400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Наурыз бен ақпан" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне қажет болуы мүмкін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Наурыз бен ақпан


Мектеп: №28 ЖОББМ

Күні:13.02.2018ж.

Мұғалімнің есімі: Идришева А.К.


СЫНЫБЫ: 7 Б

Қатысқандар саны: 13

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

-тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеру, сөйлесім барысында қолдана білу

-ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын нығайту

- шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

- жыл мезгілдерін қазақ тілінде салыстыра суреттеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Жасаған постерлерін белгілі критерийлер бойынша бағалайды.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, желімқағаз.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу

Көктем гүлдері «Бәйшешек» пен «Қызғалдақ» суреттері арқылы екі топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды. Сабақ барысында топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Оқушылар бір-біріне ЖҮРЕКШЕНІ беріп жылы сөздер айтады, ол сипаттау немесе жақсы тілек болуы мүмкін

Топтарға таратылатын қима қағаздар, бағалау парақтары




ЖҮРЕКШЕ

Ортасы 20 минут

1. Өткен сабақты пысықтау

«Иә, жоқ» жауаптары арқылы.

Жазда Наурыз мейрамын тойлаймыз ба?

Бұл мейрам мамыр айында ғой?

21-22 наурызда күн мен түн теңеледі ме?

Наурыз мейрамы 22-ақпанда ма?.

Наурызда халық ағаш отырғызып, үйлерін тазалайды ма?

Наурызкөже пісіреді ме?

Наурыз – батыс халықтарының Жаңа жылы ма?

2. Сабақтың тақырыбын анықтау

Қар жауады. Боран соғады. Күн қысқа. Дала аппақ. Күн суық.

Қай мезгіл туралы айтып тұрмын?

Күн жылынады. Қар ериді. Табиғат оянады. Күн ұзарып, түн қысқарады.

Ал бұл қай мезгіл? Демек, бүгінгі сабақта қыс пен көктем туралы айтамыз.

3. Түсіну

М.Мақатаевтың «Наурыз бен ақпан» өлеңін оқытып, мазмұнын түсінеді.

4. Қолдану.

Екі топқа тапсырма. Ақпан мен наурыз айларының іс-әрекетін, сипатын флипчартқа түсіреді. Жұмыстарын қорғайды.

Топтар бірін-бірі бағалайды, максималды 10 балл.

  1. Эстетикасы

  2. Мазмұндылығы

  3. Қорғауы

Дәптерге наурыз бен ақпан айларының негізгі әрекеттерін жазады.
















Оқулық




Флипчарт, маркер

Сергіту сәті

2 минут

«Мен кіммін» ойыны. Оқушы маңдайына өткен тақырыптан бір сөз (түйе, домбыра) жазылады. Оқушылар сол адамға қатысты сөздерді, белгілерді айтады, ал оқушы табады.


Желімқағаз

Аяқталуы

13 минут

5. Синтез

Екі топ «Синквейн» әдісімен Наурыз бен Ақпан айларын суреттейді. Бір оқушы оқиды.


Топ басшысы оқушылардың бағасын айтады.


6. Рефлексия. «Көңіл-күй ағашына» жапсырады

Алма – бәрі түсінікті, қажетті материал.

Жасыл жапырақ - қызықты болды. Қоңыр жапырақ – қызықсыз болды, ештеңе түсінген жоқпын.

Флипчарт, маркер



Рефлексия суреттері


Үйге тапсырма: б 87, 11-тапсырма. Сөздерді жазбаша сәйкестендіру.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
3806
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі