400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Натурал сандар"

Материал туралы қысқаша түсінік
натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; цифр мен санды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқша-лармен және т.б.) көрнекі етіп көрсетеді. он көлеміндегі сандарды санауға арналған санау материалдары; заттардың суреттері салынған парақшалар: әрқайсысында 1-ден 10-ға дейінгі заттардың суреттері салынған он парақша; интерактивті тақта.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Натурал сандар

Мектеп: КМЛ №5

Күні :


Мұғалімнің есімі: Амангельдиева Ш.Х

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 20


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

  2. цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;

  3. бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқша-лармен және т.б.) көрнекі етіп көрсетеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

он көлеміндегі сандарды санауға арналған санау материалдары;

заттардың суреттері салынған парақшалар: әрқайсысында 1-ден 10-ға дейінгі заттардың суреттері салынған он парақша;

интерактивті тақта.

Тірек сөздер

қанша? (неше?); cанау;

сан;

саны.

Сабақтың мақсаты:

Әр оқушы санағанда еркін қолданатын сан шегараларын анықтау; 10 көлеміндегі заттарды санау дағдыларын жетілдіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ заттарды санау тәжірибелік дағдыcын дамытуға бағытталады. Сабақта сандарды санау ұғымы қандай да бір жиын нысандарының санын анықтау үшін қолданылатын іс-әрекет түрінде енгізіледі. Санағанда есептік сан есімдер қолда-нылады. Есептік сан есімдер — “Қанша?” “Неше?” сұрақтарына жауап беретін сан есімдер. Заттарды санау бір санынан басталады. Заттарды санауға жетелейтін сұрақтар беру арқылы оқушылардың бір-бірімен және мектеппен алғашқы таныстығы туралы әңгіме жүргізу. Ол үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Терезенің жанында қанша бала отыр?

— Сенің алдыңда қанша бала отыр?


— Сенің артыңда қанша бала отыр?


— Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар?


— Ал мұғаліммен бірге ше?


Оқушылармен сөйлесу кезінде әрқайсысының санау дағдысын анықтап, 10-ға дейін санау дағдыcын бекітемін.


Сыныптағы барлық қыздардың бір қатарға тұруын ұсынамын. Ұлдардан сыныптағы қыздарды санауды сұраймын. Содан соң ұлдардың қыздарға қарама-қарсы бір қатарға тұруын ұсынамын (бұл жағдайда оқушыларды жұптарға бөлу жеңіл болады). Қыздарға сыныптағы ұлдарды санауды ұсынамын.


Оқушылардан мыналарды сұраймын:


— Сыныпта ұлдар көп пе, әлде қыздар ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, неге?


— Бүгін мектепке барлығы қанша оқушы келді? Айта аласыңдар ма? (Оқушылар “көп” деп жауап беру мүмкін.)


Бұл сұрақтар арқылы сыныптағы қай оқушының оннан артық санай алатынын білуге болады. Содан соң қолмен ұстауға болатын деректі заттарды санатамын. Сұрақтар:


— Сыныпта қанша қызыл түсті (немесе басқа түсті) мектеп сөмкесі бар?


Бұл сұраққа жауап беру үшін осы түстес сөмкесі бар оқушылар оларды бір қатарға қояды, ал басқалары хормен санайды: “Бір, екі, үш…” т.с.с.


— Ақ түсті гүл саны қанша?


— Сыныпта қанша парта бар?


— Сынып бөлмесінде қанша орындық бар?


Оқушыларға заттың санын анықтау үшін оларды санау керектігін түсіндіремін. Олардың назарын заттарды санау кезінде айтылатын сандарға аударамын: “бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он”.


Оқушылардан кез келген заттарды санағанда барлығына ортақ қандай ерекшеліктер болатынын ойлап, жауап береді. Заттарды санау әрқашан “бір” санынан басталатынын және сандарды рет-ретімен қалдырмай атау керек деген тұжырымға келеміз.


Дене жаттығуы түріндегі ойында оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындатамын:


— Мен неше рет шапалақ ұрдым? (Мысалы: алақаныңызды алты рет соғыңыз. Оқушылар сізден кейін берілген шапалақ санын қайталап, сонша рет шапалақ соғуы тиіс.)


— Алақандарыңды төрт рет соғыңдар.


— Аяқтарыңды үш рет топырлатыңдар.


— “Алақай!” деп бес рет айтыңдар т.с.с.Суретке қара, сана. Тапсырманы жалпы сыныпқа орындатамын.

Оқушылардан әр топтағы заттар санын санауды сұраймын.

Жауабы:

екі ит; төрт мысық; жеті гүл; тоғыз шар.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындайды. Оқушыларға оқу құралдарын санауды ұсынамын. Оларға бір-біріне алма-кезек сұрақ қойып, суреттегі заттарды санатамын. Жауаптарды жұпта талқылауды қадағалаймын.

Жауабы:

дәптер — 3 дана, альбом — 1 дана, кітап — 5 дана, түрлі түсті қарындаш — 10 дана.

Біздің сыныбымызда. Оқушыларға төрт адамнан топтарға бөлініп, өздері сұрақ ойлап тауып және оны топта бір-біріне қоюды ұсынамын.


Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындау. Оқушылар әрқайсысындағы түрлі түсті қарындаштарының санын табу үшін санауы тиіс. Тапсырма оқушылардың санау дағдыcын бекітеді. Егер қарындаш саны 10-нан артық болған жағдайда (оқушылар 10 көлемінде ғана санай алатын болса), онда ол өзінің жұбын көмекке шақырады немесе оның қарындашының саны 10-нан артық екенін айтады.


  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Тірек сөздердің дұрыс айтылуын пысықтау үшін оқушыларға “Қанша?” ойынын ойнатамын. Бір оқушы заттың суретін көрсетеді де, “Қанша?” деген сұрақ қояды. Сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы жүргізуші болады. Ойын барлық оқушылар тірек сөздерді айтып болғанша жалғасады.


Суреттер мен парақшаларды сызықпен қос. Нүктесінің саны суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны тап. Олардың арасын сызықпен қос. Оқушылар заттар тобын сәйкес нүктелер санымен сызықтар арқылы қосу керек.

Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя. Тапсырмада оқушылар суреттің

астында тұрған дөңгелектерді суретте бейнеленген заттардың санына байланысты бояйды.

Оқушылар иллюстрацияны мұқият қарап шығуы тиіс және себетте қанша қызанақ, қияр, шалқан, қызылша, сәбіз, пияз, кәдінің суреті барын санайды. Нәтижесін парақшадағы санмен жалғастыру керек.

Жауабы:

5 дана — қияр, 9 дана — қызанақ, 10 дана — шалқан, 4 дана — қызылша, 7 дана — пияз, 4 дана — сәбіз, 1 дана — кәді.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:


  1. он көлемінде санауды;

  2. заттардың саны мен сандар арасындағы сәй-кестікті табуды меңгереді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін


мынадай сұрақтарды қоямын:

— Санауды қай саннан бастаймыз? (1 санынан бастап санаймыз.)

— Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша …? (10 көлеміндегі заттардың суреттері бар парақ-шаларды көрсетіңіз.)


— Санағанда сандарды қалдырып кетуге бол-майды. Неліктен? Сен қалай ойлайсың?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі