қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі Оразова Гүлбану
Әбілқасымқызы
5-сынып
Сабақтың
тақырыбы: Наурыз
мерекелері
Сабақтың
мақсаты:
І.
Білімділік:
Оқушылардың көктем, наурыз
мерекелері туралы білімдерін кеңейте отырып, мәтін мазмұнын,
мерекенің аталып өтілуі жайында мағлұматты кеңінен меңгеруге, мәтін
мазмұны бойынша сұрақтар, диалог құрастыра алуға, шағын әңгіме жаза
алуларына мүмкіндік жасау;
ІІ.
Дамытушылық:
Оқушылардың тақырыпқа
байланысты сөздік қорын молайтуға, сөйлеу дағдыларын, тыңдай алу,
есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін арттыруға жағдай
туғызу;
ІІІ.
Тәрбиелік:
Оқушыларды қазақ халқының
ұлттық мерекелеріне құрметпен қарауға
тәрбиелеу;
4. Сабақтың
типі: жаңа білім беру
сабағы;
5. Сабақтың
түрі: аралас
сабақ;
6. Сабақтың әдіс –
тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, жеке,
топтық, ұжымдық жұмыс;
7. Сабақтың
көрнекіліктері: «Наурыз мерекелері», ұлттық
ойын түрлерінің суреттері;
8. Пәнаралық
байланыс: орыс тілі, қазақ
әдебиеті;
САБАҚТЫҢ
БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
А) Амандасу: - Сәлеметсіңдер
ме, оқушылар?!
- Көңіл-күйлерің
қалай?
Ә) Сыныпты түгендеу: - Бүгін
сабақта бәрі түгел ме?
Б) – Бүгін аптаның қай
күні?
- Ауа райы қандай?
- Қазір қай
сабақ?
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру:
- Үйге қандай тапсырма
берілді?
(3-тапсырма, 142-бет, берілген
сөздерден сөз тіркесін құрап келу);
ІІІ. Жаңа
тақырып:
1. Жаңа сабаққа
кіріспе:
А) Бір жылда неше мезгіл
бар?
Ә) Қазір қай
мезгіл?
Б) Көктемде ауа райы
қандай?
В) Көктем айларын
ата.
Г) Қазір қай
ай?
Д) Наурызда қандай мейрамдар
бар?
Е) Бұл мерекелерді қай күні
тойлаймыз?
Демек, біздің бүгінгі сабақ
қалай аталады?
2. Сабаққа деген
қызығушылығын ояту:
Тақтаға екі оқушы шақырылып,
берілген парақшаларға бұл күндері не істейтіндерін
жазады.
«Наурыз»
мейрамы
Халықаралық әйелдер
күні
Сыныптағы оқушыларды түрлі
түсті қағаздарды таңдау арқылы үш топқа бөліп
алу.
IV. Мәтінмен
жұмыс:
«Наурыз»
мерекесі.
Наурыз – көне мейрам. Наурыз –
Шығыс халықтарының ұлттық мейрамы. Наурыз мейрамы Иранда
21-наурызда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және Қазақстанда
22-наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21-наурыз күні аталып
өтіледі.
Наурыз - қазақ халқында жаңа
айдың, жаңа күннің басталатын күні.
Сондықтан бұл күні
«Наурызкөже» жасайды. Оған тары, арпа, бидай, су, тұз, ет, айран
қосады. Дастарханға қазы, ірімшік, құрт, май
қояды.
Наурыз күні ұлттық ойындар
ойналады.
А) Сөздікпен жұмыс: көне –
древний;
Шығыс халықтарының – Восточных
стран;
басталатын күні – день
начинаний;
аталып өтіледі –
празднуется;
Ә) Мәтінді оқытып,
аударту;
Б) Мәтін мазмұны бойынша әр
топқа берілетін тапсырмалар:
1- топ: мәтін мазмұнына
қатысты бес сұрақ құрастыру;
2- топ: мәтін мазмұны бойынша
диалог құрастыру;
3-топ: мәтіннен үстеуді теріп
жазу, «Наурыз мерекелері» жайында шағын әңгіме
жазу;
V. Оқулықпен
жұмыс:
141- бет, 3- тапсырма.
Сөздерді тиісті орнына қойып сөйлемдер
құрастыру;
VI. Сабақты
бекіту:
Әр топтан бір- бір оқушыдан
шығып кеспе қағаздардағы мынадай сұрақтарға жауап
береді:
1. Үстеу дегеніміз
не?
2. Үстеудің түрлерін
ата.
3. Үстеу қандай сұрақтарға
жауап береді?
4. Көктемде басқа қандай
мерекелер болады?
5. Ұлттық ойын түрлерін
ата.
6. Наурызкөжеге не
қосады?
VIІ. Үйге
тапсырма:
2-тапсырма, 140-бет, диалогті
жаттап, үстеулерді теріп жазып, түрін
ажырату;
VIIІ. Рефлексия
кезеңі:
Сабақ жайындағы ойларын
берілген смайлик қиындылары арқылы
көрсетеді.