Материалдар / Ашық сабақ, Натурал көрсеткішті дәреже 7 сынып

Ашық сабақ, Натурал көрсеткішті дәреже 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып математика мұғалімдері үшін дайын ҚМЖ
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:№257 орта мектеп

Бүтін көрсеткішті дәреже

Күні: 17.09.2020 Мұғалімніңаты-жөні: Әбілқасымова А.

Сынып: 7 «а» Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Натурал көрсеткішті дәреже

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1- натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу

7.1.2.2-санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау

7.1.2.15-натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;

Сабақтың мақсаты

  • Санның негізі, дәрежесі ұғымдарын ажыратады.

  • Санның дәрежесін табады

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін анықтайды;

Бағалау критерийі

  • Берілген дәрежелері бойынша санды табады

  • Бірнеше тең көбейткіштердің көбейтіндісін анықтау амалын дәрежеге шығару екенін түсінеді;

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерінің формуласын пайдаланып есептер шығарады.


Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:

негізі, дәреже көрсеткіші;


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

  • Санның натурал көрсеткішті дәрежесі деп нені атайды?

  • Дәреженің негізі деп нені атайды?

  • Дәреже көрсеткіші деп нені атайды?

  • Дәреже көрсеткіші 1-ге тең санды қалай жазады?

  • Теріс санның жұп дәрежесінің таңбасы қандай?

  • Теріс санның тақ дәрежесінің таңбасы қандай?

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Пəнаралық байланыс

«Физика – 7 сынып. «Энергия», Үлкен кіші өлшемдерді анықтау

Алдыңғы білім

6-сынып. Математика. «Санның квадратын, кубын табу».

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(8 минут)

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

Топтарға бөлу. «Құпия сандық» әдісі бойынша 6 топқа бөлінеді.

Сандықта тақ сан, жұп сан, теріс сандар мен аралас сандар, дұрыс бөлшек пен бұрыс бөлшек сандарды таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады.

«Миға шабуыл» әдісі.

Өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар қою. Үй тапсырмасы тексеріледі.

  1. Санның квадраты дегеніміз не?

  2. Санның кубы дегеніміз не?

  3. нешеге тең болады?

  4. нешеге тең болады?


Алдыңғы білім бойынша оқушылардың санның квадраты, кубы туралы не білетініндерін сұраудан бастаймын.

, .


Б: Мұғалім оқушыларды «Теңге алу» арқылы 50, 100, 200,500 теңгелік купюроларынды беру арқылы бағалайды.

Оқулық.

Алгебра – 7 сынып.

(Алматы, «Мектеп»-2017

А.Әбілқасымова, Т. Кучер)

28-32 бет



«Құпия сандық»,

қағаз қиындылары








Теңгелік купюролар


Сабақтың ортасы

(20 минут)

Тақырыпты ашу.

Оқушыларды тақырыппен таныстыру. Мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылау Оқушылар нақты мақсатқа қол жеткізуге бағытталады..

Проблемалық сұрақ:

Бірнеше бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін қысқаша қалай жазуға болады?

Мысалы: a∙a∙a∙a∙a=a5; с∙с∙с∙с =с4

Picture 1

Бүгінгі сабақтың мақсаты:

  • Санның негізі, дәрежесі ұғымдарын ажыратады.

  • Санның дәрежесін табады

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін анықтайды;

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады)

Жеке жұмыс. Оқулықтан №1.1-1.3 есептерді шығару. А деңгейі.

Қолдау қажет ететін оқушылар кезекпен бір есептен тақтаға жазады, ауызша түсіндіреді.

15 оқушы қамтылады, қалған оқушылар тақтаға жазылған тексеріп, дәптерге жазады.



Б: Мұғалім оқушыларды «Теңге алу» арқылы 50, 100, 200,500 теңгелік купюроларынды беру арқылы бағалайды.

Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқулықпен жұмыс, жұпта жүргізеді В деңгейі №1.9 - 1.10 есептер.

