400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Натюрморт 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім берудегі бейнелеу өнері саласы бойынша Натюрморт тақырыбына орай құрастырылған ашық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау қалалық білім бөлімі

Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығы















Көркем-эстетикалық бағыт апталығы

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Натюрморт»







«Бояулар сыры» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі: Даулеткерей Меруерт Гарипжанқызы.



















Атырау – 2024 жыл.

«Бекітемін»

Директордың оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:

___________ Қалауова А.Т.

«___» «_________» 2024ж.


Тақырыбы

«Натюрморт»


Мақсаты

Бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанры туралы түсіндіру және оны игерту.


Сабақ кезеңдері,

уақыты

Педагогтың іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

2 минут

Амандасу сәтін ұйымдастыру.

«Кубик» әдісін қолдану.

Оқушылар ұстаздарымен және бір-бірімен амандасады.

Амандасу түрлері бейнеленген кубик.

Өткенге шолу

3 минут

Өткен тақырыптарға байланысты бірнеше сұрақтар ұсыну.

«Түрлі-түсті қарандаштар» әдісін қолдану.

Мұғалімнің қолындағы түрлі-түсті қарандаштардың ішінен әр оқушы кезектесіп өзі қалаған бір данасын алып, ондағы жасырылған сұраққа ауызша жауап береді.

Сұрақтар жазылған түрлі-түсті қарандаштар суреті.

Жаңа сабақ

6 минут

Жаңа тақырыпты слайд арқылы және Ә.Қастиевтің жасанды интелектуалды бейнесімен оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру.

Берілген ақпараттарды тыңдайды, тамашалайды, игереді.

Слайд,

Суреттер,

Бейнематериал

Жеке жұмыс

8 мин

Натюрмортқа арналған заттар бейнесін оқушыларға ұсыну.


А4 форматта дұрыс емес орындалған графикалық натюрморт суреттерін оқушыларға ұсыну.

Берілген заттар бейнесінен натюрморттың композициялық қойылымын әр оқушы жеке құрастырады, пікір білдіреді.


Суреттегі қателіктерді тауып, астындағы бос бетшеге дұрыс үлгісін тез арада нобайын бейнелеп көрсетеді, себебін түсіндіреді.

А3 форматты қағаз, заттар бейнесі






А4 форматтағы суреттер

Жұптық жұмыс

15 минут

«Жұбыңды тап» әдісін ұйымдастыру.



Әр жұптарға үш заттан құралған натюрморт бейнесін өз қиялдарымен кезектесіп салу тапсырмасын беру.


«Жұбыңды тап» әдісі арқылы оқушылар жұптасады.



Жұптасқан оқушылар 1 минут уақыт өткен сайын сурет парақтарын алмастыра отырып, берілген тапсырманы орындайды.


Салған суреттерін қорғайды.

Сурет құралдарының

екі бөлікке бөлінген фото-суреттері.


А3 форматты қағаздар, бояулар, т.б.

Топтық жұмыс

4 минут

«Жылы және суық түстер» әдісін қолданып, оқушыларды екі топқа бөлу.


Топтарға «Кескіндемелік натюрморт» пазлы және «Графикалық натюрморт» пазлын құрастыру тапсырмасын беру.

Оқушылар мұғалім ұсынған палитрадағы түрлі – түсті шеңберлердің бір данасын таңдап алады. Жылы түстер және суық түстер болып топтарға бөлінеді.


Әр топ өздеріне берілген пазлды құрастыру тапсырмасын орындайды.

Түрлі – түсті шеңберлер.






Пазл суреттер.

Қорытынды

2 минут

«Көз, құлақ, қол» әдісін қолданып кері байланыс жасау.

Жаңа тақырып бойынша:

- Нені көрдім?

- Нені естідім?

- Нені жасадым?

-сұрақтарына оқушылар өз жауаптарын ауызша немесе стикерге жазып жазбаша түрде береді.


«Көз, құлақ, қол» суреттері, стикерлер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
04.03.2025
175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі