1
- жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің
көптен күткен Наурыз мерекесі келіп
қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл
күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз,
мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе
жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың
ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз
өнімді болып, тілектеріңіз қабыл
болсын!
2
- жүргізуші:
Қайырлы
күн, мейрамға жиналған барша қауым.
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба
сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны
жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем
мен еңбектің мерекесі, күн мен түн
теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан
19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам.
Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай
болса, бүгінгі ««Наурыз
– жыл басы»»
атты мерекелік думанымызды ашық деп
жариялаймыз
1
жүргізуші:
Шашу,
шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай
көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа,
жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың
бола берсін көл - көсір!
2-жүргізуші:
Қашанда
Құт - береке орнасын деп,
Тойларда
шашу шашу – салты елімнің.
Уа,
халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл
қылсын халқымның ақ тілеуін.
(
Шашу шашылады )
Күн
(Динара): Сәулесі
көп күнмін.
Түн
(Айнұр): Жұлдызы
көп түнмін
Екеуі:
Бірдей болып біздер,
Теңелеміз
бүгін.
Түн: (Айнұр): Ал,
ертең күн ұзақ.
Күн:
Түн қысқарар бірақ.
Түн: (Айнұр): Ұйқы
қанбай қалып
Жүрмендер
тек жылап.
Екеуі:
Күн менен түн теңеледі,
Жер
шуаққа кеңеледі.
Соны
тойлар ел енді.
1
- жүргізуші:
Алқа
- жұртым, той - думан,
Ортамыздан
ашайық.
Ән
мен күйді төгіп біз,
Інжу
маржан шашайық!
Қазіргі
тамашалайтын биіміз: «Ақ гүлдер »
1-жүргізуші:
Келіңдер,
Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай
өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық
халық тойын Наурызымның,
Шуағын
жерге төккен бақыт күнін.
2-
жүргізуші:
Қазіргі
тамашалайтындарыңыз «Дүниеде
не қымбат?» көрініс (Айсұлу мен
Ершат)
Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ
қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін
бір жәйт бар.
Түсіндірші соны
бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде
не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат,
қалқам.
Немересі: - Адамға не
қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат,
қалқам.
Немересі:- Балаға не
қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат,
қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші
әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы
бір сұрағым бар сізге,
Қатты
мен жұмсақ жайлы.
Әжесі:
- Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап
берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не
тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі:
- Дүниеде не қатты?
Әжесі:
- Атаның жүрегі қатты.
2-жүргізуші
Наурызда
әндер шырқайық,
Өнер
жасқа лайық.
Өлеңдеткен
жастардың,
Әсем
әнін тыңдайық!
4
А сынып оқушыларының орындауында :«
Асыл анам» әнін тамашалаңыздар.
1-
жүргізуші:
Қонақтарымыз
ағылсын,
Ортамыздан
табылсын.
Барлық
тілек құдайдың,
Құлағына
шалынсын!- деп келесі кезекті
шашу
ретінде «Наурыз жырларын» сыйлаймыз.
Нұртас:
Елім
менен жеріме
Ырыс
шашқан наурызым
Күлімдеген
көктемге
Шуағын
шашқан наурызым
Арайлым
: Жеті
түрлі дән салып
Дәм
татқызған наурызым
Жақсылап
тілеп халыққа
Молшылық
әкелсін наурызым
Жәңгірхан:
Наурыз
келді еліме ,
Наурыз
келді жеріме
Байлық
бақыт тілеймін
Бүкіл
қазақ еліне
Дина
Армысыңдар
халайық
Бармысыңдар
халайық
Наурыз
тойын бой жазбай
Жылда
қарсы алайық
Әлішер
: Наурыз
қайтып оралды , аты да аңыз,
Сұраймыз
алғыс та , ақы да біз.
Үй
- дастархан, думанымыз- сахнамыз,
Ұлы
мейрам Наурызға шақырамыз!
Дильназ:
Көктем
жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс
барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында
үйлердің Наурыз жүр,
Мұз
көрпесін ақпанның лақтырып.
Мұхаммед:
Жыр
сыйлаған , нұр сыйлаған тірлікке ,
Қастерледік
, қадіріңді білдік те.
Құтты
болсын , Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді
ынтымақ пен бірлікке.
Ертөре
Наурыз
жырын жырлаймыз ,
Онымен
де тұрмаймыз.
Шыңдалып
жеткен бұл күнге
Ел
дәстүрін сыйлаймыз!
Ақнұр:
Жаңғырар
дәстүр салтымның ,
Көзделсін
бұлақ жалғасы.
Қастерлі
менің халқымның ,
Мереке
Наурыз –жыл басы!
Кәусәр:
Жаңа
жылдай–халықтық
Мерекеміз
бар біздің.
Кім
ұқтырар қанық қып,
Мән-мазмұнын
Наурыздың?
Нұрбек:
Есебімен
дананың ,
Күн
мен түнді теңеген,
Наурызымыз
-жаңа күн,
Парсы
сөзі көнеден.
2-жүргізуші:
Келіңдер,
Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай
өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық
халық тойын Наурызымның,
Шуағын
жерге төккен бақыт күнін.
Келесі
тамашалайтын биіміз : «
»
1-жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік,
жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы
қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды
кеңге созшы, уа халайық! Деп-
қазіргі тамашалайтын әніміз «Наурыз
көктем »
Бүгінгі
«Наурыз –жыл басы » атты шағын концертіміз
аяқталды , барлықтарыңызды жаңа жылдың
Наурыз көжесіне шақырамыз.