Б: Мұғалім оқушыларды «Теңге алу» арқылы 50, 100, 200,500 теңгелік купюроларынды беру арқылы бағалайды.




Оқулық.

Алгебра – 7 сынып.

(Алматы, «Мектеп»-2017

А.Әбілқасымова, Т. Кучер)

28-32 бет








Интербелсенді тақта














Оқулық.

Алгебра – 7 сынып.

(Алматы, «Мектеп»-2017

А.Әбілқасымова, Т. Кучер)

30 бет














Теңгелік купюролар









Оқулық.

Алгебра – 7 сынып.

(Алматы, «Мектеп»-2017

А.Әбілқасымова, Т. Кучер)

31 бет


Презентация



Сабақтың соңы

(12 минут)

Сабақты пысықтау мақсатында «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы топтарға арналып конверттер дайындалады және 2 сұрақ жазылып, конверттерге салынады. Топ мүшелері өздеріне берілген конверттің ішіндегі жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар ойын тұжырымдап, айтады. 6 конверт ішінен 1 тосын сый шығады, ол топқа сұрақ берілмейді, бірақ бағаланады.



Б: Топтар бір-бірін «Теңге алу» арқылы 50, 100, 200,500 теңгелік купюроларынды беру арқылы бағалайды.

1-конверт.

а)Натурал көрсеткішті дәрежеге анықтама беріңдер.(100)

ә) Нөлге тең емес санның көрсеткіші нөл болатын дәрежесі неге тең? (1-ге тең) (100)

2-конверт.

а)«1383» өрнегі қалай оқылады? (13санының 83дәрежесі) (100)

ә) Натурал көрсеткішті дәреже қандай элементтерден тұрады? (дәреженің негізі,дәреженің көрсеткіші)

(50)

3-конверт

а) Дәреженің негізі қандай сан болуы мүмкін? (кезкелген рацинал сан, теріс бүтін сандар және кез келген айнымалы) (100)

ә)0санының мағынасы бар ма?

4-конверт

а) Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері қандай? (200)

ә) Кез келген санның бірінші дәрежесі неге тең? (сол санның өзіне тең) (50)

5-конверт

а) Санның 0 дәрежесі неге тең? (1-ге тең) (50)

ә) және дәрәжелерін қалай атайды?

(а-ның квадраты және а-ның кубы) (50)

6-конверт

Купюра жазылған парақша –

Тосын сый(жарайсындар) (200)


Қалыптастырушы бағалау. Жеке жұмыс.

Б: Мұғалім оқушыларды «Теңге алу» арқылы 50, 100, 200,500 теңгелік купюроларынды беру арқылы бағалайды.



Үйге тапсырма.

Оқулықтағы А деңгейі 1.6-1.8 есептер.

В деңгейі 1.11. - 1.13 есептер





Сұрақ жазылған конверттер








Теңгелік купюролар































Презентация







Теңгелік купюролар

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

  1. Ресурс сараланды, соған сәйкес интербелсенді тақтада жаңа материалдармен танысты.

  2. Сабақтың мақсатын таныстыру үшін проблемалық сұрақ қойылды.

  3. Қолдау қажет ететін оқушылар кезекпен тақтаға есептер шығарып, ауызша түсіндірді.

  4. Сабақтың соңында, жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында «Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша сұрақтар қойылды.

Сабақтың барлық уақытында банк ашу мақсатында оқушыларды ынталандыру үшін теңге жинау жоспарланды.


Жұптық жұмыс, жеке жұмыс кезінде дескрипторлар арқылы өзін-өзі өзара бағалау жоспарланды.



АКТ құралдарын қолдану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтылды.

Сабақ бойынша рефлексия

Әр оқушынығ бүгінгі алған білімін қорытындылау мақсатында ауызша тиімді рефлексия беремін.



ЖИ арқылы жасау
17 Ақпан 2021
438
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі