қыр
басына қоныпты.
Септік
деген атаның
Жеті
ұлы болыпты.
Жетеуі
де ер жетіп,
Білімімен
жаныпты.
Ақылымен
жетектеп
Сара
жолға түсіпті.
Қазақ
тілдің ұрпағы
Әкесіне
сеніпті.
Жетуіне қаз-қатар
Жеті
үй тігіп беріпті.
Қатаң
тәртіп қағида
Білімсізді
жойыпты.
Сұрақтар
мен жалғауын,
Жабыстырып
қойыпты.
І.
«Атау септік» ауылы.
Жалғау бермей әйтеуір
Атауды дара бөліпті.
Тұңғыш ұлы «Атауға»
Кім? Не? Сұрағын беріпті.
топқа:Сазгер, дос
топқа: Кітап, әке сөздерін септеу. Бұлар бастауыш болатындай сөйлем құрау.
2. «Ілік септік» ауылы.
Кең дүниені бөледі,
Екі сұрақ ұсынып
Кімнің?
ненің? дегені.
Суретке жалғаулардың тиістісін жалғау арқылы ілік септікте сөз жасау. Жалғаулардың сөздерге әр түрлі жалғану себебін дәлелде. Ілік септіктегі сөздердің әрқайсысын өзі байланысатын сөзбен тіркестіріп жаз.
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәмәздері
тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше
қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі,
сондықтан да мемлекет адамдарға
мемлекеттік рәзімдерді қастерлеуді
парыз етеді.
Мұғалім сөзі:
Қазақстандық париотизм елдің нағыз париоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне : Туына, Елтаңбасы мен Гимніне ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді. Сондықтан біз де өз еліміздің патриоты ретінде еліміздің елдік нышандарын қастерлейік, құрметтейік, балалар!
3. «Барыс септік» ауылы
Барыс болса жарқылдап
3 сұрақтан қалыпты.
Кімге? Неге? Қайда? деп
Жұлдыз болып жаныпты.
-ға, -ге, -қа, -ке, болам де
4 жалғаумен қалыпты.
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой
1-топ: Айжан кітапханаға келді.
Сәулеге кітап сыйлады.
2-топ Сатушы жұмысқа кірісті.
Жылқы өріске шықты.
4. Табыс септік» ауылы
Табыс болса байыппен
Кімді? Нені? ұсынамын
-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті деп
Жалғауым көп деп қысылам
Көп
нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып
жаз.
Арман ............ дүкеннен сатып
алды. Ғалия .......... жақсы оқиды.Сауле
........ күнде сүртеді. Даулет ....... қораға
кіргізді.
5. «Жатыс септік» ауылы.
Жатыс болса бүгінде,
Кімде? Неде? сұрағы.
-да,-де,-та,-те, боп
Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру. Жатыс септігінің жалғауы жалғанған сөздерді табу.
Сергіту
сәті.
6.
«Шығыс септік» ауылы.
Кімнен? Неден? Сұраймын
Сол жалғауға құлаймын.
-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен деп
Сендерге
ғана ұнаймын.
Тақтада
жұмыс
«Кім
шапшаң» ойыны.
Сөздерден сөйлем
құрау. Шығыс септіктегі сөздердің астын
сызу.
1)Ағаштан, жасады, кебеже.
2)Кірпіштен,
ұста, жасады, үй.
3)Дүкеннен, сүт,апам,
әкелді.
7.«Көмектес септік» ауылы.
Кенжесімін бүгінде
Кіммен? немен? Жүремін.
-мен,-бен,-пен жалғауым,
Осы болды таңдауым.
Сүлгі,
қармақ сөздерді зат атауына жалғау
жалғап, әр сөзбен байланыстырып
жазу.Көмектес септіктін астын сызу.
Сүлгі..... сүрту қармақ.....салу
Сүлгі.....алу қармақ......ілу
Сүлгі.....бүктеу қармақ.....ұстау
Қорытынды
«Ассоциация» әдісі
Бағалау:.
Өздерін және бірін-бірі бағалайды.
Кері
байланыс: «Бағдаршам» Оқушылар бүгінгі
сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Оны қызыл, сары немесе
жасыл стикерлерге жазып,
«Бағдаршамға» жапсырады
Үй жұмысы:
«Жеті септік» өлеңін жаттау
Мұғалімнің
өзі өткізген сабағын талдау
Сабақтың
талдаушы: Екінші
санатты Бастауыш сынып мұғалімі Ищанова
Шынзат Сабиржанқызы
Күні: 30.01.2017
ж. Сыныбы: 4
“А” сынып Пәні: Қазақ
тілі
Сабақтың
тақырыбы: Зат
есімнің септік жалғауларын қайталау
Сабақтың
мақсаты:
1. Септіктер туралы алған білімдерін жинақтау, тұрақтандыру, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2.Тілдік қорларын байыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа баули
отырып жеке тұлғаны
тәрбиелеу.
1.Сабақты
жоспарлағанда оқушылардың қандай
ерекшеліктері ескерілді?
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.
2.Сабақтың
түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы
бар ма?
Саяхат сабағы. Сабақта жеті септік еліне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, қызықты тапсырмалар(қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту.
3.Сабақта
қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?
А) Септік туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысы жүргізілді;
Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;
Б) Отанын,
отбасын, туған жерін сүюге ұлттық
құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Бұл алған міндеттер байланысып бірін
- бірі толықтыра тұрды.
4.Аталған
міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі
неге тиімді болды?
Зат есімнің септік жалғауларынасаяхат жасай отырып оқушыларды жеті септілікті білуге жетелеп, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.
5.Сабақ
кезеңдерінің арасында байланыс болды
ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
6.Оқушылардың
сабаққа деген қызығушылықтары байқалды
ма? (себебін түсіндіру)
Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар ауыл – ауылдан түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
7.Сынып
бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары
пайдаланылды?
Интербелсенді тақта, кеспе парақшалар, топқа бөлу парақшалары, бағалау парағы, оқулық, дәптер.ватман; қызыл,жасыл, сары стикерлер.
8.Сабақ
барысында оқушылардың арасындағы дұрыс
психологиялық қарым – қатынас жасауына
мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге
асты?
Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды.
9.Үй
тапсырмасын беру
Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, өздері оқыған «Жеті септік» өлеңін жаттауға тапсырылды
10.Қандай
да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз
бар ма?
Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.
11.Мұғалім
көздеген мақсатына жетті ме?
Сабақ
бойы оқушылар берілген тапсырманы
орындауда белсенділік көрсетті. “Атау
септік”, “Ілік септік”, “Барыс септік”,
“Табыс септік”, “Жатыс септік ” ,
“Шығыс септік ” “Көмектес септік ”
сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты.
Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен
іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп
ойлаймын.
Каталог: uploads -> doc -> 0a74
«Ерте-ерте ертеде,ешкі жүні бөртеде,зат есім жерінде,Септік деген дәулетті,бай шал болыпты.Шалдың қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсірген жеті ұлы болыпты.Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты.Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті.
Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп,тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты,сонда шал
тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» — деп егіледі. Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлынан айырылғанда « нені айтып, кімді ғана қарғайын?» — деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып , « неде, кімде екен себебі?» -деп жылайды. Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына
жеткенде, «неден қайтыс болдың,кімнен сені сұраймын?» — деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен. Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» -деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
І.с |
Б.с |
Т.с |
Ж.с |
Ш.с |
К.с |
|
Мектепке |
|
|
|
|
|
|
|
Сәбидің |
|
|
|
|
|
|
|
Астанаға |
|
|
|
|
|
|
|
Орманды |
|
|
|
|
|
|
|
Талғатпен |
|
|
|
|
|
|
|
Әжеге |
|
|
|
|
|
|
|
Күн |
|
|
|
|
|
|
|
Қорапта |
|
|
|
|
|
|
|
Борды |
|
|
|
|
|
|
|
Көше |
|
|
|
|
|
|
|
Ауылға |
|
|
|
|
|
|
|
Қортындылау.
Барлығыңа үлгі болар,қарақтар,
Байсалды да,ақылды да Марат бар.
Жеке басым ең алдымен Мараттың
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.
Сенбейсің бе,күнделікті парақта:
Талай “бестік” қойылыпты Маратқа
Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
Алғыссыз күн болған емес Маратта
Жетеді онда,ынта,жігер,талап та.
Қай өнерде табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
Міне,сондай жақсы бала Маратпен,
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең.
Бағалау
М: Біздер бүгін баламыз.
Өсіп алға барамыз.
2030 шы жылдары
Бізде азамат боламыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген