Ашық
сабақ
«Ғарышкер»
Өткізген:Мұхамбеталықызы
Айгерім
Тараз
2024
Сабақтың
тақырыбы: Наурыз жыл
басы
Сабақтың
әдісі: сұрақ-
жауап.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың
мақсаты:
А) халқымыздың әдет –ғұрып ,
салт- дәстүрлеріндегі ұлттық мейрамның ерекшелігі неде екендігін
бала санасына тереңдете түсіндіру.
Ә) Ұлыстың ұлы күні Наурыз
мерекесінің келешек ұрпаққа берер тәрбиесі мен тағылымы жайлы айта
отырып, оқушылардың эстетикалық қызығушылығын
арттыру.
Б) Әрбір оқушы жүрегінде ата –
бабамыздың салт- дәстүрі мен әдет-ғұрпы , тілі мен мәдениетін
қалыптастырып , оны құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: плакаттар, үнтаспа,асық ,
домбыра, карточка, музыкалық аспап , стенд
,кодоскоп
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
-
Үй тапсырмасын
тексеру.
-
Жаңа сабақ
түсіндіру.
-
Жаңа сабақты
бекіту.
-
Үйге
тапсырма.
-
Білімді
бағалау.
-
Сабақты
қорытындылау.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
«Наурыз-думан» әнімен кіргізу.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Отырыңыздар. Сыныпта оқушылар түгел ме, келмей қалғандар бар
ма?
- Иә, балалар , өткен сабақта
қандай тақырып өттік?
- Наурыз туралы
өттік.
- Ендеше жаңа біз кімнің
әнімен кірдік ?
- Талғат Сарыбаевтың « Наурыз
–думан» әнімен кірдік.
- Енді сол әнді бір шумақ
қайырмасын өайталап еске түсірейікші.
- Ән айтпас бұрын не жасауымыз
керек еді?
- Жаттығу
жасаймыз.
Әрине , балалар , тынысты
дұрыс алу , денені тік , бос ұстап , ерін , тіл , көмей , жақ сүйек
жұмыстарын жақсарту жаттығуын жасаймыз.
«М» буынымен ауызды жауып ,
тісті бір- біріне тигізбей ерінді ғана тигізіп легато түрінде
айтамыз.
Енді стаккато түрінде « о- о»
буынмен тез үзіп - үзіп дыбысты дәлме-дәл алып айтамыз.(
наурыз-наурыз бір шумақ қайырмасын
айтқызу)
Осы әнге Ұлыс күніне
байланысты өлең , таппақ не болмаса салып келген суреттерің бар ма?
Кәне , кім не айтады екен?
Балалар өлең, сурет, таппақ
жұмыстарын көрсетеді.( Тәттімбеттің «Көкейтесті» күйін жай ойнатып
қою)
Келді Наурыз Ұлы күн, - деп ,
Наурыздың 21-нен 22 –не қараған түні сағат 3-те күн мен түннің
теңелуін қарсы аламыз. Наурыз парсы тілінде « Жаңа күн» деген
ұғымды білдірсе , сол жаңа күннің аты – Ұлыс. «Ұлыс күні қазан
толса , ол жылы ақ мол болады . Ұлы кісіден бата бата алса , сонда
олжалы , жолы болар» - деген мақал осының
айғағы.
Олай болса, «Наурыз» ауылы мен
«Думан» ауылын өнер – білім сайысына шақырайық. Кәне , мына
қоржындағы нөмірлі асықтарды алуға асығайық. Кімге қандай нөмірлі
асықтар түсті ( аққу белгісіндегі плакатын
ілу)
-
Музыкадағы әр түрлі дыбыс
ұзақтықтарының белгілі мерзімде алма –кезек ауысып отыруын не
дейміз? А) ырғақ, ә) жылдамдық, б)
суырыпсалма.
-
Сыр бойында қандай әншілік
мектеп бар?
-
Ұлыс күні қандай ұлттық
ойындар ойналады?
-
Абылай ханға кеңесші болған
кім?
-
«Домбырасыз сән қайда» кімнің
әні?
а) И.Нүсіпбаев, ә) А.
Қоразбаев, б) Б. Ғизатов
6. Айтыс дегеніміз
не?
7. Тәттімбеттің «Көкейтестісі»
күйдің қай түріне жатады?
А) төкпе, ә) шертпе; б)
аңыз;
- Балалар, өлең, жыр, терме,
толғауға қанат бітіріп өнер көгінде самғау үшін не жетпей
тұр?
-Ән мен
күй.
- Әрине , балалар, ән мен
күйдің құдіреті де сонда. Ондай болса, ойнай білмеген ойлай да
білмейді демекші , мақал-мәтел, жұмбақ , жаңылтпаш сайысын
бастайық.
Мақал
сайысы:
-
«Ұлыс күні алдыңа келсе,
атаңның құнын кеш.»
-
«Сиырды теппейді , ақты
төкпейді».
-
«Қоныс көркі –там , дастархан
көркі – нан».
-
«Санаңды тәлімге бұр,
құлағыңды нақылға бұр».
-
« Ақ бидайдың қадірін,
ашыққанда білерсің».
-
«Түйе ботасымен жарысты, тамақ
батасымен жарасты».
-
« Атаңнан мал қалғанша , тал
қалсын»
Жұмбақ
сайысы:
-
Түгел айтсақ не барын, төрт
құлақта бір қарын.( қазан)
-
Судан шығады, судан қорқады
(тұз)
-
Алма дерсің , түсіне қарап ,
жүгері дерсің, ішіне қарап. ( анар)
-
Ұзын мұртты сарылар, қырман
толы дәні бар.(бидай)
-
Сөзі дана үні жоқ, сөйлемейді
тілі жоқ. Қолыңа алсаң шешен, ақылы асқан көсем.
(кітап)
-
Тоғыз белбеу ,қос жібек ,екі
мұрын , бір шүмек. (домбыра)
-
Дәмді- дәмді тағамдарды
жинайды, қонақтарды көңілдене сыйлайды. (
дастархан)
Ұлыстың ұлы күнінде,
Сайрамай қалай қалайын. Жаңарып, жаңғырып, Жаны түлеген даланың
Ұлыстың –ұлы күнін Жыл басы деп
санаймыз.
Қорытынды : Елбасы Н.Ә.
Назарбаев ағамыздың айтқанындай : « Қазақтың ұлттық мемлекетінің
жолында жан теріңді аямай еңбек ет, жердің де, елдің де иесі өзің
екеніңді ұмытпа» -дей келе , бүгінгі сабағымызды
қорытындылаймыз.
Бағалау: оқушылардың жинаған
фигураларына бал қою арқылы бағалау.
Үйге
тапсырма: әнді жаттап, әнге байланысты
сурет салып келу.