Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Натюрморт түрі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал көркем еңбек пәні бойынша мұғалімдерге керек. Жоспар жасауда көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып« » -------------------------ж

«Көркем еңбек» пәні /ұлдар/

5-6 сабақ

Оқу ісінің меңгеруісі: ---------------------------------------------

Сабақ тақырыбы:


Натюрморт өнері

Мектеп: «Сарыбұлақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні :


Мұғалімнің есімі: Беков Мурат Амирханович

СЫНЫП: 5-сынып

Қатысқандар саны: 15


Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Сабақтың міндеттері

Натюрморт құрудағы бейнелеу заңдылықтарына (композиция, перспектива, зат формаларына) талдау жасатуға баулу. Эстетикалық талғам, ынтымақтастық пен бірлескен шығармашылық, дұрыс шешім қабылдау, ақпарат іздеуде өздігінен әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Нені білулері керек

Алуан түрлі техникаларда натюрморт құрудың әдіс-тәсілдерін білуі тиіс.

Нені үйренулері керек

Шығармашылық идеяларды жүзеге асы-ру үшін нобайлар мен эскиздер салу. Пішіні қарапайым 23 заттан натюрморт құрастыру; графикалық көрініс үшін реңкі бо-йынша бейтарап заттарды, бүрмелеуді таңдау.

Материалды түсіндіру

/ 2-сағат/

Оқушылар Қазақстан және әлем суретшілерінің туындыларын (натюрморттарын) зерттейді.

Бұл жұмыстар қандай жанрда орындалған?

Натюрморттағы ұлттық мәнмәтінді қандай элементтер бойынша анықтауға болады?

Натюрморттың нақты бір мәдениетке қатысын ұлттық элемент арқылы анықтаңдар.

Оларды не біріктіреді?

Талқылауда ұлттық мотивтерді айқындаушы тү-йінді заттарды айқындап алу керек. Мұғалім натюрмортты орындаудағы композицияның маңыздылығына ерекше назар аудартады. Композицияның түсініктерімен, заңдарымен, форматта үйлестіру тәсілдерімен таныстырады.

Екінші сабақта мұғалім оқушылардың натурамен жұмыс орындауларына баса мән береді. Жұмыстың бұл кезеңінде мұғалім зат бөліктерінің өзара қатынасына, жақын және алыс жатқан заттардың визуалды орнала-сымына назар аудартқаны жөн.

Академиялық тілді оқытуды қолдау мақсатында аталған сабақта қолданылатын арнайы терминдер мен тұрақты тіркестері бар глоссарий әзірлету керек.

Сабаққа ұсынылытын іс-әрекеттер

Оқушылар берілген форматтағы бірнеше композицияны құрастырып, үйлестіру үшін өз бетінше түрлі түсті 2–3 геометриялық фигураны таңдайды.

Көп композицияның арасынан сәтті шыққан біреуін таңдап алып, оны эскиз түрінде пысықтайды.

Қорытынды жасау үшін оқушылар жұмыстарының көрмесін ұйымдастырыңыз, дайын жұмыстарды өзара және натуралық қойы-лымдармен салыстырыңыз. Cабақта қолданылатын арнайы терминдер мен тұрақты тіркестері бар глоссарий әзірленеді.

Парақта құрастыру туралы бұрын алған білімдерін қолдана отырып, оқушылар заттардың көру нүктесіне қатысты парақ жазықтығындағы композициялық орналасуын анықтайды. Оқушылар пропорция сақтай отырып, заттардың сызықтық құрылымын орындайды, заттардың орналасуын, олардың құрылысын анықтайды. Сабақ барысында оқушылар заттардың пішінін талдайды, сонымен қатар түстердің үйлесімін анықтайды. Жұмыс аяқталған соң оқушылар алуан түрлі көру нүктелерінен орындалған натюрморттың қаншалықты өзгергендігін анықтай отырып, өз жұмысын өзгелердің жұмыстарымен салыстырады. Талқылаукезіндеоқушыларпән терминдерінпайдаланады.

Тәжірибе жұмысы

Бірнеше геометриялық фигурадан композиция құрастыру.

Таңдалған композицияны эскиз түрінде салып шығу.

Графикалық көрсетілімге арналған бейтарап бүрмелеуді (қатпарсыз), реңкі бойынша кереғар заттарды таңдап алу.

Мұғалім материалдар мен құралдарды дұрыс пайдалануларына, ҚТЕ мен СГТ сақтауларына назар аудартады.

Пішіні бойынша қарапайым 2–3 затты таңдап алып, композиция құру. Оны параққа орналастырып, пішіннің сызықтық-құрылымдық құрылысын жазықтықта орындау. Жұмыс барысында мұғалім материалдар мен құралдарды дұрыс пайдаланып, қауіпсіздік техникасы мен жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауларына назар аудартады.

Белгілі бір дайындық деңгейі бар оқушыларға ерекше көңіл бөлген жөн. Сабақты өткізу барысында олардың айтарлықтай көмегі болуы мүмкін.

Рефлексия

«Күнікей» – барлығы менің қолымнан келді, «Күнікей мен шөкім бұлт» – менің қолымнан барлығы бірдей келмеді, «шөкім бұлт» – менің қолымнан ештеңе келмеді.

Оқу қоры

Р. Ш. Алимсаева,

И. А. Развенкова,

Н. А. Якупова,

О. С. Лосенко,

Е. Е. Велькер авторларының «Көркем еңбек.

5-сынып» оқулығы.


Р. Ш. Алимсаева және т. б. авторлардың «Көркем еңбек.

5-сынып» оқулығына электронды қосымша

Кері байланыс



Бүгінгі сабақта болған көңіл – күй салынған суреттерді таңдау.





Қолымнан келді Барлығы бірдей келмедіҚолымнан ештеме келмеді













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
793
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12